Урок по литературному чтению на тему ?. Т?рманжанов «Мектеп бізді? анамыз


Сабақ жоспары
Күні: 07.09.2015
Сынып: 2 «Б»
Пән: әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Ө. Тұрманжанов «Мектеп біздің анамыз»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Өтебай Тұрманжановтың өмірімен таныстыра отырып,оның шығармашылығы туралы айту.Өлеңнің негізгі идеясы-білім,білім көзі мектеп,кітап екендігін ұғындыру,білім алуға ынталандыру.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету. 
Дамытушылық: Оқушылардың топта, ұжыммен жұмыс істеу, алған мәліметтерді есте сақтау, ойлау, өз ойларын толық жеткізе білуг қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік; Оқушыларды өзара ұжымшыл болуға, адамгершілікке, өз мектебіне деген сүйіспеншілігн арттыру;
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс сөздік әдіс: оқулықпен жұмыс.
Көрнекіліктер: оқулық, мектеп суреттері, Өтебай Тұрманжанов суреті, анықтамалар.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:а) оқушылармен сәлемдесуә) дайындығын қадағалауб) психологиялық дайындық.«Біз бақытты баламыз»Жылай қалсақ, жұбанамыз,Ақыл тыңдап, тіл аламыз,Біз тәртіпті баламыз!Таңда ерте тұра аламыз,Беті-қолды жуа аламыз,Біз ұқыпты баламыз!Үлкендерді сыйлаймыз біз,Үй тазалап жинаймыз бізБіз қолқанат баламыз!II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:а) Әңгімені оқытуә) Мазмұнын айтқызу / 5-6 бала мазмұнын айтады/б) Үй тапсырмасын қорытындылау.Сұрақтарға жауап алу.- Мәтін кейіпкерлерін ата.- Үйшінің сөздерінен не түсіндің?- Үйші тапқан малын қалай жұмсайды?- «Борыш» сөзін басқаша қалай айтуға болады?- Үйші балаларын оқытып, асырап бағуға беретін ақшасын неге «өсім» депатайды?- Сен ата –анаңның еңбегін қалай ақтар едің?III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:Сұрақтарға жауап алу.- Мектепке не үшін келесіңдер?- Оқу не үшін керек?IV. Мақсат қоюБүгінгі сабақтың мақсаты– «Мектеп- біздің анамыз» атты өлеңімен танысу.V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:Жазушы туралы түсінік беруӨ.Тұрманжанов- 1905-1978 ж өмір сүрген уақыты- Туған жері – Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылына дүниеге келген- Шығармалары: «Біздің қарлығаштар», «Бозторғай», «Жауқазын» т.бСуретпен жұмыс.- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?- Оны қайдан білдің?- Балалардың көңіл күйі қандай?- Оқудың басталған алғашқы күні екенін неден аңғардың?Сергіту сәті.Саусақпен мұрынды қысайықӘншіге біраз ұқсайық,Әрбір сөздің дыбысы,Қандай екенін ұғайық.Оқып, талдау."Мектеп – біздің анамыз" өлеңін оқып, талдау.Мазмұнын ашу.VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.Дәптермен жұмыс. / дәптерлеріне жаздыру/Сөздік жұмыс: Күзге сүйеп күн иек- уақыт күзге айналып.Шөмеле- шошайтып үйілген шөп.Межеле кез – мөлшерлі уақыт.Сурет пен өлеңді салыстырадыҚорыту. Сұрақ жауап арқылы- Қалай ойлайсыңдар, неге мектеп біздің анамыз деп аталған?- Жоғарғы сурет бойынша әңгіме құрастыр. Әңгімеде ақынның сөздерін пайдалан.VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалауVIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді мәнерлеп оқып келу.