Откытый урок казахскому языку на тему: Мені? с?йікті та?амым-салат4 класс


Пәні: Қазақ тілі Мектеп: № 252 «Г.Н.Ковтунов» атындағы орта мектеп
Күні: 23.11.2015ж Мұғалімнің аты-жөні: Еспенбетова Эльмира Ербайқызы
Сынып: 4 «А» Қатысқандар саны:12 Қатыспағандар саны:0
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Тақырып бойынша оқушылардың оқылым,тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі іске асыру.Өз ойларын еркін айта білуге үйренеді,сөздік қорын молайтады.Жаңа сөздерді тапсырмалар барысында қолданып жазуға үйренеді.Сабақ барысында ұқыптылыққа баулу,алған білімдерін өмірде қолдануға бағыттап,тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылар: Салаттарды біледі,өз ойларын еркін айта алады,жаңа сөздермен тапсырма барысында сөйлем құрап жаза алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Жаңа тақырыпты біледі, мәтінмен және сөздікпен сөйлем құрай алады.
Кейбір оқушылар:
Салат атауларын жатқа біледі,оларды қатыстырып сөйлем құрай алады, тәжірибе барысында жасай алады.
Тілдік мақсат: Оқушылар:
Салат атауларын түгел біле бермейді
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Көк салат- зеленый салат, қызанақ- помидор, аскөк- укроп, бұршақ- зеленый горошек.
Жоспар: Сүйікті тағамым- салат
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жаттығулар Бағалау, ресурстар
Кіріспе
8 минут І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,назарларын сабаққа аудару.
Сыныпты сурет қиындылары арқылы екі топқа бөлу: І «Жемістер» тобы, ІІ «Көкөністер» тобы
Қай топ көп балл жинаса,сол топ жеңіске жетеді.
Мотивация :
Балалар,қазір кімнің көңіл-күйі өте тамаша,қол көтерсін!
Бүгінгі сабақта белсенді болатын топ смайликпен көңіл- күйін білдірсін?
Кім өз-өзіне сенімді,қолын шапалақтасын!
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұру.
Сөздіктерді жатқа қайталау.
«Ақылды доп» стратегиясы.
Интербелсенді тақта,оқулық,бағалау фишкалары,суреттер,кері байланыс парағы, сөзжұмбақ.

«От шашу», «қошемет», «мадақтау» арқылы бағалау.
Негізгі бөлім
30 минут
IIІ.Ой ашар.Сөздікпен жұмыс «Оқы,қара,жап, жаз,тексер» сратегиясы.
ІҮ. Ой толғам. 1- тапсырма.Біліп ал айдарымен берілген тапсырма бойынша оқушылар салат түрлерімен танысады,біледі.Салаттар: «Көк» салат, «Қызанақ» салаты, «Картоп» салаты, «Қызылша» салаты, «Орамжапырақ» салаты, «Сәбіз» салаты, «Оливье» салаты, «Қияр» салаты,
«Көкөніс» винегреті.
2- тапсырма.Топтық жұмыс,жұптық жұмыс.«Миға шабуыл» стратегиясы. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды.Тәжірибеде қолданады.
Салаттарды көкөністерден дайындайды.Салатқа ет, майонез,қаймақ,аскөк,пияз салуға болады. Салат- пайдалы тағам.
3- тапсырма. Оқушыларды айтылым әрекетіне жетелеу арқылы қисынды ойлау қабілеттерін,жазылым әрекетін іске асыру.
Дарынды оқушылармен жұмыс.«Қиялдау тәсілі» стратегиясы.
4- тапсырма.Топтық жұмыс, жеке жұмыс. «Сатылай сөйлем құрау» әдісі бойынша оқушылар өз бетінше сөйлем құрап үйренеді, жазады.
5-тапсырма.СТО, топпен жұмыс. Жаңа сөздерді ұғыну мақсатында берілген «Сөзжұмбақпен» жұмыс жасайды.
Ү.Сергіту сәті. «Ауада жазу» әдісі арқылы дене жаттығуын жасайды,жаңа сөздің жазылуын есте сақтайды.
6- тапсырма.Есіңе сақта! айдарымен берілген «Көкөністерді жуып же.» деген сөлеммен пайдалы кеңес,тәрбиелік мақсатта әңгімелер жүргізу.
«2 жұлдыз,1ұсыныс»арқылы бағалау.
«Бағдаршам» арқылы бағалау.
«Смайликпен » бағалау
Өзара бағалау
Топбасшысы бағалайды
Қошемет, мадақтау
«От шашу»
Қорытынды
7 минут ҮІ.Ой қорыту.Оқушылар «ІNSERT» стратегиясы бойынша кері байланыс парақшаларын толтырады.
ҮІІ.Үй тапсырмасы
Рефлексия.- Сен қандай салатты ұнатасың?
-Неліктен? –берілген сұрақтарға жауап жазулары керек.
Интернеттен салат түрлерін қарайды. Мадақтау
ОүБ
Үй тапсырмасын күнделікке түсіреді.
Бағалау критериилері арқылы жинаған баллды есептеп жеңімпаз топты анықтайды.