Оралхан Б?кей Тортай мінер а? боз ат


Сәуір айының жиырма тоғызы. Оралхан Бөкей “Тортай мінер ақ боз ат...” Әңгіме кейіпкерлерінің іс-әрекетін талдау барысындаөмір шындығын таныту. Шығармадан алған білімдерінқорыту, жинақтау. 1943 28 қыркүйекте Қатон-Қарағай ауданында дүниеге келген. 1961 Шыңғыстайдағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектепте пионерлік вожатый, кейінірек- “Алтай” совхозында тракторшы болып жұмыс істеді. 1963-69 Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1968 Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай бітірді. Большенарым ауданындағы “Еңбек туы” газеті мен Шығыс Қазақстан облысының “Коммунизм туы” газетінің редакцияларында жұмыс істеді. 1970 Наурызда Алматыда басылып шыққан, оның “Қамшыгер” атты повестер мен әңгімелердің бірінші жинағы жаңадан бастаған жазушыны танымал етті. 1974-83 “Жұлдыз” журналы проза бөлімінің меңгерушісі әрі редколлегия мүшесі болған. 1993 Мамырда шығармашылық іс-сапар кезінде Үндістанда қайтыс болған. Шығармалары: “Қамшыгер”, “Үркер”,Қайдасың, қасқа құлыным”,“Шара”, Елең-алаң, “Мұзтау”,“Ән салады шағылдар”,“Үркер ауып барады”,“Бәрі де майдан”, “Құм мінезі”,“Өз отыңды өшірме”“Біздің жақта қыс ұзақ”“Атаукере”, “Қар қызы”“Зымырайды поездар”“Жау тылындағы бала”“Жесірлер”, “Ұйқым келмейді”“Құлыным менің”“Жақсының ізі” (орыс тілінде) т.б О.Бөкей кітаптары әлем тілдерінде Күлтеленген – Жібек пен қыл тәрізді заттарды тегістеп шоқтау, біркелкі етіп кесу.Күреңсе – Саздау жерге шығатын шабындық шөп.Жемтір-жемтір – Жұлма-жұлма.Кеспелтек – Жуантық келген қысқа. 1. Салықсалғанда соғыстан кейінгі жағдай қандай екен?2. Тортай кім?3. Әңгімеші бала мен Тортайдың достығы қалай сипатталған?4. Тортай нені армандаушы еді?5. Қалай үйленді?6. Тортайдың автор үйіне келудегі мақсаты не?7. Автор неге орнынан тұрып амандаса алмады? Эпитет Жаймашуақ сәт, көкпеңбек болып көмкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, жұмақты өмір, көк мұнар дүние, қоңыр үн. Теңеу Табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап, лаулаған жалын бақсыдай тілін жаландатып, ұядай қылып жинау, көк күмбезіне найзадай кіріп, ой-етек алақандағыдай көрінеді, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма, ай мен күндей қос ару. Мақал-мәтел, тұрақты тіркестер Тоқ бала аш баламен ойнамайды.Қой аузынан шөп алмас-жуас, ит басына іркіт төгілу-молшылық, қыздың жиған жүгіндей-сәнді, жинақы, тақымы қотыр тайға тимеу-ештеңеге қол жеткізбеу. Автордың баяндауы Оқушы болжамы Тортай, әсіресе мені жақсы көрді. Жанынан бір елі қалдырмайтын. Әкем ферма меңгерушісі, үйде ішім-жем мол, ит басына іркіт төгіліп жатушы еді. Шешемнің қолынан-бір, жолынан-екі алып, әр күн сайын Тортайға таситынмын.Ол мені алдап,тамақ үшін дос болмайтын,қайта «Мен аш жүргенім жоқ, әкеле берме» деп ұрсатын-ды. «Жусан иісі» Ұқсастығы «Тортай мінер ақ боз ат...» Ораш ел таныған азамат бола отырып, бала кезінде бірге өскен досы Тортай амандасқалы келгенде, ол шықпады. Осы іс-әрекеті дұрыс па? «Иә» «Жоқ» Менің дәлелім... Менің дәлелім... БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ: 1.Соғыстан кейінгі балалар мен қазіргі балалардың арасында қандай ұқсастық, айырмашылық бар? 2.Тортай тәрізді балалар қазірде кездесе ме? 3.Тортай неге арманына жете алмады? «О. Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды. Алыс-жақын елдерде аты “қазақ” деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды» Әбіш Кекілбаев. Үйге тапсырма: «Әңгімені қалай аяқтар едіңіз?» - шағын ой-толғау. Бағалау