Ашы? саба? Е?бекке баулу (4сынып)


4 – сынып Еңбекке баулу.
Тақырыбы:Ұлттық баскиімдер:Сәукеле.Тақия.Гүлтәжі.
Мақсаты:1)Ұлттық бас киімдер жайлы мағлумат беру және оларды тігу.
2)Оқушыларды салт – дәстүрді және ұлттық ерекше- ліктерді сақтауға баулау.
3)Оқушылардың эстетикалық таллғамы мен тігу,қию әшекейлі заттармен жұмыс істеу әдістерін үйренуге ықпал ету.
Қажетті құрал – жабдықтар:сары, қызыл түсті маталар, ине, жіп, қайшы.
I.Ұйымдастыру кезеңі.(Үш топқа бөлу)
1)Сабаққа әзірліктерін бақылау және бүгінгі күнге жақсы тілек айту.
2)Бүгінгі сабақ бірнеше бөліктен тұрады.
II.Жаңа сабаққа дайындық.
1 бекет: «Сөзді тап» бекеті. (1-інші слайд)
Осы ребусты шешу арқылы, бүгінгі сабақтың тақырыбын білетін боламыз.
Суреттер. (2-інші слайд)
(Бақа, маса,киік,лама,пілдер)
2 бекет:«Бас киімдер» (3 –інші слайд)
Тапсырмалар.(4-інші слайд)
1-топ:Бас киімдер дегеніміз не?
2-топ:Бас киімдер не үшін керек?
3-топ:Бас киідер арқылы не білуге болады?
Бас киімдер түрлері.(5-інші слайд)
топтар тірек сызба арқылы әңгімелейді
3 бекет: «Ойлан тап» (6-ншы слайд)
(7-нші слайд)
(1топ) Бөрік. Ертеден келе жатқан бас киім. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді.Қыздардың бөріктің төбесіне үкі тағы- лып, асыл тастармен, күміс теңгелермен әшекейленген.
(8-інші слайд)
(2топ) Кимешек.Әйелдердің бас киімі.Кимешек ақ матадан, ақ жібектен тігілген.Ол басты,кеудені,иық пен арқаны жауып тұрады.
(9-ыншы слайд)
(3топ) Тымақ.Аңның немесе малдың терісінен тігілген қыс- тық бас киімі.Тымақтың екі құлағы және мойынды жауып тұра- тын артқы етегі болады.
(10-ыншы слайд)
Мұрақ – лауазымды адамдар киетін екі жағы қощқар мүйізде- ніп келетін, сән – салтанатқа киетін қалпақ.Мұрақты елбасы, төре, билер киген.
(11-інші слайд)
Қасаба – көбіне төре, сұлтандардың қыздары киген бас киім. Қасаба үшкірлеу төбесіне бір шоқ қауырсын қадап, асылтас,
алтын, күміс әшекейлермен безендірілген.
4 бекет: «Шебер қолдар» (12-інші слайд)
Бүгінгі сабақта ұлттық бас киімдер тігеміз.
(13-інші слайд)
Түрлі – түсті фигуралардың түсіне қарап, қандай бас киім тіге- тінін анықтайсыңдар.
Бұл бас киімдер туралы әңгімелендер.
I топ – сәукеле
II топ – тақия
III топ – гүлтәжі
(14-інші слайд)
Қажетті құралдарды анықтаймыз.
(15-інші слайд)
Техникалық қауіпсіздік ережелер.
1.Көз бен заттың арақашықтығы 25-30 см болуы тиіс.
2.Жұмыс кезінде инені ине салғышқа түйре.
3.Тот басқан инемен тігуге болмайды.
4.Қайшыны сақинасын алға қаратып, жүзін қайырып, бүктеп беру керек.
(Оқу, әңгімелеу)
Практикалық жұмыс.(16-ншы слайд)
Жұмысты жұппен орындау,бас киімдерді әшекелеу.
Сергіту сәті.(17-нші слайд)
«Бұл не екен?» ойыны.
Бұл ойында бір оқушы іс- әрекетімен затты бейнелейді, ал қалған оқушылар бұл қандай зат екенін анықтауы тиіс.
Жауабы тақтада слайдпен шығады.(18,19,20,21,22,23 слайд)
1)жіп
2)балта
3)пышақ
4)күрек
5)ара
6)балға
- Бұл қанадй құралдар?Не үшін керек?
5 бекет.Ырымдар мен тыйым сөздер. (24-інші слайд)
1.Өз бас киімін басқа адамға сыйға тартпайды.
2.Бас киімді ауыстырып кимейді,сатпайды.
3.Жоғары жинайды, тебуге,лақтыруға,теріс киюге болмайды.
Т.б
6 бекет.Шығармашылық жұмыс.(25-інші слайд)
I топ – Сәукеле туралы эссе жазады.
II топ – Тақия туралы өлең құрастырады.III топ – Гүлтәжіні жарнамалайды.
7 бекет.Қортындылау.(26-ншы слайд)
көрме ұйымдастыру.
бағалау.
Үй тапсырмасы. (27-нші слайд)
бас киім туралы мақал – мәтел тауып келу.
Ақмола облысы
Ақкөл ауданы
№3 Ақкөл орта мектебі

Еңбекке баулу
(ашық сабақ)
Өткізген:Абдрахманова Г.А.