Д?ниеж?зілік спидке ?арсы к?ніне орай Біз спидке ?арсымыз! та?ырыбында музейде ?йымдастырыл?ан викторина


Тақырыбы: "Біз СПИД-ке қарсымыз!"
Өткізілетін күні: 04.11.16.
Өткізілетін жері: музей
Өткізілу әдісі: лекция
Аудитория: «Академик Ж.С.Ақылбаевтің Балқаш маңызды білім беру колледжі» ЖМ студенттері.Жауапты: экскурсовод Ф.Нұрлыбаева
Мақсаты: 1. Студенттерге СПИД туралы мәлімет беру.  2. Оларға жұқпалы ауру екенін түсіндіре отырып, жұқтырмау шараларын әңгімелеу. 
3. достық сезімге, сыйластыққа, қиындыққа түскен адамға қол ұшын беруге тәрбиелеу.Көрнекілігі: СПИД туралы плакаттар, слайд көрсетіледі.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме ! Бүгінгі лекциямыздың тақырыбы "Біз СПИД-ке қарсымыз!".
Болашақта біз СПИД - ті жұқтырған адамдармен кездесуіміз мүмкін. Ол туған бауырларың, дос - жарандарың да болуы мүмкін. Біз сол кезде оларға қол ұшымызды беріп, көмек қылуымыз керек. Олардың бас тарту немесе қарым-қатынасты үзуге болмайды. Себебі олар жәбірленушілер. Көп адамдар бұл адамды білмегендіктен душар болады. Ал біздер осы ауру туралы білеміз бе?- 1 желтоқсан қандай күн?- Иә, дұрыс 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД - ке қарсы күн.СПИД – ол вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады.
Оның мынандай жолдары бар: 1. Біреуге қан құйса 2. Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға салса
3. Вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тессе
4. Жыныстық қатынас 5. Жұқтырған ананың баласына Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күретамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады. СПИДтің соңғы сатысы – өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар.Ал енді қай кездерде жұқпайды?1. Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде 2. Тамақты бір ыдыстан ішкенде 3. Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде
4. Ауа, су, ойыншық арқылы5. Жәндіктер шаққанда 6. Есік, машина тұтқасын ұстағанда Бірақ, сонда да әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтауы керек. СПИД – ке шалдыққан адам 10 - 15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек. Ауыратын екен деп бас тартпауымыз керек.- Ұзақ өмір сүру үшін салауатты өмір салтын ұстану керек.
Балалар мен сендерге СПИДтің құрбаны болған жас жігіттің әнгімесін оқып берсем деймін.(монолог).- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!Өзімнен өзім сыр таптым,Өле алмай жүрген сырқатпын.Шіріген картоп сияқты,Бұрышында қалған бір қаптың.Өзімнен өзім тістенем,Шарабым да тұр ішпеген.Ұйықтайын десем қорқамын,Көрмейтін сұмдық түс көрем.(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)- Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім. Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім, ір сөзбен айтқанда, өте ерке болып өстім. әке - шешем бар дегенімді жасады. анда - санда әкем мен тентек болған кезде, айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз балада нең бар?»- деп ара түсетін.(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)Әлпештеп алды анам алдымнан шығып,Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.Ата - ана перуана боп перзенті үшін,Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.Ардақтап ата - анаңды сол секілді,Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.Түседі еске кей кез бала кезім,Бала кезім... кетуші ем дала кезіп.Ақ қайынға шайқалған қараушы едім,Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.- Иә, ата - анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Жетінші сыныпқа жеткенше екі - үш мектепке ауысып үлгердім. Неге дейсіз ғой. Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді. Олардың да мен секілді ұлы бар екен. Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы наша «деген» пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!Тамырын умен суарып,Денсаулық деген егістің,Шірітіп апсың біразын,Ғаламат қымбат жемістің.Инемен таза денеңді,Тесуге неге келісті?Көк түтінмен уланып,Ащы суды неге іштің?Төсекке асыл азамат,Ауру ең деп құлайсың.Дәрігерлерді мазалап,Не үшін енді жылайсың?- Содан арада екі - үш жыл өтті. Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды. Не құдіреті барын, сол инені көрсем аузымнан суым шығып, есім кететін. Бұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды. Жалғыз анамның жиған - тергені есірткінің айырбасына кетті. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты салқын тиіп ауруханаға түстім. Дәрігерлер менің СПИД - пен ауыратынымды анықтапты. Төрт - бес жыл білмей жүріппін.Таусылмақ дәм. Бітпек өмір - өзенім.Менің - дағы жетті кетер кезеңім.Оны көптен тарқамаған қайғы менЖүрегімнің мұң көзінен сеземін.«Өлермін» - деп күңіренем, күйзелем,Мені есірткі найзасымен түйреген.Өз әлімше арман - көлде жүзе алмай,Қанатымнан жараланған күйде мен.- Соңғы кезде өмір - тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым. О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой. Бір - ақ өмір! Осы бір - ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді, өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады. Бәрі кеш енді.О, Жаратқан!Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы, құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,Құрбанымын СПИД деген кеселдің.Ақтамай - ақ кетіп барам арманың,«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.Кім кінәлі, аялаған анам ба?Бар қажетті даярлаған қоғам ба?Тек қана өзім кінәлімін сол үшінУлы дерттің құрбаны мен болам да.Жас жеткіншек!Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,Ауырсаңдар бұл кеселмен,Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!- Бұл оның ақтық сөзі еді.
Қорытынды:  Балалар, әр адамның болашағы өз қолында, сондықтан нашақорлықтан, ішімдіктен, темекі шегуден аулақ болайық. Денсаулығы мықты адамдар еліміздің, ұлтымыздың болашағы екенін ұмытпаңдар!
Пайдаланылған әдебиет: интернеттен алынған мәліметтер
Дайындаған: экскурсовод Ф.Нұрлыбаева.