Т?рбие са?атыны? та?ырыбы Бозбала мен бойжеткен


Бозбала мен бойжеткенСабақтың мақсаты: оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу.«Махаббат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Адам бойындағы махаббат сезімін құрмет тұтуға баулу. қазақ халқының дәстүріне сай «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу» күніне 15 сәуірде тойлауды жастар арасында дәстүрге айналдыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, бейнеролик, суреттер, үнтаспа, караоке, шарлар.   
Ұйымдастыру бөлімі:  а) оқушыларды түгендеу.
1-ЖҮРГІЗУШІ: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі біздің мектепте оқушыларының арасында «Қозы- Көрпеш – Баян Сұлу» күніне орай ұйымдастырылып отырған « Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер!
2-ЖҮРГІЗУШІ:. Ғашықтар күні десе, бәріміздің ойымызға 14 ақпан, яғни, «әулие Валентин» деген атпен белгілі күн келетіні жасырын емес. Дінімізге, ділімізге жат мерекені қазақ жастары да тойлауды әдетке айналдырған. Қазақ халқының да махаббаттың қос шынарына айналған қос ғашықты дәріптейтін «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу» күніне бүгінгі қоғамымыздар бірі білсе бірі біле бермейді. Дүние жүзі бойынша ғашықтар бейіті екеу ғана болса, оның бірі әлемге әйгілі Үндістандағы Тәж- Махал, екіншісі қазақтың Қозы Көрпеші мен Баянына арналған ескерткіш.
Ендеше, ғашықтар күніне арналған «Бозбала мен бойжеткен» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
1-ЖҮРГІЗУШІ: ӘН: «Біз екеуміз» орындайтын Жамболат пен Айгерім
2-ЖҮРГІЗУШІ: Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:
1- бөлім. Таныстыру.
2.- бөлім: Білер болсаң-тауып көр! (сұрақтар)
3.- бөлім: О, махаббат, Махаббат! (Көрініс)
4- бөлім . «Өнерің болса, қанекей!»
1-ЖҮРГІЗУШІ:
Бүгін біздің орталықта дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, ән төгілсін
Қош келіпсіз көрермендер, сергісін бой,- демекші, сайысымызды бастамас бұрын ортаға осы сайысқа қатысушы жұптарды шақырамыз.
1.Жұп: « Екі лебіз»,
2-жұп « Мөлдір сезім»,
3-жұп: « Достық қиял»,
4-жұп: « Қос жұлдыз»,
5-жұп: « Пәк көңіл»,
6-жұп: « Асыл жүрек»
2-ЖҮРГІЗУШІ:
Шын жүйрік сыналатын кезең келді,
Көрейік тамашалап сайысты енді.
Әділқазы ойы терең, ақылы кең.
Саралап, әділ баға берсін енді,- дей келе алдымен әділқазы алқасымен таныс болайық. / ЖЮРИ/

1-ЖҮРГІЗУШІ: Ал, ендеше бастайық. Әр жұп өздерін таныстырып өтсін
2-ЖҮРГІЗУШІ:
келесі сайысымыз «Білер болсаң-тауып көр!» деп аталады. Ендеше жұптарымыздың білімдерін сынайық.
1-ЖҮРГІЗУШІ:
Махаббат  түсі?——————————————-\ қызыл\
Махаббат символы?  ————————————\жүрек\
Махаббат құсы? ——————————————-\аққу\
Махаббат гүлі? —————————————\қызыл  раушан\Махаббат  қаласы? ——————————————-\Париж\Махаббат кемесі? ——————————————\Титаник\Махаббат әні? ———————————————— \Серенада\Махаббат ертегісі? ————————————\ Мың бір түн\
Махаббат жүзігі? —————————————\неке жүзік\
Махаббатты жеткізе білу  құралы? ——\хат,телефон,ғаламтор\
Махаббат күні? ————————————— 15- сәуірМахаббат күнін  күнтізбеге енгізуді ұсынған  кім \Серік  Абас Шах\Татьяна мен Онегин шығармасыныі авторы ——А.С.Пушкин
Шекспирдің әйгілі шығармасы ———— Ромео Джуллетта1-ЖҮРГІЗУШІ:
«Адамзатты аялаған ақ арман,Барлық ғалам махаббаттан жаралған.Өмір-өзен сан тарапқа ақса да,Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.Махаббаттың тоймай ішіп дәміне,Адамзаттың талмай айтар әні ме?Өзіңді де, өзгені сүйе алсаң,Жете аларсың махаббаттың мәніне»
— деп ақындар жырлағандай, « О, махаббат, Махаббат!» атты көрініске кезек береміз!
2-ЖҮРГІЗУШІ:
Уа, халайық, қарандар,
Үлкен-кіші жарандар
Еліктірер адамды.
Өнерімен әп-сәтте-ақ.
Жаңды жаулап алатын,
Өнерлі жұпқа қарандар,- демекші, өнерлі өрге жүзетін, мақсатына жететін, « Өнерің болса, қанекей!» атты өнер бөліміне де келіп жеттік. Бұл бөлімде әнші жұптарымыздың пародиялық көрініс қөрсетеді----------------/ исполнения песни плюсовка породия на певцов/
1-ЖҮР: Келесі бөліміміз: О, махаббат, махаббат!Махаббат жайлы қанатты ойларға ойтүйін айтады.
1.Махаббат - бұл бақыттан басың айналу.
2. Махаббат – бұл көз жасынсыз болмайтын сезім.
3. Махаббат – бұл сүйіктіңе жақсылық жасау.
4. Махаббат – бұл сезімді ақшаға сатып алу мүмкін емес5. Махаббат – бұл сөзсіз сезінетін сезім.
6. Махаббат – бұл дене қызуыңды көтеретін сезім.----------------------
1-ЖҮРГІЗУШІ:
«Бозбала мен бойжеткен» сайысының қорытынды сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
2-ЖҮРГІЗУШІ:
Осымен 15 сәуір- махаббат күніне арналған орталықтың « Бозбала мен бойжеткен» сайысы аяқталды. Адам атаулының туған жерге, ата- анаға, досқа, мектеп, ұстазға ғашық жандардың таза, мөлдір, мәңгілік махаббатына еш қылау түспесін! Сезімдерінің баянды болсын!
3.Абай сөзі.
«Ғашықтың  тілі-тілсіз  тіл,
Көзбен  көр  де,ішпен  біл
 Назар аударайық!
Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана: мейрімділік, адалдық, сияқты асыл қасиеттер байқалып тұрады. Махаббат сезімдеріне адал ғашықтарды есімізге түсіріп, атап өтейікші.1. Ләйлі –Мәжнүн;2. Қыз Жібік – Төлеген:3. Баянсұлу – Қозы көрпеш;4. Зылиқа –Жүсіп;5. Еңлік – Кебек;6. Мамыр – Қалқаман.
Махаббатқа мың өртеніп, мың күйіп/ Қадыр Мырзалиев/
Махаббатқа мың өртеніп, мың күйіп,
Мөлдір көзге алғандай бір мұң құйып.
Көз дейміз-ау, көз емес ол,
ТалайдыТереңіне тартып жатқан тұңғиық.
О!- дегеннен басқа қолдан не келер!
Ол қараса, орыныңа шегелер.
Кірпіктері- Күн нұрынан суырып,
Қою түнге малып алған жебелер.
О, бозбала алынбаған мұрты әлі!
Оны көрсең, жығыласың бір талып.
Батырларды матап- байлап тастауға
Жетіп жатыр қара шаштың бір талы.
Ғашық болсаң әрі суып, әрі ысып,
Жаттым дей бер ертелі-кеш дәрі ішіп.
Қыпша белге жетпейді ғой, жетсе бірҚұмар құшақ қалар еді қарысып.
О, жігітім! Босамашы, босама!
Жалынғанмен жүрегін ол тоса ма!
Анар емес- кеудедегі екі анар-
Бекежандар бұғып жатқан Қособа!
Қайран сұлу Күн келбетті, Ай мүсін!
Көзін сүзбей қалады оған қай кісі?!
Бір адамның, бір адамның бақыты ол,
Мың адамның, мың адамның қайғысы!
«Ақындар махаббатты жырлайды».
Оқушылар қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқиды.
 
                             Қадір Мырзалиев
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып,Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық!Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,Маңдайда емес, жүректе —Ғашықтардың жанары.Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!
             Аққұштап Бақтыгереева
Сенбе, дос, өз сертінде тұрмағанға,Махаббат жалған десе, бұл ғаламда,Ләйлі мен Мәжнүн өткен қосыла алмай,
Өрттеніп махаббаттың құшағында.
Махаббат теңеу емес өлеңдегі,Емес ол аңыз болған ел ермегі,Махаббат болмаса егер, зарлап Жібек,Қозы үшін сұлу Баян өтер ме еді.
Ғасырлап дәуірінен озғанда өлең,Мүмкін бе пәк сезімді жазбау деген,Жыр кені – ұлы Абайдың жүрегіндеБітпеген бір ән кеткен Тоғжан деген.
Кей сорлы махаббатқа жолықпайды,Ондайлар қиналмайды, торықпайды,Аялап шын қадірлеп көрмегендерҚызыл гүл солғанына қорықпайды.
Күн біреу, нұр төгетін көктен жерге,Қызғалдақ бір гүлдейді көктемдерде.Шын бақыт екі айналып жолықпайдыҚол сілтеп, көзін жұмып кеткендерге.
 Махаббат! Неткен алып, қайратты едің
Өлеңді жазған: HYPERLINK "http://www.massagan.com/oleng.php?mod=akyn_beti&akyn_id=222"Төлеген Айбергенов
Махаббат! Неткен алып, қайратты едің,Мен сені мұншалық деп ойлап па едім.Тұсаулап, табандатып тағдырымды,Қолына қара көздің байлап бердің.
Көп екен өмір сыры білгізбеген,Жаны пәк таныстым да бір қызбенен,Түріліп шаттығымның томағасы,Сырласа бастадым ай, жұлдызбенен.
Көз алмай қарай бердім кіл шыңдардан,Қиялдан қолын созып құлшынды арман.Әйтеуір, сол бір қызға кездестім де,Тап болдым қуанышқа тыншымды алған.
             
   Авторы: Күләш Ахметова
“Сіз осы шыныменен білмейсіз бе,Кезігіп қала берем бірдей сізге?
Сіз жүретін жерлерде, әлде мені,Адасып, не ерігіп жүр дейсіз бе?
Қағылуы махаббат қанатының,Жаныңызға жабырқап баратыным.Байқалмай ма сізге осы,Қып-қызыл боп, қипақтап қалатыным.
Сізді ойламай көзімді әлі ілдіріпКөргенім жоқ, керек пе жалындыру?Өртенемін жаныма жалын кіріп,Әдейі үнсіз жүрсіз бе, бәрін біліп?..
Қара көзден қашсаңыз, несіне ерсіз,Бір әдемі бақытқа кешігерсіз.Қарап қалсам, өтесіз көрмегенсіп,Оңбағансыз, не деген, кешірерсіз…”
           Авторы: Мұқағали Мақатаев
Жанымды тыншытпайды сезім дегенҚалай жүр, япырау, төзіп денем?Қаншама күндер өтті дамылдамайҚаншама түндер өтті көз ілмеген.
Білмеймін, не іздейді сезім менен?Белгілі шегі де жоқ, жоқ тұрағы.Белгісіз қайда апарып соқтырадыНе сезім мені бір күн от қыладыНе сезім мені бір күн жоқ қылады.
Адамның сезімінен сезіктенбеСезімді сезіне біл, төзіп, көн де.Ақыл менен парасат бұғынадыШынайы шын сезімге кезіккенде.
                     Авторы: Төлеген АйбергеновТағатсыз күткен ыстық үн,Жаралы хал ғой – ғашық хал.Күйсандық көрсең, бір тілінМені ойлап бар да, басып қал.
Тек қана көзге жас алма,Ойлай бер мені күніге.Махаббаттардың қашандаОйламау жеткен түбіне.
Жаныма қап ең жақын боп,Жүректе бүгін сыздау көп.Мен болсам кеттім ақын боп,Азырақ бақытсыздау боп…
Жолығар болсам қайта менСағыныш толы сол шақпен.Бәрін де саған айтар емЖалғыз-ақ тамшы моншақпен.
Туған жер « Қасым. Аманжолов»
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,
Ол шетімен, бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға- алтын бесік туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағында тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!
Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,-
Арманым жоқ бұл дүниеде- дер едім,
Мен де өзіңдей байтақ едім,кең едімҚызығыңды көріп еркін келемін,
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Мен де аямай барым саған беремін.
Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем арманым-сен, аңсаған.
Жақын жүрсем,мен- төрінде рахаттың,
Алтын діңгек- өзім туған босағам!
« Екі лебіз» « Мөлдір сезім» « Достық қиял»
« Қос жұлдыз» « Пәк көңіл» « Асыл жүрек»
Төлеген Айбергенов « Ана»
Арманынды ақтармын ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған.
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.
Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес қей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.
Бұл дүниеге онсыз дағы кеткен жоқ па көп есең!
О,аналар,кей пасықты жартасың неге сен!
Тасбауырлар дуниеге келсін де,тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?
Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіретті жетреген.
Анаң саған керек болса,балаға да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.
Ана керек!О,адамдар,ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.