Ж?ннен жасанды гул жасау та?ырыбында?ы саба? жоспары


Қожбанбет би атындағы орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Иркитбаев Т.Н.
Сыныбы 3 Сабақтың тақырыбы Жүннен жасалған «Гүл» алқасы
Мақсаты
Нәтижесі Оқушыларға жүннен жасалатын бұйымдарды үйрету арқылы  салт – дәстүрімізді құрметтеуге, ата бабамыздың бізге қалдырған бай мұрасын дамытуға тәрбиелеу
Оқушылар жүннен «Гүл» жасауды үйренеді.
Психологиялық ахуал «Шаттық шеңбері» «Жақсы қыз –жағадағы құндыз,жақсы ұл- аспандағы жұлдыз.» демекші бір бірімізге жақсы лебіздер айтып,қуаныш сыйлайық. .
Ой қозғау Жүн қайдан алынады?
2.Апаларыңның жүннен жасаған заттарын көрдіңдер ме?
3.Қандай заттар жасады?
4Сенде жүннен жасалған қандай зат бар? Балалар ойланып сұрақтарға жауап береді.
Мағынаны тану Шығармашылықпен жұмыс.
Ата- бабаларымыз жүннен күнделікті тіршілікке қажетті бұйымдардың бәрін жасаған. Олар мықты,шыдамды,денсаулыққа пайдалы болған.Біз де олар қалдырған мұраны үлгі тұтып,жүннен «Гүл» жасап үйренейік.
Жұмыстың орындалу реті:
1) Сабынды су дайындау.2)Қызыл түсті жүннен бірдей шүйке дайындау.3)Шүйкені бірден сабынды суға матырып алып,алақанмен домалақтау.4)Дайын болған домалақтарды кептір.5)Бір бірімен жалғап тік.6)Орама жіпті гүлдің астыңғы жағынан біріктіріп тік.
Дайын болған гүлді біреуге сыйласақ бола ма?
Ол үшін оны сәнде.
Сергіту сәті  Біз әдепті баламыз,
Қолды белге қоямыз.
Бір отырып ,бір тұрып,
Біз шынығып аламыз. Сергіту сәтін жасайды
Ой толғаныс Жүннен жасалған бұйымдардың пайдасын айта аласын ба?
Денсаулыққа қандай пайдасы бар деп ойлайсың?
Гүліміз әдемі болды ма?
Осы сұрақтарға байланысты оқушының қорытынды ойы.
Үйге тапсырмаБілезік жасау Күнделіктеріне жазып аладыБағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланысleft0 Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады