Ас ?орытуды? ма?ызы. Ас ?орыту ж?йесі


Сабақтың тақырыбы: Асқорытудың маңызы. Асқорыту жүйесі (слайдымен)Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: оқушыларға ас қорыту мүшелері туралы таныстырып білімдерін жетілдіру. Ас қорыту жүйесінің ерекшелігін көрсету, құрылысын түсіндіру.2. Дамытушылық: тест жұмыстары, сұрақ – жауап арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту.3. Тәрбиелік: Ас қорыту мүшелерінің маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, еңбек дағдысын қалыптастырып, денсаулықтың қадірін терең түсіне білуге, оны қалпында сақтауға тәрбиелеу.Сабақтың әдіс - түрі: сұрақ – жауап әдісі, СТО стратегиясы.Сабақтың көрнекілігі: оқулық, плакат, видеопроекторСабақтың барысы:I Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу,Топқа бөлу ( суреттер арқылы)II Үй тапсырмасын сұрау1 - тапсырмаСұрақ – жауап әдісі1. Адам организмі үшін тағамның рөлі қандай? (Организмнің қалыпты тіршілік әрекеттері үшін жасушалары мен ұлпаларына үнемі қоректік заттар керек)2. Қоректік заттар дегеніміз не? (нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералдар, тұздар, су мен витаминдер)3. Адам организміне негізгі құрылыс материалы нәруыздың тәуліктік мөлшері? (100 гр)4. Ас қорыту дегеніміз не? (тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процесі)5. Асқорытуда ферменттердің рөлі қандай? (Нәруыз текті заттар. Олар ас қорыту жолында заттарды ыдырататын химиялық реакцияларды тездетеді. Әр фермент белгілі бір затқа әсер етеді)6. Адам организмінде нәруыздар, көмірсулар, майлар мен витаминдердің рөлі қандай? (нәруыз - құрылыс материалы, майлар - энергия көзі, құрылыс материалы, көмірсу – энергия көзі, витаминдер – алмасу процесіне белсенді қатысады)7. Адам рационының құрамына кіретін өсімдіктекті және жануартекті өнімдерді ата8. Адам организміне қажетті толыққұнды тағамның құрамы2 – тапсырма. Тест жұмысы1. Қоректік заттардың құрамына қандай органикалық қосылыстар кіредіа) нәруыздар, көмірсуларә) витаминдер, майларб) минералды тұздар мен су2. Адам денесіндегі судың орташа мөлшері қандай?а) 20 – 25 %ә) 0, 6 - 5, 0 %б) 60 - 65%3. Адам организміне өзгеріссіз сіңірілетін зат:а) көмірсулар,ә) нәруыздарб) су4. Нәруыздың қажетті тәуліктік мөлшері:а) 80 - 90гә) 100гб) 400 - 500г5. Көмірсулардың қажетті тәуліктік мөлшері:а) 80 - 90гә) 100гб) 400 - 500гІІІ Жаңа сабақ(жаңа сабақ жоспар бойынша баяндама түрінде түсіндіріледі)Жаңа сабақтың жоспары1. Ауыз қуысы2. Жұтқыншақ3. Өңеш4. Асқазан5. Ашішек6. Тоқішек7. Тікішек8. Ұйқы безі9. БауырІҮ. Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар1 - тапсырмаБиологиялық диктантАсқорыту жүйесі: асқорыту мүшелері мен асқорыту бездерінен тұрады. Адамда асқорыту жолының ұзындығы, шамамен, 8 - 10м. Ол ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ашішек, тоқішек, тікішек болып бөлінеді.Ұйқы безінің ұзындығы 10 - 12см, асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан.Бауыр – қоңырқай түсті ең ірі без, массасы, шамамен, 1500г. Оның негізгі қызметі – өт бөліп шығару.