WEB — БЕТТЕРДІ HTML ТІЛІ НЕГІЗІНДЕ ??РУ


WEB - БЕТТЕРДІ HTML ТІЛІ НЕГІЗІНДЕ ҚҰРУ
Каменова Ш.К., Хасенова А.А., Төлеутаева Ұ. Қ.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қарағанды, Қазақстан
E-mail: Kamenova74@mail.ru
Елбасымыздың “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” жолдауында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтеді. Сонымен қатар қазіргі уақытта оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық тахнологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделген. Осы айтылғандардың шынымен қажет екендігін бүгінгі таңда компьютердік дизайн, WEB – дизайн, жүйелік бағдарламалаушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болатыны растайды.
Қазіргі замандағы Web сайт – дүниенің кішкентай моделі. Осы күндері Web сайт құру технологиясын меңгеріп алған адамдар саны көбейіп келеді. Себебі, әлемнің көпшілігі тұтынады, қажет етеді сонымен қатар пайдалы. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарды, жаңа дүниелерді, білім жаңалықтарын таратудың ең жеңіл, әрі тиімді әдісі- Интернетте жариялау.
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-құжаттарының бір ортақ қасиеті-олардың басым көпшілігі HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-құжаттарды жасау программалауға ұқсас болғанымен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML – гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.
Webпарақтар HTML (HyperTextMarkupLanguage – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды HTML серверлерінде орналастыру жолымен Web–парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интернетте жарияланады. Web–парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар әр түрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі *.htm немесе *.html болып келеді.
Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor-зәкір) орналасқан мәтін.
Web-құжат дегеніміз тегтермен толықтырылған мәтіндік файл болып табылады,оның мәтіндерін бір-бірімен байланыстыра отырып белгілеуге мүмкіндік беретін HTML тілі.
Енді Web беттер қалай жүзеге асырылатынына тоқталайық. Әлемдік желінің барлық мәліметтерінің, яғни барлық Web парақтарының бір ортақ қасиеті-олардың барлығы да HTML тілінде жазылғандығы. HTML тілінде Web парақтар жасау бағдарламалауға ұқсас болғанымен, ол қарапайым бағдарламалау тілі емес. HTML- гипермәтінді белгілеу тілі. Бұл дегеніміз- қарапайым мәтіндерді Web парақтар түрінде бейнелеу, сонымен қатар басқа көптеген HTML - редакторларда пайдалануға болады (Corel Web Desinger, Frontpage, Microsoft Word). HTML алғашында, ғылыми және техникалық документацияларды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде жасалған болатын, кейін HTML тілі көмегімен құжаттарды оңай және тез жасауға болады. Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. Бейнематериалдық қасиеттер кейіннен қосылған. HTML тегі дегенді түсіну үшін төмендегі бұрышты жақшаның ішінде орналасқан бір немесе бірнеше әріптерден тұратын сөздер "тег" дегенді сипаттайтынын алдымен білу қажет. Бұл тегтарды блокнотта жазамыз.
Қорыта айтатын болсақ, жоғарыда айтылған мәліметтер және оларды тиімді әдістерді пайдалана отырып мәселеге ғылыми көзқараспен қарағанда ғана ақпараттық жүйелер саласының мазмұнын, оқыту әдістемесін түсіне, ұғына аламыз. Қоғамымыздың қазіргі даму қарқыны елімізде барлық салаға түбегейлі өзгерістер енгізуді, техниканы және компьютерлік технологияларды қолдануды қажет етеді, бұл өзгерістерді енгізуден маманның кәсіби дайындығының жоғары болуы талап етіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:Фримен Эрик, Фримен Элизабет. Изучаем HTML, XHTML и CSS = Head First HTML with CSS & XHTML. - 1-е изд. - М.: «Питер», 2010. - С. 656. - HYPERLINK "https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BB%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%B1%D0%BD%D0%B0%D1%8F:%D0%98%D1%81%D1%82%D0%BE%D1%87%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B8_%D0%BA%D0%BD%D0%B8%D0%B3/9785498071138%7CISBN" \t "_blank"978-5-49807-113-8.
Оригинальное название: “HTML5: Pocket Reference Пятое издание” Автор: Дженнифер Роббинс Издательство: М.: Вильямс Год: 2015. - С. 869.