Баяндама: Мектепалды даярлы? сыныбында?ы т?рбие ж?мысыны? негізгі ба?ыттары


Мектепалды даярлық сыныбындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
Ойлану – ең ізгі жол,
Еліктеу – ең жеңіл жол,
Тәжірибе жолы – ең ауыр жол. Бенедикт Спиноза
Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселесінің өрісі кеңейіп келеді. Балаларға берілетін білім мазмұнын игерту және оларды тұлғалық жағынан үйлесімді қалыптастыру басты бағыттардың бірі ретінде танылып отыр. Әсіресе мектепалды даярлық тобындағы балаларды оқу-іс әрекетін меңгеруге даярлау ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы құжатта көрсетілгендей, мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5-6 жасар балалардың дене дамуы мен психикалық саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздері, іскерлік пен дағдылардың алғышарттарын қалай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.
5-6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасында, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады.
Дүние жүзілік тәрбие балаларды алты жастан бастап оқытудың пайдалы екенін растады және алты жастағы балаларға тән білуге құмарлығы белгілі жүйемен қанағаттанып және олардың дамуы қарқынды түрде жүре бастайды. Жаңа зерттеулерде, бала бес-алты жаста болатын интеллектуалдық деңгейдің 2\3 бөлігіне жететіндігін дәлелдеді.
Негізгі бөлім
Баланың мектепке дейінгі тәрбиесі қай кезде болмасын педагогтар мен психологтар қауымы бала өмірінің жаңа бастауы ретінде оның әлеуметтік ортаға бейімделуі деп қарастырады. Бұл мәселені шешуде үлкен үлес қосқан психологтар Л.И. Божович, А.В. Запорожец, А.Н. Леонтьев, М.И. Лисина, Д.Б. Эльконин т.б., ал қазақ психологиясында да бұл мәселе бүгінгі күні жан-жақты қаралып жатыр деуге болады, атап айтатын болсақ, Алдамұратов Ә.Ж., Жақыпов С.М., Намазбаева Ж.И., Шерьзданова Х.Т., Рахымбеков Ғ.Р., Айдарханова Б.Қ., Бердібаева С.Қ.
Мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жөнінде ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеулер Б.Б Баймұратова, А. Меңжанова, М.с. Сәтімбекова, М.Т. Тұрыскелдина, Ә. Әмірова, Ә.М. Мұханбетжанова, А.Е. Манкеш, А.Е. Меңдаяқова Ф.Н. Жұмабекова, т.б., мектепке дейінгі білім беру теориясы және әдістемесі Г.З. Таубаева, К.М. Метербаева, Ш Сапарбайқызы, А.Қ. Мұханбетчина т.б. еңбектерінде зерттелінген.
Қазақстандық педагогтар мен психологтар еңбектеріне талдау жасай отырып, мектепалды даярлықта балалардың ақыл-ой белсенділіктері, баланың оқуға құштарлығы, әртүрлі нәрселерді тез түсінуі, кез-келген нәрсені әп-сәтте қабылдап алатыны, олардың мінезін қалыптастыруда педагогтардың үнемі бақылау, мадақтау, әдістерін дұрыс қолданып отыруын, төзімділік, табандылық, шешімділік, т.б. қасиеттердің ойын іс-әрекеті үстінде белсенді дамитыны, әрі жетіле түсетіндігі ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда дәлелденгендігіне көз жеткіздік.
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті блім беру стандартының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімі бес білім беру саласын қамтыды және мектепте білім алуға бағытталған баланың әлеуеттік мүмкіндігін ашуды көздеді.
Әр саланың мазмұны төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған: денсаулық сақтау; коммуникативтік-тілдік; танымдық; шығармашылық; әлеуметтік.
Бағдарламаның мазмұнын іске асыру – белгілі бір мақсатқа бағытталған, бір-бірімен тығыз байланысты дербес бөлімдерден тұратын білім беру салаларының жұмысын жүргізу болып табылады.
«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.
«Қатынас» білім беру саласыында байланыстырып сөйлеуін, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік іс-әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.
«Таным» білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын кеңейтіп, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу іс-әрекеттерін меңгеру, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруі, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттерін, мазмұны мен шарттарын айқындап көрсетеді.
«Шығармашылық» білім беру саласында баланың әлемге деген эстетикалық қатынасы мен ұлттық, классикалық және заманауи көркем құралдарының дамуымен бірге қалыптасуы қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен іс-әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың көркемдік қабілеттерін қалыптастырады.
«Әлеуметтік» білім беру саласында – әлеуметтендіруді қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге қажетті балалардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің дамуы ретінде қарастырып, еңбек және білімділік дағдыларын, қағидалар, құндылықтар, салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.
Практикалық бөлім
Біз өз тәжірибемізде стандартқа сәйкес балалардың мәдени дағдылары, білімділігі, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамуы және бірлесіп жұмыс жасау, қоршаған ортаға қамқорлық, бәсекелестік және ынталылық, дербестік пен тәуелсіздік, әлеуметтік ортаға бейімделушілік, ашықтық, икемділік сияқты мінез-құлық негіздерінің қалыптасуына ерекше көңіл бөлдік және оны диагностикалау әдістемелерін жүзеге асырдық.
Мектепалды жастағы балаларды зерттеу үстінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық әдістерді қолдануға болады. Бірақ, кейбіреулері өте күрделі және арнайы бір құралдарды қажет ететіндері де кездеседі. Сондықтан тәжірибеде салыстырмалы жеңіл тесттерді, сауалнамаларды, бақылауды, құжаттарды талдауды және психологиялық-педагогикалық диагностикалық эксперименттер қолданылды.
Біз стандартқа сәйкес тәжірибелік жұмысымызды балалар көркем әдебиетімен танысу, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сауат ашу және жазу негіздері, тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде және қосымша тәрбие жұмыстары бойынша жүргіздік.Оқу материалын балаларға ойын арқылы жеткізіп, оларды жалықтырып алмас үшін дер кезінде сергіту жаттығуларын жасату керек. Сонымен қатар, балалардың жас ерекшелігіне сай, тиімді әдіс-тәсіл қолданылды.
«Тіл дамыту», «Балалар көркем әдебиетімен танысу» ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша балаларға ұсынылатын аталған мазмұнды мәтіндерде жас ерекшелігіне сәйкес таным мүмкіндігі ескеріледі және оқыту мақсаты бала тұлғасын тәрбиелеуге бағытталады. Сонымен бірге, баланың санасына, сезіміне, мінез-құлқына әсер етудің бірлігі қарастырылады. Мәтіндердің мазмұнында қабылданған, мойындалатын құндылықтарға тікелей баға беріледі, эмоциялық қабылдауды белсендіретін, құндылыққа сендіруді көздейтін және қарама-қайшылық арқылы құндылықтарды көрсететін тұстары мол болады.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың құзіреттілігін қалыптастыруда зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Көптеген зерттеулер балалардың көзқарасын кеңейтуде және қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуда математика пәнінің алатын орны ерекше. Оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Зерттеу балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әртүрлі математикалық логикалық есептер, сөзжұмбақтар, математикалықтребустар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар.
«Сауат ашу» пәні – мектепалды даярлық балаларына ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Сауат ашу, қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі.
«Сауат ашу» пәнінің басты мақсаты – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгіштік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау. Сауат ашу және жазу негіздері: мектепалды даярлық балаларын оқу іс-әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындауға; мектепалды даярлық балаларының тілін дамыту жұмыстарын сауат ашу кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыруға; сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету; алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту; оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыруға; оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіруге; оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамытуға; қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Мектепалды жасындағы балаларда интелектуалдық операцияларының қалыптасуында баланың алмасу көзқарасының ролін анықтады және сынып құрамындағы оқыту барысындағы қатынас жүйесінің әлеуметтік құрамында болды. Мектепке дейінгі балалар ойлауының дамуы үшін бұл тәсіл ең қолайлы тәсіл болып табылады.
Қорытынды
Жалпы айтқанда, осындай жағдайларға байланысты мектепалды даярлықтағы балалардың бойындағы оқушы болу ықыласын, маңызды әрекеттерді орындауын, оқуды бала ерік-жігер қасиетінің дамуының жеткілікті дәрежесін, кейбір арнайы білімдер мен дағдыларды игеруді және оқып, жаза білуін, санауды, математикалық есептерді шығаруды, баланың таным әрекеттерінің және танымдық қызығушылығының даму дәрежесін, сонымен бірге ойлау қабілеттері, мектептегі оқуға ұсынылған жоғарғы талаптарға сай болуын, сөйлеудің дамуын, айналасындағыларға байланыстырып, жүйелендіріп және түсінікті етіп, заттарды, суреттерді, оқиғаларды және т.б. игеріп алу ептілігін, баланың жалпы әрекетке кірісуін, сынып ұжымына үйренуін және сыныпта өз орнын таба алатын баланың жеке басының қасиеттерін жүріс-тұрысының әлеуметтік мотивтерін, жүріс-тұрысын игеру ережелерін және т.б. жатқыза аламыз.