Д?нді да?ылдар презентация 11-класс


Тақырыбы: Дәнді дақылдардың сипаты Топқа бөлу(топтық жұмыс) 1- топ Бидай 2- топ Күріш Бағалау Екі жұлдыз, бір ұсыныс.(әр топ бір-бірінің жұмысын өзара бағалайды) Ауыл шаруашылығындағы дәнді-дақылдар пайдалануына қарай Азық- түлік дақылдары Жем- шөп дақылдары Азық-түлік дақылдарының кейбірін жем-шөп және тамақ ретінде пайдаланады (жүгері, арпа, сұлы жармасы). Негізгі астық тұқымдас дақылдар бидай, қара бидай, арпа, сұлы, жүгері, тары, күріш. Тары, күріш, қарақұмық пайдалану түріне қарай жармалық дақыл болып есептелінеді. Дәнді дақыл- адам үшін негізінен нан, өнеркәсіптің көптеген саласына шикізат мал үшін жем. Негізгі дәнді- дақылдарға дәнді астық, бұршақ, қарақұмық жатады.Дәнді дақылдарды екі топқа бөледі: 1.Астық тобы(қарапайым астық)-Бидай, қара бидай, арпа, сұлы. 2.Астық тобы( тары тұқымдас астық)- жүгері, тары, күріш. Дәнді дақылдарды топтастыру Дәнді- дақылдар: күздік және ерте, әрі кеш пісетін жаздық дақылдар болып бөлінеді. Күздік дақылдар- бидай, қара бидай, арпа.Ерте пісетін жаздық дақылдар- бидай, қара бидай, арпа, сұлы сорттары. Кеш пісетін жаздық дақылдар- тары, жүгері, күріш. Бұлар суыққа төзімсіз, тұқымы көктеу үшін жылылық керек.Сондықтан оларды ерте пісетін жаздық дақылдардан кешірек себеді. Оқулықпен жұмысДәптермен жұмыс Ақ күріштің атасы- Ыбырай Жақаев Ыбырай Жақаев- екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1949, 1971), күріш өсіруші, социалистік егін шаруашылығының даңқты шебері, колхоз құрылысының ардагері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1946). 1891 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қызылту ауылында туған.Еңбек жолы[1929-1967 жылға дейін "Қызылту" (қазіргі Ы.Жақаев атындағы) колхозында күріш звеносының жетекшісі болып еңбек етті.Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) Отан қорғау қорына арнап танк колоннасын жасауға 150 мың сом қаржы берді.1944 жылы күріштің әр гектарынан 110ц, 1945 жылы 156 ц күріш алса, 1947 жылы өзіне бекітіліп берілген тәжірибе учаскесінің (5 га) әр гектарынан 172 ц өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Сарамандық жұмыс(жұптық жұмыс) Шығармашылық жұмыс(оқушыларға жеке жұмыс) Сыр күріші- ел ырысыАрпа, бидай ас екен...Ақ күріштің атасы- Ыбырай Жақаев 125 жаста4.Нан болса- ән де болады Сергіту сәті Ән-көңілдің ажары Пайдалы кеңестер «Арпа» деп аталатын арзан әрі пайдалы дақылдан бас тартпаған жөн. Себебі арпаның құрамында «лизин» деп аталатын амин-қышқылы бар. Бұл терінің тығыздығының тегістігін сақтауға, яғни әжімнің алдын алуға әсер етеді. Сондықтан, ғалымдар арпаны «жастықтың дақылы» деп атайтын көрінеді.Лизиннің бірқатар вирустарға қарсы күресе алатын күші бар және ол жүрек жұмысын қалыпқа келтіруге де көмектеседі. Қазір түрллі аллергиялық аурулардан зардап шегушілердің қатары өте көп. Ал арпаны күнделікті тағам ретінде пайдаланған жағдайда аллергиялық дерттерге ұшыраудан аулақ боласыз.Күріш ежелден бері ағзадағы шлактарды кетіріп, артық салмақтан арылуға көмектесетін әмбебап тағам ретінде қолданылады. Бұрындары Азия елдерінде үлкен сұранысқа ие болған күріш енді Ресейде де үлкен танымалдыққа ие. Алайда, күріш диетасы үшін бұл тағамды жүйелі түрде жеу ғана емес, белгілі бір талаптарды орындау да қажет (егер талаптарды сақтамаған жағдайда, жақсы нәтиженің орнына сырқаттарыңызды асқындырып алуыңыз мүмкін). Қызықты мәліметтер Күріш қолдан б.з.б. 2000-3000 жылдары егіле бастаған. Күріш қазақ халқына өте ұнап, оны қайткенде Қытайдан шығармақшы болыпты, бірақ шашының арасына, киімне тықса да шекарадан өткізе алмапты. Бір шаруа қайтсемде күрішті Қытайдан алып шығамын деп ант беріпті. Сөйтіп шаруа Қытайға барып күріш плантациясында 2 жыл жұмыс істейді. Шаруаның аяғы әбден быт-шыт болып жарылады. Сол аяғының жарылған жеріне күрішті тығып, бетін батпақпен жауып әкелген. Білгім келеді Білдім Білемін БББ кестесі