4-сынып Д?ниетану Ата?а не ?ылса?, алды?а сол келер саба? жоспары


Пәні: Дүниетану 4 сыныпСабақтың тақырыбы: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды жеткізу,үлкендердің қадір-қасиетін ұғындыру.
Дамытушылық: өз ойларын толық айта алуға, сұраққа дұрыс, нақты жауап беруге дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ата-анасын,үлкенді құрметтеуге,кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, топтау, түсіндіру, көрнекілік
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі:интериактивтік тақта
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау.
2.Сыныпты топқа бөлу
3.Бағалау парағын тарату.
4.Қонақтармен сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сіздерге бас иіп,
Сәлем бердік біз!
Сабақтың ережесі:
1.Тыныштық сақтау
2.Сабаққа белсене араласу
3.Сабақта берілген жауаптарды қайталамау
4.Сабақ барысында өз нұсқаңды ұсыну
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Топтарға сұрақтар қою
Өз жұрты деген не?
Нағашы жұртты қалай түсінесің?
Қайын жұрт деп кімдерді айтады?
ІІІ. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру
1405255160020Сыйластыққ
00Сыйластыққ
қарсыласпау амандасу
рұқсат сұрау орын беру
құрметтеу алдын кеспеу сыйлау
Сонымен оқушылар демек біздің бүгінгі жүргізетін жұмысымызға арқау болатын бұл ата-анаға құрмет- сыйлау болмақ.
ІҮ. Жаңа сабақ
1.«Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келер» -мақалына талдау жасау (оқушы пікірі)
2.Мәтіннің бірінші және екінші бөлігін оқу,талдау
3.Мұғалім: балалар, қазір сабағымызды әрі қарай бір әдіспен жүргізгелі тұрмын. Ол ұшін ана тілі пәнінен білетінімізді ортаға салайық.
Аңыз деген не?
Аңыз –дегеніміз халық ауыз әдебиетіне жатады.Аңыз тарихта болған адамның басына құрылған шығарма.Адамның басында өткен жайттар мен қиял-ғажайып араласып келеді.
Демек аңыз ауыз әдебиеті болғандықтан біз оған өз қиял-ғажайып пікірімізді енгізуімізге болады.
Олай болса, балалар, сендерге мынадай тапсырма беріледі:
1-тапсырма
Ертеде бір елдің ханы: «Қартайған әкелерін балалары биік құздан құлатып өлтірсін!» деген жарлық беріпті.Халық осы жарлықты орындапты.Бір жас жігіт өзінің әкесін құз басына әкеліп,итеруге дайындала бергенде әкесі күліпті.Бала таңданып, «Әке неге күлесің?» деп сұрайды.
Сонда әкесі:..................
Оқушылардың нұсқалары тыңдалады.
Мұғалім рафт әдісі бойынша оқушылардың оқулығын жапқызып қойып интериактивтік тақта арқылы оқулықта берілген аңыздың екінші бөлігін ұсынады.
2-тапсырма
Сонда әкесі: «Мен де сен сияқты осыдан көп жыл бұрын әкемді құздан итеріп едім.Міне ,енді өзімнің басыма сол келген соң күлемін» депті.
Мұны естіген баласы...............................
Оқушылардың нұсқалары тыңдалады.
Мұғалім рафт әдісі бойынша оқушылардың оқулығын жапқызып қойып интериактивтік тақта арқылы оқулықта берілген аңыздың үшінші бөлігін ұсынады.
3-тапсырма:
Мұны естіген баласы әкесін өлтірмей,ханнан жасырып бағыпты.Кейін елі бір қиындыққа ұшырағанда хан халқын жинап ақыл сұраса,ешкім ақыл бере алмапты.
Сонда жігіт .........................
Оқушылардың нұсқалары тыңдалады.
Сонда жігіт әкесіне келіп,не болғанын айтқанда,әкесі қиындықты жеңудің шешуін тауып береді.Сөйтіп ,елін аман сақтап қалады.Бұған риза болған хан қартайған адамдарды өлтірмей қайта олардан ақыл кеңес сұрап отыру керектігін заңдастырыпты
Аңыз ұнады ма? - Не ұқтыңдар?
- Үлкеннің көмегінсіз, ақылынсыз дұрыс шешім қабылдай аламыз ба?
Ү. Сергіту сәті
ҮІ. Топтық жұмыс «Қатесін дұрыста» Мақалдарды дұрыс жазу
І топ. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
ІІ топ. Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер.
ІІІ топ. Ата –ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Мақалдардың мағыналарын түсіндіру.
Мұғалім: Бала – ата-ананың ұрпағы, өмірінің жалғасы. Ата-аналар бізге өмір сыйлады. Біз оларға қарыздармыз. Бұл туралы:
Құран Кәрімде: «Біз адамдарға ата-аналарына жақсылық жасауды бұйырдық» дейді.
Қазақстан Республикасының Ата заңында: «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» деп көрсетілген.
Проблемалық сұрақ: Қазіргі кезде қалаларда «Қарттар үйі» деп аталатын үйлер пайда болуда. Қалай ойлайсыңдар, онда кімдер не үшін тұрады?
ҮІІ. Жеке жұмыс Бос орынға тиісті сөзді жаз.
Отбасы - ... қоғам. Жігіттің ... жұрты бар. Өз шешеңнің төркін жұрты ... жұрт. Жиенді ұрғанның ... қалтырайды. Төрт аяқтыда ... тату, екі аяқтыда ... тату.
Жеке жұмысты тақтадан тексеру, ұпай қою.
ҮІ.Қорытынды. Венн диаграммасы «Ата-ана мен бала»

Өзіңді бағала! 16– 18 ұпай – «5»
13 – 15 ұпай - «4»
9 – 12 ұпай - «3»
8 және одан төмен – «Дайындал!»
Үйге тапсырма:мәтінді түсініп оқып келу.
Рефлексия. Сабақ ұнады ма? Қандай тілек айтар едің?