Конспект занятия в детском саду по казахскому языку на тему ?андай?


Қандай?
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырлған оқу іс - әрекетінің түрі: «Қазақ тілі».
Мақсаты: балаларға түс атауларын (қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр) үйрету. Олакрды басқа сөздермен байланысытра қолдану дағдыларын қалыптастыру. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту.
Қолданылатын көрнекті құралдар: қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр түсті ойыншықтар, заттар.
Қажетті құрал – жабдықтар: жұмыс дәптері, үлестірмелі материал, түрлі – түсті қарындаштар.
Әдіс – тәсілдері: түсіндірме, сұрақ- жауап, ойын, практикалық.
Іс - әрекет кезеңдері Педагогтың іс -әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Педагог топтағы балардың түс атауларымен (қызыл, жасыл, қоңыр) таныстыру үшін алдын ала дайындалған ойыншықтарды/ заттарды көрсете отырып түстерін атау арқылы (мұнда заттардың атын атау міндетті емес) қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр сөздерімен таныстырады. Балаларға хормен және жеке- жеке қайталатады. Балалар педагогтың соңынан түс атауларын қайталайды.
Ұйымдастыру-шылық ізденістік Педагог балалардың жұмыс дәптердегі «Қандай?» тақырыбына арналған оқу іс - әрекетінің түсімен таныстырады. 1- тапсырмадағы сурет бойынша қыздың қолындағы шарлардың түсін қайталайды. «Қандай шар?» деген сұраққа «қызыл шар, жасыл шар, сары шар, көк шар, қоңыр шар» деп жауап бере алуға үйренеді.
Педагог балаларға 2- тапсырмадағы шарларды қандай түске бояу керек екенін айтқызады (әр шардың шеті белгілі бір түске боялған). Содан кейін осы түстерге бояту арқылы түс атауларын қайталатады.
Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындату арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамтуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамтуға ерекше көңіл бөлінеді. Топтағы балалар «Қандай шар?» деген сұраққа «қызыл шар, жасыл шар, сары шар, көк шар, қоңыр шар», - деп жауап береді.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық- түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі оқу іс - әрекеті барысынан алған әсерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалыд еске түсіріп, хормен қайталатады. Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Заттардың түсіне қарай атай алуды меңгерді.
Игерді: түс атауларын (қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр) үйренеді.