?МЖ Ата?а не ?ыса?, алды?а сол келеді 4 сынып


Мерзімі: 07.03.2015
Сабақтың реті, сыныбы: 1-сабақ 4а
Сабақтың тақырыбы « Атаңа не қылсаң, алдыңа  сол келер»
Сабақтың мақсаты Отбасы құндылықтарын түсіну, ата- анаға қамқоршы, қартайғанда оларға басшы болу жайында бағыт беру, соған тәрбиелеу, ынтымақтастық қалыптастыру, өнерге қызығушылықтарын ояту
Сілтеме К.Жүнісқызы,Ә бірмағанбетов, Қ. Айтмағанбетова
Оқыту нәтижелері Баланың ата-ана алдындағы борышын сезінеді, тақырыптың мағынасын ашып, өздері талдау жасап дұрыс, бұрыстығына көздері жетеді, өз ойын еркін жеткізеді, топтық жұмыс жасап, қорытынды жасайды, әртістік қабілеттерін танидыеді.
Түйінді идея Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне  сүйену
Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңаша ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Модульдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, оқушылардың жас ерекшеліктері сәйкес оқыту және оқу, оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытудағы басқару және көшбасшылық
Әдіс –тәсілдер Суреттер арқылы топқа бөлу, «Ыстық микрофон», әңгімелесу, топтық жұмыс, Блоб ағашы
Ресурстар бейнежазба, оқулық, топқа бөлу үшін суреттер, жағдаяттар жазылған конверттер,Блоб ағашы, бағалау критерийлері бар бағалау парақшасы
Сабақ кезеңдері Әдіс-тәсілдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Қызығушылықты
ояту
Шаттық шеңбер Көңілді әуен қосу. Шеңберге тұрғызу Бір-біріне жақсы тілектер айтады
Суреттер арқылы 5 топқа бөлу Суреттерді үстел үстіне қояды. Топ ережесін қайталату Суреттерді алып топтарға бөлінеді
Үй тапсырмасын сұрау «Ыстық микрофон»
Микрофон жұмыс істеу ретін түсіндіру Бір-біріне сұрақтар қояды, жауап береді, смайликтермен бағалау
Ой қозғау «сыныппен әңгімелесу»
Сабақтың мақсатын айқындау Бейнефильм көрсету
Осыдан бүгінгі тақырыпты таба аламыз ба?
Мақсатымыз қандай?
-Балалар біз құрмет, құрметтеу сыйластық тақырыбында әңгімелесеміз. Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері түйіндеп шығарады, мақсатын нақтылайды
Сергіту сәті Мағынаны
тану Топтық  жұмыс
«Бағытталған оқу» Бүгінгі танысатын тақырыбымыз қандай болмақ.
Сабақ тақырыбы : «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»
Жұмыстың тәртібін түсіндіреді Ітоп:  Мәтіндегі  аңызды оқып  сахналау.
ІІ  топ  Видео сюжеттегі жағдаятты болжау, талдау.
ІІІ  топ.  Оқулықта берілген мәтінді оқиды, әр үзінді бойынша сұрақтар дайындайды
ІV топ. Мәтін мазмұны, бүгінгі тақырып көлемінде нақыл сөздер мен мақал – мәтелдер жазу.
V топ. «Өнегелі отбасы» кластер құру
Ой толғаныс «Жағдаятты талдау» Отбасында болатын жағдаяттар жазылған конверттер береді. Жағдаяттарды оқып,топта талдайды, шешу жолдарын болжайды, басқалармен пікірталаста өз идеяларын ұсынады.
Қорытынды жасайды.                      
Бағалау Формативті: Блоб ағашы
Суммативті:
Мұғалім шығарады Блоб ағашын әр оқушыға береді Өзін ағашта белгілейді.
Топ басшылары топ мүшелеріне бағалау парағының критерийлері бойынша талдау жасайды.
Кері байланыс Не білдім? Қалай түсіндім? Маған қаншалықты қажет? Парақшалар тарату Сұраққа жазбаша жауап береді
Үйге тапсырма Эссе «Тату отбасы » Тапсырма береді. Жазып алады.