?ыс?аша к?бейту формулаларын ?айталау (7 сынып)


Тақырыбы:Қысқаша көбейту формулаларын қайталау.
Сабақтың мақсаты:Тақырып бойынша алған білімдерін қолдана білу біліктерін жетілдіру.
Сабақтың міндеттері:
1.Қысқаша көбейту формулаларын есептеулерде қолдана білу біліктерін қалыптастыру.
2.Логикалық пайымдауды жетілдіру,білугетиісті міндетті деңгейдегі есетерді шығару іскерліктерін дамыту,алған білімді практикада орынды қолдана білуге үйрету.
3.Есеп шешімін іздеуге,қиыншылықты жеңіуге , тапқырлыққа,эстетикалық тәрбиеге баулу.
Көрнекіліктер: интер белсенді тақта, плакат,кеспе қағаздар.
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ
Сабақ әдісі:Әр түрлі есептер шығару,жартылай ізденгіштік,сұрақ-жауап,т.б.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
№415
792-352=(79-35)(792+79 ∙35+352): 44
№416.
2)(3х+уz)(9x2-3xyz+y2z2)=27x3+y3z3
3)(2а - -в2)(4а2+ав+в24)=8а3-в384)(Х4+У5)(Х216-ХУ20+У225)=Х364+У3125№417.
2)3ах3-3ау3=3а(х-у)(х2+ху+у2)
3)12ав3-12ау3=12а(в-у)(в2+ву+у2)
4)а6в3+27=(а2в+3)(а4в2- 3а2в+9)
5)1-р9=(1-р3)(1+р3+р6)
6)64х3у6+343а3=(4ху2+7а)(16х2у4-28аху2+49а2)
№418.
1)(а+в)3-(а-в)3=2в(3а2+в2)
3)(2mn-1)3+1=2mn(4m2n2-6mn+3)
4)(3а-2в)3+8в3=9а(3а2-6ав+4в2)
3.Сайыс кезеңі.Сынып оқушыларын екі топқа бөлемін.
1-кезең. «Формуланы жазып шығыңдар» (3 минут) Оқушылар алдарындағы параққа қысқаша көбейту формулаларын жазып шығу керек.Қатесіз жазса 7 ұпай.Төмен баға 0 ұпай.
2-кезең.Көп нүктелердің орнына ,тепе-теңдік шығатындай етіп бір мүшелерді қойыңдар.
(. . .+2)2=. . . +12х +4
(2а - . ..)2=4а2- . . . +49в2
(. . . +5х3)3= . . . +15а8х3+. . . +. . .
(. . . +2в2)2=9а4+ . . . +4в4
(15а+ . . .)2= . . . +12ав3+0,16в6
Сергіру кезеңі.Оқушыларға айырмашылықтарын табуға суреттер беріледі.
3-кезең.Топ басшылары орындайды.
1)6(х+1)2+2(х-1)(х2+х+1) -2(х+1)3=32 2)5х(х-3)2-5(х-1)3 +15(х+2)(х-2)=5
6х=30 30х= -60
х=5 х=-2
4-кезең.Кеспе қағаздардан тапсырмалар таңдап алып орындайды.
(х+2у)2=х2+4ху+4у2 2. х2-49=(х-7)(х+7)
3.64+27у3=(4+3у)(16+12у+9у2) 4.(с-у)3=с3-3с2у+3су2-у3
5.125-8х3=(5-2х)(25+10х+4х2) 6.у2-25=(у-5)(у+5)
4.Сабақты қорытындылау.Жеңімпаз топты марапаттаймын.Түсініктеме беріп бағалаймын.Үйге тапсырма: №419-421
1)(х+2у)2= 2) х2-49=
3) 64+27у3= 4)(с-у)3=
5)125-8х3= 6)у2-25=