План коучинга Сын т?р?ысынан ойлау


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы » мемлекеттік мекеменің география пәні мұғалімі
Байгожина Алмагул Кәрімқызның коучинг жоспары
Тақырып Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық
Жалпы мақсаты Мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.
Күтілетін нәтиже Сын тұрғысынан ойдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін біліп және оларды оқу үрдісінде тиімді пайдалануы.
Түйінді идея сын тұрғысынан ойлау
Ресурстар: флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары.
Коучинг сессияның өту барысы
Коучинг сессияның өтілу кезеңдері Уақыты Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Амандасу 2 мин Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.
Сергіту сәті.
(жақсы психологиялық ахуал орнату) 7мин «Жұмыр қылыш» Ұлытау
Топқа бөлу 2 мин Конфеттердің түсі арқылы
Ой шақыру 10 мин Тәсіл «Идеялар, ұғымдар, есімдер ... себеті»
Сұрақтар:
1) «Сын тұрғысынан ойлау» туралы не білесіздер?
2) Сын тұрғысынан ойлаудың қандай тәсілдері сіздерге таныс?
Тақырыпты топпық талқылауға салу.
Түйінді идеяларды стикерлерге жазып, себетке салу, идеялар қайталанбау керек.
Рефлексия 3 мин Ойлау іс-әрекетпен байланысты түйінді идеяларды атау.
Теориялық материал 10 мин Презентация (сын тұрғысынан ойлаудың анықтамасы, мақсаты)
Топтық жұмыс
10 мин Әр топқа танысу үшін «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» деген мәтін беріледі.
Тапсырма: сын тұрғысынан ойлаудың сипаттамасына кластер жасау. Спикердің қорғауы.
( Кластер – жүзім сабағы)
Рефлексия
2 мин Екі жұлдыз, бір тілек
Сергіту сәті 2 мин «Қаражорға»
Топтық жұмыс 10 мин Болған оқиғаның сәттерін хронологиялық тізбегі бойынша орналастыру. Логикалық тізбек жасау. (Нан пісіру рецепті)
Рефлексия 6 мин Бұл тәсілді сіздер сабағынызда қалай пайдалана аласыз? Қандай нәтиже болуы мүмкін?
Бұл тәсілді қалай тиімді пайдалану болады екен?
Бұл тәсіл оқушылардың қандай білік-дағдыларын қалыптастырады?
Ақпараттық материал 5 мин Блум таксономиясы
Топтық жұмыс 15 мин Берілген сұрақтарды Блум таксономиясына салу. Флипчарт қорғау.
1. Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайда бар?
2. Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз. Сіздің сөздеріңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.
3. Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз
4. Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз. Өзіңіз таңдап алған заттардың алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.
5. Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба? Неге – ия немесе неге – жоқ?
6. Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге?
Рефлексия 3 мин Сұрақтарды Блум таксономиясына бөлген кезде қандай қиындықтар туындады?
Бұл сұрақтарды пайдалану арқылы оқушылардың қандай білік-дағдыларын қалыптастыруға болады?
Рефлексия 5 мин «Бұрыштар әдісі» - 3 топқа бөліну: 1топ сын тұрғысынан ойлауды пайдалану тиімділігіне аргументтер айтады, 2 топ қарсы шығады, 3 топ нақты аргументтері бар топтың идеясын тандайды.