Урок по казахскому языку на тему С?йікті та?амым-салат(4 сынып)


Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі.
2.Сыныбы: 4
3.Күні, айы, жылы: 29.11.2016ж
4.Тоқсан: ІІ
5.Мұғалім: Камиева А Г
Сабақтың тақырыбы: Сүйікті тағамым-салат
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Жіктік жалғауы және тағамдар туралы түсініктерін жалғастыру,салаттар туралы мағлұмат беру.
2.Дамытушылық: Тақырып бойынша оқушылардың байланыстырып сөйлеу және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Өз бетімен және топта жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,суреттер,интерактивті тақта, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, бейнелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
Психологиялық дайындық
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Қайырлы таң,балалар!
Аман Отан – анамыз,
Аман ата-анамыз,
Қайырлы таң,балалар!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1,6-тапсырма.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында сөзжұмбақ шешу.
ҮІ. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі.
1.Сабақ тақырыбын,мақсатын жариялау.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сүйікті тағамым-салат»деп аталады.(54 бет)
1.Топтастыру. Оқушылардың қандай салаттар атауын білетіндерін сұрай отырып топтастыру.(1-тапсырма)

2.Кіріспе әңгіме.
Адам ағзасына қажетті бүкіл энергия тамақпен келеді. Оның ішінде көкөніс пен жеміс-жидектің пайдасы өте көп. Себебі олар дәруменге бай. Дәрумен жетіспегендіктен кейбір адамдар ауруға шалдығады. 
Салат бір немесе бірнеше көкөніс түрлерінен, көкөніс пен піскен ет, жұмыртқа қосып жасайтын салқын тағам.
Көкөністер мен жемістер – бағалы тағамдар.Олар күз мезгілінде піседі. Көкөністерде адам орнанизміне қажетті дәрумендер көп. Мысалы, картоп – крахмалға, қызылша – қантқа,пияз бен қырыққабатта С дәрумені, ал сәбізде А дәрумені бар. Көкөністер дәрумен береді,тамақ, салаттар дайындайды және дастарқан көркі ретінде пайдаланылады. 3. Сабағымыздың жаңа сөздерімен танысайық.
Сөздік жұмыстары: Оқу, қайталау, жаңа сөздерді жатқа жазғызу.(топтық жұмыс)
Көк салат-зеленый салат қызанақ-помидор
Аскөк-укроп бұршақ-зеленый горошек
Тапсырмалар орындау.
2-тапсырма. Мәтінді оқы.
Мәтінмен жұмыс: оқу,аудару, сұрақтар құрастыру.
Қосымша тапсырма: Мәтіндегі «дайындайды» сөзін жекеше, көпше түрде жіктеп жазу. (жұптық жұмыс)
Сергіту сәті.
Қосымша тапсырма. Тақтамен жұмыс. Берілген сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазып, бастауыш пен баяндауыштардың астын сызу.
3-тапсырма. Үлгі бойынша сөйле.
Кімге қандай салат ұнайды?
Үлгі: Маратқа «Оливье» салаты ұнайды.
Бекіту тапсырмасы: І топ «Оливье»
ІІ топ «Винегрет» салатының жасалу жолдары,құрамы туралы мағлұмат беріп,қорғау.
Қорытынды.Білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма беру.4,2-тапсырма.