Экология негіздері. ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеттіні? технологиялы? картасы К?ктем келді


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық
картасы
Білім беру
саласы «Таным»
Бөлімі Экология негіздері
Тақырыбы Көктем келді
Мақсаты Көктемде табиғаттың біртіндеп оянатыны туралы түсінік беру; көктемдегі жануарлар тіршілігі мен ауа райындағы өзгешіліктер туралы білімдерін толықтыру.
Көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейтуді жалғастыру.
Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер Хат,құстар мен көктемгі табиғат суреттері салынған таратпа суреттер.
Билингвалды компонент Көктем-весна,табиғат- природа, хат-письмо, құстар- птицы
Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Балаларға өздерін кімнің қонаққа шақырғанын білу үшін жұмбақ шешуді ұсынады.
Жұмбақ жасыру.
Аспандағы сары доп,
Жарқырайды жарық боп.
(Күн) Тәрбиешіні тындап, жұмбақты шешеді.
Ұйымдастыру -іздестіру
Күн ұзарып,қар еріп,
Су сайларға толады.
Айтындаршы, бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
(Көктем)
«Шатаспақ»дидактикалық ойыны
Тақтаға қыс пен көктем мезгілдері бейнеленген суреттерді іледі.
-Күннің көзі бізге сурет тастап кетіпті Бірақ суретші бәрін шатастарып тастапты, балалар көмектесіңдерші, қандай сурет екенін табайық.
Сергіту сәті
Күннің көзін қысқаштан жасатады, саусақтарымен тарының үстіне суретін салғызады.
-Міне, біздің топ жақырап кетті.Күн де нұрын төкті,қане, біз Күннің көзіне бетімізде қойып, қолымызды созайық, алақанымызды жылытайық.
«Жұмбағымды шеш» дидактикалық ойыны
-Күннің көзі сандық әкеліпті,не бар екен ашайық.
Жұмбақ шешеміз.
Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Алақанын сорады,
Балды жақсы көреді. (Аю)
Ешбір бұйым тікпеген,
Үсті толған жүз ине. (Кірпі)
Үстіндегі көйлегі
Түрлі түсті не керек.
Гүлден ұшып,гүлге қонады.
Мұның аты не? (Көбелек)
«Затты ата»дидактикалық ойыны
Балаларға суреттен көктем мезгілінің белгілерін (күннің көзі, жылғалардан сулар ақты, ағаштар бүршік атты, жасыл шөп,бәйшешек, қараторғай, аю, кірпі, жәндіктер,т.б) тауып көрсетуді тапсыра- ды.
«Кім жылдам»дидактикалық ойыны
Фланель тақтаға араластырып қойылған үй жануарларымен олардың төлдерінің суреттерін тауып, екеуін бір жерге қою керектігін түсіндіреді.
«Жақсы -жаман»дидактикалық ойыны
Көктем келгенде не істеуге болып,не істеуге болмайтынын сұрайды. Әрекеттерді атайды, жақсы болса қол соғып,жаман болса тыныш отыруды тапсырады. Жұмбақ өлеңді шешеді.
Суреттердің ішінен көктем мезгіліне қатысы жоқ суреттерді (аққала, шаңғы, қар ұлпалары ,Аяз ата,Қарша қыз тон) алып тастайды.
Күннің суретін тары- ның үстіне саусақтар -ымен салады,қысқаш- тан жасайды.
Тәрбиеші көрсеткен қимылдарды жасайды.
Сурет бойынша, жұмбақтарды шешеді.
Жұмбақтарды шешеді. Сандықтан сол заттарды алып шығады.
Суреттен көктем мезгілінің белгілерін тауып, атайды.
Үй жануарларының төлдерін тауып, топтастырады.
Жақсы қасиет болса, қолдарын шапалақтайды, жаман қасиет болса, тыныш отырады.
Рефлексивті- түзетушілік Шеңбер бойымен тұрып ,«Мен өзімді мақтаймын,себебі ...»ойынымен балаларға өз әрекеттерін бағалатады.
Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды. Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек көктем ерекшеліктерін атап,ажырата білуі.
Нені игереді үй жануарларының тіршілігін анықтау, салыстыру, жұмыстарын
Нені біледі көктемде табиғаттың біртіндеп оянатынын