Ашы? саба? жоспары Та?ырыбы: Сызы?ты? алгоритмді программалау 7 сынып


Жамбыл облысы
Тараз қаласы,№ 39 мектеп-гимназиясы
Информатика пәнінің мұғалімі
Кадырова Светлала Сабитқызы
Пән аты: Информатика
Сынып: 7 «В» Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмді программалау.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: сызықтық бағдарламаның құрылымымен танысу, өткен тақырыптарды қайталай отырып, сызықтық алгоритмді, блок-схемасын, программасын құру дағдысын қалыптастыру;
Дамытушылық: есте сақтау қаблетін дамыту, теориялық білім негізін практикамен ұштастыра білуге үйрету;
Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының алғырлық, зеректік қасиеттерін дамуына жол ашу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, таратпа қағаз, слайд.
Сабақтың типі: Дамытушылық.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдісі: практикум, сұрақ – жауап,тест , қосымша тапсырмалар.Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сұрау.III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV. Практикалық жұмыс.
V. Сабақты бекіту .
VI. Үйге тапсырма.
Оқушылар нені білуі керек:
Сызықтық алгоритмнің не екенін, анықтамасын;
Блок-сызбасының жалпы түрін;
Программасының жалпы түрін;
Сызықтық алгоритмдерге программа құра білуді.
Мұғалім іс-әрекеті:
Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы жаңа материалды меңгеруге мүмкіндік жасау;
Ең нашар оқитын оқушыға дейін осы тақырып бойынша минимум ұпай алуын қамтамасыз ету;
Есепті тексеріп тұру, түзету енгізу;
Оқушыларды мұқият бағалау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушыларды құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабақты
бастау.
ІІ. «Мен нені үйрендім» Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білімдерін бекіту мақсатында сұрақтарға жауап беру.
Алгоритм дегеніміз не? Алгоритм - іс-әрекеттің рет-ретімен орындалуы.
Алгоритмнің қандай түрлері бар? Сызықтық,тармақталған,циклдік.
Алгоритм жазу пішімі қандай?
алг алгоритмнің аты
басы
алгоритм командалары
соңы
71056514224000
Берілген блоктың негізгі әрекеті? Математикалық өрнектерді есептеу.
398716535877500Алгоритмді жазылуы: қарапайым тіл арқылы,түйінді сөздер арқылы,блок-схема арқылы,программалау тілі арқылы.
Мәліметтерді енгізу және шығару блогы қандай?
Программа қандай қызметші сөзден басталады? Program
Алгоритімді компьютер түсінетіндей тілде жазуды не деп атаймыз? Программалау.
ІІІ. «Мағынаны тану» Жаңа сабақты түсіндіру:
Паскаль бағдарламаның тілінде сызықтық программа жасамас бұрын келесі түсініктемеге тоқталайық:
Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок - схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуы – сызықтық алгоритм деп аталады.
Паскаль тілінің программасы 3 бөліктен тұрады:
тақырып жолы Program E1;
сипаттау бөлімі сипаттау бөлімі
операторлар бөлімі begin
операторлар бөлімі
end
342519073342500Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретінде бірінен кейін бірі тізбектей орындалады және (;) арқылы ажыратылып жазылады. Паскаль программалау тілінде
342901333500
Операторлар бөлімін begin және end сөздерімен берілетін операторлық жақша қоршап тұрады. Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады.Сызықтық программа қарапайым операторлардан тұрады.Сызықтық программаны жазу үшін келесі операторлар қолданылады:«:=» - меншіктеу операторы;Read немесе readln –енгізу операторы; Write немесе writeln - шығару операторы.
Есепті шешу үшін алгоритмнің негізгі үш түрін бөліп алуға болады:
Сызықтық алгоритм;
Тармақталған алгоритм;
Циклдік алгоритм.
Сызықтық алгоритмнің Сызықтық алгоритмнің
блок – сызбасының түрі: программасының түрі:
3729990149224Program missal;
Var S, a, b:real;
Begin
Readln(a,b);
S:=a+b;
Writeln(‘s:=’, s);
End.
00Program missal;
Var S, a, b:real;
Begin
Readln(a,b);
S:=a+b;
Writeln(‘s:=’, s);
End.
671830120650Басы
00Басы

118364017081500
51054018415А, В санын енгізу
00А, В санын енгізу

119316534163000
678815189230S=A+B
00S=A+B

119316524638000
32956593979S нәтижесін шығару
00S нәтижесін шығару

10979152603500
516890635Соңы
00Соңы

Мысал есеп: Екі бүтін санның қосындысын (c=а+в) анықтайтын блок-схемасын, алгоритмін, программасын жазыңдар?
Бекіту кезеңі.
«Ойға шабуыл кезеңі» (деңгейлік тапсырмалар орындау)
І деңгей тапсырмалары:
Төмендегі өрнектерді Паскаль тілінде жаз:
а) (a-b)22a ә) x22x+yб) 1+x в) x2x-1
ІІ деңгей тапсырмалары:
Y=x2+3 мәнін есептеудің алгоритмін, блок-сызбасын, программасын құру.
S=a+bh2 Трапецияның ауданын мына формула бойынша есептеудің блок сызбасын және программасын жазу.
ІІІ деңгей тапсырмалары:
Жаяу адам таулы жерде кетіп барады. Оның жазықтағы жылдамдығы U1 км/сағ, өрге шыққандағы жылдамдығы U2 км/сағ, ылдиға түсу жылдамдығы U3 км/сағ. Қозғалыс уақыты сәйкесінше t1, t2, t3 сағ. Жаяу адам қанша жол жүрді?
2.Сергіту сәті (логикалық сұрақтарға жауап беру)
1.Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? (4)
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (3 стакан)
3.Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15 км/сағ)
4.Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (жоғары)
5.Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? (шырпы)
6.Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? (8)
3. «Білгенімді дамыту» (тест тапсырмаларын орындау):
1. Алгоритм дегеніміз - ...
а) командалардың кез-келген ретсіз тізбегі
б) блоктар мен сызбалар түріндегі арнайы құрылым
в) нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін
түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті
г) компьютерде ғана орындауға арналған машиналық тілдегі нұсқаулар
2. Алгоритмнің жалпы сипаттамасы - ...
а) алгоритм атқарушылары
б) блок – сызбалар
в) командалар жүйесі
г) алгоритм қасиеттері деп аталады
3. Алгоритмнің әрбір ережесі анық, мағыналы болу қасиеті?
а) алгоритмнің дискреттілік қасиеті
б) алгоритмнің анықтылық қасиеті
в) алгоритмнің нәтижелілік қасиеті
г) алгоритмнің түсініктілік қасиеті
4. Алгоритмнің қандай да бір алгоритмді түрлі бастапқы мәліметтермен бірнеше
рет қолдануға болатын қасиеті
а) алгоритмнің жалпылық қасиеті
б) алгоритмнің анықтылық қасиеті
в) алгоритмнің нәтижелілік қасиеті
г) алгоритмнің түсініктілік қасиеті
5. Алгоритмнің графикалық түрде жазылуы қалай аталады?
а) программа
б) блок-схема
в) сөздік
г) кестелік
6. «Басы» сөзі жазылған эллипс нені белгілеуде қолданылады?
а) алгоритмнің басын
б) әрекеттерді орындау үдерісін
в) мәліметтерді енгізу мен шығаруды
г) алгоритмнің соңын
7. Тіктөртбұрыш нені білдіреді?
а) алгоритмнің басын
б) әрекеттерді орындау үдерісін
в) мәліметтерді енгізу мен шығаруды
г) алгоритмнің соңын
8. Командалары бірінен соң бірі орындалатын алгоритм?
а) тармақталған
ә) циклдік
б) сызықтық
в) дұрыс нұсқасы жоқ
Ү. Үйге тапсырма беру: §3.3 тақырыпты оқу. Y=(AX+B)-С өрнегінің алгоритмін, блок-схемасын, программасын құрып келу.
Бағалау критериясын қолдану.Рефлексия : «БББ» әдісі бойынша сабақты аяқтамын.