Ш.А.Амонашвилиді? «Без сердца что пойдём» е?бегіне ПІКІР


ШҚО, Глубокое ауданы
«№1 Предгорное орта мектебі» КММ
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:
Утепова Дарья Сабырбековна
Мен өз пікірімді Ш.А.Амонашвилидің «Без сердца что пойдём» еңбегіне жаздым. Көп еңбектерінен ішінен осы бір еңбегі жүрегіме жылы сезінгендей болды. Осы кітапты оқиғанда барлық ықылысымен, жүрегіммен оқыдым. Оқи отырып «Білім беру әлемі және қоғам түгелдей жүрек жылуының жетіспеуінен қатыгездікке қасірет шегуде.» деген сөздерімен бастаған. Әрбір адамның жасына қарамастан жүрек маңыздылығын айтып кеткен. Шынымен де білім беріп отырған мұғалімдердің жан жылуынан гөрі қатыгездікке бой алдырып жатқанын көріп отырмыз. Педагогикалық бақ- тірі жүрек ылғалынан кеуіп бара жатқандай. Жүрекке көп үңілгеннен гөрі біз қазір қоршаған орта әсеріне тәуелденіп барамыз. Автор өз еңбегінде жүректің биологиялық, физиологиялық жағынан тоқталып, оның басты сезім мүшесі ретінде болсада, Қасиетті жазбалардан жүрекке үнемі жаңа түсініктер керек екенін айтып отыр.
Менің ойымша Шалва Александровичпен келіспеу мүмкін емес. Өйткені, шынайы өмірде жүрекпен қабылдаған шешімдері адамның өмір жолында аз кездеспейді. «Жүрегім сезеді», «Жүрегім қобалжиды» деген сөздерді жиі қолданып, ақыл-есімізге емес, жүрегімізге жүгінеміз.
Автор еңбегінде 2 бөлімнен тұратын патшалықтар туралы мысал (притча)келтіріп кеткен. Сол мысалды оқып терең ойға баттым. Адам өмірінде «Тілек патшалығында», «Ақыл-ой патшалығында» бақытқа кенелмеді. Үшінші патшалықта патша «Жүрек патшалығын» сұрайды, сонда періште құдай әр адамға жүрек берген, оны жаға білу керек деген екен. «Онда жақ оны» депті.
Періштенің көңілі түсіп «Мен оны жаға алмаймын. Құдай адам өз жүрегін өзі жағу керек немесе бір-біріне көмектесу арқылы Тәрбелеумен жағылады...»
«Жүрек тәрбиесімен айналысайық»-деп патша, өзінің кеңесшісін Жүрек тәрбиесінің қамқоршысы ретінде сайлайды - мұғалім
Осы мысалды оқып адам өміріне жүректің қаншалықты маңызы бар екенін ұғынып, әр кімнің өміріне мұғалімнің ролі зор екенін, әр оқушының жүрегін жаға алатын тек қана –Біз мұғалімдер екенін түсіндім. Қандай пән болмасын әр оқушыны таза жүрекке тәрбиелеуге үйретіп, мектеп бітіргеннен кейін ересектік өмірге жарық және мықты жүрекпен кіруіне бар үлесімізді қосуымыз керек.