Ата?а не ?ылса?, алды?а сол келер


«Бекітемін»
Мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары: Қошқаров.М.Ж
Мерзімі: 26.02.2015ж
Пәні: дүниетану
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ата-ана туралы, оларға құрмет жасау туралы білімдерін арттыру. Оқушылардың бұрын алған білімдеріне және өмір тәжірибесіне сүйене отырып, ата-анаға қамқоршы, қартайғанда оларға басшы болу жайында бағыт беру, соған тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ой тастап, бағыт бере отырып, ғылыми негізде ізденушілікті дамыту. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорларын байыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту, қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту
Тәрбиелілік: Әке – шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей білуге, құрбыларын сыйлай білуге үйрету. Мейірімділікке, парасаттылыққа, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топқа болу, постер әдісі, сергіту сәті, ой қорыту, сәйкестендіру кестесі, семантикалық карта,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу
2. Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстап қаламын
Ізгі, әрі жарық, әрі мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Туған-туысқандар»
I топ – адамның әкесі жағынан туысатын өз жұрты.
II топ – шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты.
III  топ - әйелі мен күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты.
 
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Қызығушылықты ояту.
(интербелсенді тақтада бейнеролик көрсетіледі)
Аңыз дегеніміз не?
2.Топтық жұмыс. Постер әдісі.
Сыйластық
Амандасу салты
Аңыздың мәнін ашу.
Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.
3.Рольдік ойындар. Тақырыпқа ұқсас бұрын әңгімелер немесе жағдайларды өмірден кездестіріп, естіп көрдіңдер ме?
Сергіту сәті
4. Жұптық жұмыс Сәйкестендіру кестесі (мақал-мәтелдер жазу)
ата сөз болғанда ауыр анаңа сөйлеген-
нен артпа
анық атаңа ұл айтпа қадірін білерсің тұрып
ана балалы достың қыз без жүк ананың
5.Жеке жұмыс (Семантикалық карта)
Аяулы анам Қадірлі әкем Әлпештеген әжем Еркелеткен атам ІҮ. “Ой толғау” кезеңі
1.Қандай шығармамен таныстық?2.Қандай жанрдағы шығарма?
3.Шығармадан не ұқтың?
4.Негізгі ой
ІҮ. Рефлекция
Y. Бағалау. Өзін-өзі бағалау
YI. Үйге тапсырма
Мәтінді түсініп оқу.
Сен отбасында ата-анаңа қалай көмек бересің?