Ашы? саба? п?ні д?ниетану Жануарларды? к?пт?рлілігі. Ж?ндіктер


Дүниетану 3 сыныпСабақтың тақырыбы: Жануарлардың көптүрлілігі. ЖәндіктерБарысы:Сабақтың мақсаты:Дамытушылығы: Оқушыларды жануарлар әлемінің алуан түрлерімен таныстыру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету.Білімділігі: Оқушылардың алған білімдері бойынша түйін сөзді таба білуге, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілетін арттыру.Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғаттың жанашыры болып табиғатты қорғауға өз үлесін қосуына тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: СТО әдістері.Сабақтың түрі: Жаңа сабақКөрнекілігі: электронды оқулық, суреттер, плакаттар, тест жинақтарыІ. Ұйымдастыру жұмысы.Сабаққа әзірлік. Психологиялық дайындық
Табиғат алтын мекен,
Өсімдік пен жануар, Адамға да.
Бір – бірінсіз тіршілік жоқ,
Оны байқа!
Адамдар мейірімді бол,
Қорғауға ал,
Тілі жоқ өсімдік пен жануарды!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж» тақырыбы бойынша түсінгендері сұралады.Үй тапсырмасын тест арқылы бекіту.1. Біздің елімізде өсімдіктің:а) 6000 түріә) 40 түріб) 25000 түрів) 600 түрі2. Әр өсімдікке:а) ұзын тамырә) құрлық және ыстық климатб) ылғалды топырақв) белгілі орта қажет3. Өсімдік топтары деп:а) жылу мен ылғалдың таралуын;ә) топталып өсуге қажетті қолайлы жағдай;б) 140 - қа жуық өсімдік түрі;в) жарық, құнарлы топырақ, қоңыржай жылы ауа.4. Мәдени өсімдіктер:а) адамның қатынасынсыз өсе алмайды;ә) өздігінен өседі;б) сырт көмекті қажет етпейді;в) өсу тіршілігін тоқтатады.5. Сирек және құрып кетер қаупі бар өсімдіктер:а) конституцияға;ә) тіл жөніндегі заңға;б) «Дүниетану» оқулығына;в) Қызыл кітапқа енген.IV. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау:
Сөзжұмбақ шешу1. Қандай жануар кісінейді?
2. Аң патшасы
3. Ең қорқақ жануар
4. Сиырдың төлі
5. Балды жақсы көретін жануар
6. Төрт түліктің бірі
V. Жаңа мағынаны таныту. Электрондық оқулықпен жұмыс.
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн-дай түрі белгілі болды. “Жануар” сөзі парсының “джан-джанвар” деген сөздің екінші бөлігінен алынған. “Джан-джанвар” қазақша жануарлар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқытып сұрақ - жауап арқылы талдау жасау.
Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:Жануарлар↓Жәндіктер Балықтар
ҚосмекенділерБауырмен жорғаушылар
Құстар
Омыртқсыз жануарлар
Сүтқоректілер
Жәндіктер
Өрмекшілер
Ұлулар
Жануарлар тіршілігіне қарай
Өсімдікқоректі
Жыртқыштар
Жәндікқоректілер
Ғаламшарда саны жағынан көп таралған буынаяқтылар тобы
Жәндіктер (Бунақденелілер деп аталады)
Мұхиттарда
Топырақта
Су қоймаларында
Шөлді аймақтарда
Ыстық құмдарда
Ауру таратушылар
Шыбын
Маса
Қандала
Бүрге
Жыртқыш жәндік
4500 түрі бар, азығы маса мен шіркей.

Жәндіктер – буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы. Жер шарында кең тараған 1 миллиондай түрі анықталған. Әр жәндіктің өзіндік ерекшеліктері бар. Алып күш - адамға ғана тән емес. Кішкентай ғана жәндіктің де адам таңданарлық күші мен қуаты болуы мүмкін. Назарларыңызға жәндіктер туралы сіз бен біз біле бермейтін қызықты деректерді ұсынғалы отырмыз. 


Жануарлар мен
аңдардың біз білмейтін
ерекшеліктері (видио корсетіледі)
Сергіту сәті
«Қарлығаш»
3. Дәптермен жұмыс. Жануарлардың топтарын жазу.Аңдар:
Құрлықта мекендейтін жыртқыш жануарларды жаз.
«Қызыл кітапқа» қандай аң түрлері енген?
Біздің жерімізде кездесетін жыртқыштарды ата.
Құстар:
Ұшуға бейімделген жануарлар түрі.
Құстардың жылы мекені қалай аталады?
Аң аулауға қолданатын құсты ата.
Құстардың өсімдіктерге тигізетін пайдасын айт
Жәндіктер:
Түрлі ауруларды тудыратын жәндіктерді ата.
Гүлдерді тозаңдандырушы жәндіктерді ата.
Жәндіктердің пайдасы мен зияны туралы айт
Жыртқыш жәндікті ата
VIII. Сабақты қорыту:

Үйге тапсырма: Жәндіктердің суретін салу. жәндіктер туралы жұмбақ, тақпақ, өлеңдер ізденіп жазып және жаттап келу.
Оқушыларды бағалау.
Б.Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп


Тақырыбы: Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер
Сыныбы: 3 «Б»
Өткізген: Ибраева Гулшат Бахитовна