Психология тренинг Мен ?мірді та?даймын


«№ 184 жалпы білім беретін мектеп »
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бекітемін–––––––––––––
Мектеп директоры
Р.С.ДайрбаеваТақырыбы: «Мен өмірді
таңдаймын!»
(аудандық семинар)

Мектеп психологтары: Ж.Қалисаева А.АдилбековаТеректі ауылы 2015 ж
Тренингтың тақырыбы : Мен өмірді тандаймын !
(Ата-аналармен жұмыс)
Мақсаты : Суицидалды мінез – құлықтың алдын алу мақсатында оқушылармен және ата – аналармен тығыз қарым қатынаста болып, оның алдын алу.
Көрнекілік: Плакат, түрлі түсті қарындаш, маркер
Сабақ барысы :
Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті әріптестер мен ата- аналар! «Мен өмірді қалаймын!» атты тренингке қош келдініздер! Қазіргі заманымызда адамзат өміріндегі, жыл сайын көбейіп келе жатқан жас өспірім арасында өз- өзіне қол жұмсау қылығы ,қатерлі дерт сияқты етегінен кең таралған қоғамыздағы үлкен мәселердін бірі. Әлем психологтардың зерттеуінің нәтиже бойынша өз- өзіне қол жұмсаудын себебі 80 % - отбасына байланысты екенің дәлелденген. Жылдық жоспарымызға сай мектебімізде (Слайд) «Мен өмірді қалаймын!» атты психологиялық акция өтті. Бұл іс-шарада сауалнамалар мен шығармалар,сурет байқауы тренингтер өтті. Сауалнама сұрағына:
«Бақыт деген не ?»
- «Менің бақытым отбасы»
-«Мені анам түсінсе екен»
- «Әкем мен шешем бірге түрса екен » деген жауап берді.
Демек балаға отбасының мейірімі қажет екені анық байқалды. II. «Бақытты отбасы» (ролик).
Скетч «Бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-ана».
Әкесі, анасы, баласы үшеуі үйлерінде отырады. Баласы мектептен еңбек сабағында жасаған әдемі сандықшасын көрсетеді.
Бала : -Әке қарашы мен қандай әдемі сандықша жасап алып келдім ұстазым мақтады,
Әкесі- Ия ия,баршы балам,жұмыстан шаршап келдім, Анаңа баршы мен теледидар көргім келеді. Баласы анасына жүгіріп барады
Бала: Анашым, анашым қарашы мен әдемі сандықша жасап келдім.
Анасы- Туу, тегі баршы қолым тимейды, Ас әзірлеуім керек.
Музыка ойнайды, Бала өзінің қуыршағын қушақтап жылап отырып :
- Ойыншығым менін мені ешкім түсінбейді! Тек сен мені түсінесің – деп көзінің жасын сығып кете береді.
« Қатыгез ата-ана»
Сахнада : Әке, шешесі, баласы. Шешесі баласын жұлқылап әкесіне қарай сүйреледі.
Шешесі: – Отағасы мынау жүгермекппен өзің сөйлесші, Қашан қөрсеңде күнделігі екілік. Үнемі мұғалімі маған қоңырау шалып балаңды жамандайды
Әкесі: баласын нұқып,нұқып. Сенің сазайыңды көрсетейін деп – шалбардың белдігін шешіп алады балаға қарай жүреді, бала қолымен қорғанып бүрісіп қалады.
Ата-аналарға тест таратылады, оның жауабы тақтаға шығарылады .
Тестің нәтижесі бойынша 3 топқа бөлеміз. Мысалы :
1 топ – Раушангүл тобы
2 топ- Түймедақ тобы 3 топ - Бәйшешек тобы
Шығармадан үзінділер. (Слайд)
Позитивті қөзқарасты оқушылардың шығармалары :
11 а сынып оқушысы Молдажимова Маржанай
«Мен өмірді сүйемін»
Өмір адамның ең басты құндылығы. Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтқандай адамға шыншыл да ,ең қымбатты- ол оның мәнді де , сәнді өмірі. Өмір- әр адамның сынақ кезеңі. Бірақ адам бұл сынақтан өмірге келеді. Сосын өсіп , ер жетеді. Адам өмірге келгеніне адам көбіне қиыншылықты, өмірге келе салып өтпейді. Сондықтан адам өзіне берілген өмірін бос өткізбеуі керек, ол өмірдің бос кеткені.
9 а сынып Болатова Айзат.
« Мен өмірді сүйемін»
Ұлы жаратушының өз құлына сыйлаған өмірден артық не бар ?!
Мен өзім өмірді сый ретінде қабылдаймын. Ата-анаң, бауырларың туыстарың қасында. Одан сон сүйікті мектебің , ұстаздарының, сыныптастарыңмен бірге жайнаған жарқын өмір.... Жылдын әр мезгілі де кезектесіп өтіп жатыр ғой. Мұқағали атамыз айтқандай :
Дүниенің ағын да, қарасын да.
Мынқ етпейсің , қабылдап аласың да.
Қарасымен шамаң жоқ таласуға
Ей, өмірім зымырап барасың ба ? дегендей
Өмір болған соң ақ та қара да бірге жүреді.
Бірде қуансан бірде жылайсың. Сол қарамен күресу үшінде адамға ерік күш, жігер – қайрат төзімділік керек қой.
Өмір- қасиетті де қызықты ұғым. Өмірді қалай өткізу өз қолымызда. Айналан бәрі керемет! Елімнің тауы да, тасы да, ағашы да, гүлі де мен үшін өте қымбат.Әрқашан иманымыз берік , тәуесіздігіміз тұғырлы болсын.
II. Бағбан болсаң бақ өсір Балама деп тағы өсір деп !
«Бала жанының бағбаны» атты әр топ жоба қорғайды.
III. Көрермендермен жұмыс
Сиқырлы қалам :
Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп «Жоғары !» «Төмен !» «Оңға!» «Солға!» деген бұйрықтар беріледі қашықтықтан басқарып отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадымары бірдей болуы керек. Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қаламға ол бұйрықтарды орындауға көмектеседі.
Мәдениетін коррекциялау.
Топ бір қатарға тізіліп отырады. Әр адамға карточка таратылады. Ол карточкада әр адамға белгілі бір ұлттың ( ағылшын, француз , итальяндық, түрік, жапон, кәріс және т.б)
мінез- құлықтағы қол дене қимыл- қозғалысын, бет қимылын, позасын, жүріс-тұрысын көрсету керек екендігі жазылады. тапсырма берілген. Қалған қатысушылар тапсырма алғандардың қай ұлт өкілі екендігін табулар керек.
Талқылау.
-ұлтын қандай көрсеткіштерге сүйене отырып анықтадық?
-ұлттық ерекшеліктерді табу оңай ма ?
- қазақ халқын қандай ерекшіліктермен сипаттауға болады ?Осы сұрақтар бойынша топ екіге бөлінеді. Бір топ таптауырындарың қажеттілігін дәлелдесе, ал екінші топ оның қажет еместігін дәлелдеуі керек.
IV. Әр бір топ өзінің жобасын қорғайды .V. Агипбригада « Біз өмірді қалаймыз !» 10 сынып оқушылары
VI. Қорытынды: Құрметті ата-аналар жақын жандарынызға, күйзеліске ұшыраған кездерін сезсек, мейірім- шапағатымызды аямай,сөйлесіп, көнілін жұбатып, оқыс оқиғадан сақтайық !