??зыреттілікке ба?ыттал?ан ?ш б?йтерек — ел тірегі атты т?рбие са?аты


Аты жөні Кенжәлиев Қайырбек Жеңісұлы
Күні Пәні Тәрбие сағаты
Өткізілетін сыныбы 7 сыныпТәрбиелік шараның тақырыбы Үш бәйтерек – ел тірегі
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат- міндеттері:
А) Ақпараттық құзыреттілік:
Ә) Коммуникативтік құзыреттілік:
Б) Проблеманы шешу құзыреттілігі: Оқушыларды арасында жылы қарым-қатынас орнату, үлкенді сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен таныс болуға үйрету. Тәуелсіз қазақ елінің тарихына шолу жасап, оқушылардың біліктілігін арттыру;
Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауға, өз ойын шебер жеткізе білу дағдысын қалыптастыру;
Өз елінің патриоты ретінде өз ұлтының жетістіктеріне қуанып, кемшіліктерін жоюда күш-жігерін аямайтын тәрбиелі, құзыретті тұлғаны қалыптастыру;
Тәрбиелік шарада қолданылатын пед-ық технологиялар Дамыта оқыту, СТО
Тәрбиелік шараның түрі Танымдық шара
Тәрбиелік шараның әдісі Сұрақ-жауап, әңгіме, мәнерлеп оқу, көрініс
Көрнекілігі қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылардың портреттері, хроникалық фильм , техникалық құралдар, викториналық сұрақтар, интерактивті тақта, презентациялар, музыка, реквизиттер 
Пәнаралық байланыс Қазақстан тарих, қазақ әдебиеті, қазақ тілі, алаштану
Тәрбиелік шараның барысы: Оқытушының қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдеседі
Оқушыларды тәрбиелік шараға дайындау, сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру;
бүгінгі тәрбиелік шараға студенттердің қызығушылығын ояту.
Сәлемдеседі
Тәрбиелік шараның мақсат-міндеттерімен танысады;
көңіл-күйі көтеріңкі болады.
Оқушылар тәрбиелік шараға дайын болады, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.
Негізгі бөлім
«Шаттық шеңбері»
«Саңырау телефон»
Тұсаукесер
Әдеби сазды кештің жоспары:
I-бөлім: «Өмірлері өнеге - үш бәйтерек» (ақын жазушылардың өмірі мен шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстары)
ІІ бөлім «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...» (поэзия минуты)
III-бөлім Алаш арыстары: соңғы сөз, соңғы сурет (Алаш арыстарының соңғы сөздері мен суреттері) презентация
IV – бөлім: Викториналық сұрақтар
I-бөлім: «Өмірлері өнеге- үш бәйтерек» (ақын жазушылардың өмірі мен шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстары)
- Оқушылар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.
Тренинг «Саңырау телефон» - шеңберге тұрып, бір оқушының құлағына сөз айтамын, ол оқушы әрі қарай бұл сөзді басқаларына жеткізеді.
2017 жылы қазақ халқы үшін Қазақстан республикасының іргетасы Алашорданың құрылғанына 100 жыл толатын қасиетті мереке! Осыған орай алаш қайраткерлері, қазақтың үш бәйтерегі І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Сейфуллин өмірімен кеңірек танысу мақсатында бүгінгі әдеби сазды «Үш бәйтерек – ел тірегі» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет  Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс — әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді.
Әдебиеттің «Үш бәйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегінде жол тапты

Үш бәйтерек.... Үшеуінің туысы қандай бірдей болса, тұрысы қандай әр бөлек. Біреуі – дәйім биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ, біреуі – талайды бастан кешіп, тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом, мығым. Біреуі – көпті көріп, көпті сүйген халықтың парасат – парқын, арман – аңсарын, мұқалмас жігерін кең қамтып, кемел сіңіргендей қуатты да нәрлі. Үшеуі де – халқы мен заманның ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл.
Олай болса «Өмірлері өнеге- үш бәйтерек» бөлімі бойынша С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына зерттеу жұмысын жүргізген оқушыларға сөз берейік.
(Баяндамашылар шығады.)

Қазақ поэзиясының екінші бәйтерегі – Ілияс Жансүгіров  өмірі мен шығармашылығына зерттеу жұмысын жүргізген оқушыларға сөз берейік.
(Баяндамашылар шығады.)



Қазақ поэзиясының үшінші бәйтерегі – Ілияс Жансүгіров  өмірі мен шығармашылығына зерттеу жұмысын жүргізген оқушыларға сөз берейік.
(Баяндамашылар шығады.)

Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі
Бейімбет Майлин

Ілияс Жансүгіров

Сәкен Сейфулиин

Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы) туған . Әкесі Сейфолла домбырашы, шешен әрі саятшы болған. Анасы Жамал ертелі – кеш Сәкенге аңыз-әңгіме, ертегілер айтып берген.          Табиғаттан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен. Әке – шешесінің ықпалымен жас Сәкен нәрсені біліп, болашаққа үмітін арттыра түсті.          Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса – хиқаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», - деп, тоғыз жасында Нілді заводына жіберді.   Сарыарқаның сайын даласы, Есіл, Нұра өзендері мен Оба, Ор тауларының әсем көріністері Сәкен шығармашылығының дамуына әсер етті. Өсе келе қоғам қайраткері, ақын – қаламгер ретінде жұртшылық жүрегіне жол тапты. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тартты. Халық өмірін, еңбегін, адамның өміріндегі орнын кеңінен суреттей білді.   С. Сефуллиннің «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы халық өмірі мен тұрмысын кең көлемде жырлады. 1916 жыл оқиғасы, революция шындықтары, өмір - тұрмыс сырлары «Тар жол, тайғақ кешу» романында суреттелген
– Ілияс Жансүгіров Алматы облысы, Ақсу ауданында туған. Ілияс анасынан ерте айырылып, әкесі Жансүгірдің үлгі - өнегесін көп көрген. Ескіше хат таныған. Аңыз - әңгіме, шежіре сырларын естіп өскен.  Ілияс Жансүгіров Алматы, Ташкент қалаларындағы ағарту ісіне қатысты курстарда оқыды. Фольклорлық экспедицияға шығып, баспасөзге араласты. «Сағанақ» атты алғашқы кітабы 1928 жылы жарық көрді. Ілиястың ақындығы «Тілші», «Кедей еркі», «Арман», «Әншіге» деген шағын өлеңдерінен басталып, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» атты көлемді поэмаларымен жалғасын тапты. Ақын «Дала» поэмасында – Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Сібір мен Самарқанд, Шу мен Сыр секілді кең – байтақ өлкені мекен еткен қазақ халқының өмір – тұрмысын, дәстүр - өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал, «Күй» және «Күйші» поэмаларында тарих пен тағдыр ісі, қазақ халқының бастан кешкен оқиғалары тартымды жырланады. 1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспасөзінін қалыптасуына көп үлес қосты. 1934 – 1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.          Жазушының Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.          Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтын Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды. 
Бимағамбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Қостанай уезі, Дамбар болысы, Әйет өзені бойындағы Ақтөбе деген жерде туған. Жасынан әкесінен айрылып, анасының тәрбиесінде болған.Бай есігінде жүріп, бейнет пен жоқшылықты көп көрген.Ауыл молдасынан хат танып, Троицкідегі «Уәзифа», Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. Татар, башқұрт ақын – жазушыларымен достық байланыста болып, алғашқы өлең, әңгіме, очерктерін жазды.          Бейімбеттің шығармалары – қазақ өмірін, кедей тұрмысы мен тіршілігін, ауыл адамдарының еңбек әрекеттерін бейнелейді. Ақынның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқан келіншек», «Маржан» атты өлеңдері әйел теңдігін, жер бөлісін, адам әлемін суреттейді. Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасын бай мазмұнымен, көркем де шеберлік сипаттарымен ерекше орын алады.          Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті.    
 

Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін тілектер айтылуы.
Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі
Ұсынылған ақпараттан
қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады, жаңа сабаққа қызығушылықтары оянады,
Ақпараттық құзыретттілік
Ақпарат қөздері арқылы алынған мәліметтерді алады. Жаңа мәліметті теззистеп жазып алады.
Ақпараттық құзыреттілік
Ұсынылған ақпаратты жүйелейді. Өзіндік пікір білідіріп, тұжырым жасауға үйренеді
ІІ бөлім «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...» (поэзия минуты)
Олай болса сөз кезегін «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...» атты поэзиялық сағатымызға берейік.
(Өлеңдері оқылады.)
1- оқушы «Ананың хаты» С. Сейфуллин
2-оқушы «Сыр сандық» С. Сейфуллин
3-оқушы «Домбыра» С. Сейфуллин
4-оқушы«Құлагер» (поэмадан үзінді) І. Жансүгіров
5-оқушы «Жазғытұрым» І. Жансүгіров
6-оқушы «Жазғы шілде» І. Жансүгіров
7-оқушы «Арман».  Б. МайлинҚазақ әдебиетіндегі «Үш бәйтеректің» авторлық өлеңдерін тыңдап біледі және сөйлеу мәдениетінде қолдануға дағдыланады
Көрініс. Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесінен үзінді.
Көрініс. Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесінен үзінді.
«Түйебай» әңгімесі әлеуметтік жағдайға тәуелсіз балалықтың бал дәуренін еркін кешкен ауыл балаларының сол жылы молдадаға оқуға баруынан басталады. Ескіше оқуының мағынасыздығын танытқысы келген автор молданың портретін беруде жағымсыз көніл-күй қалыптастырса, іс-әрекеті арқылы әділетсіз қоғамның бет бейнесін ашық көрсетеді. Өздері малайлықта жоқшылық тауқыметімен жүрсе де, ата-анасы Түйебайды молдаға оқуға береді. Қай заман болсын оқуға деген көзқарас жоғары. Дегенмен, молда оқуының балаға берері аз, мағынасыз. Молданың қатал тәртібі мен талабының астарында әлеуметтік теңсіздік мәселесі бой көрсетеді. Автор «Сен бақыттысың ғой» деген сөзді Түйебайдың «әлденеге телміріп, қызығып қараған» көзімен айтқызады. Сол арқылы Түйебайлардың тағдырының ауырлығын тереңдете түседі. Кейіпкерінің бірінші жақта баяндауы түрінде жазылған әңгіме оқырманның «аяушылық сезімін оятып, көзіне жас үйіреді».  Ақпараттық құзыреттілік
Ұсынылған ақпараттан
дәйектер мен қорытынды таба біледі.
Оқушылар Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесін көрініс арқылы көріп ақынның шығармашылығына шолу жасайды
Жүректен-жүрекке.
“«АЛАШ ОРДА ҮКІМЕТІНЕ 100 ЖЫЛ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ» ” тақырыбында дайындалған
Үздік компьтерлік суреттерді назарларыңызға ұсынамыз. (Бейнеролик)
Алаштың айбынды,
Асылдай ұлдары,
Зиялы, жүректі,
Қорғаны тұлғалы
Сын жерде елінің намысын сатпады.“Көркем сөз оқу” Ғабиден Қожахмет «Алаштың асылдары» атты өлең.
Әр оқушы бір-біріне тілек айтады.
III-бөлім Алаш арыстары: соңғы сөз, соңғы сурет (Алаш арыстарының соңғы сөздері мен суреттері) презентация
Ендігі кезекті «Алаш арыстары: соңғы сөз, соңғы сурет» атты алаш арыстарының соңғы суреттері мен сөздеріне наза аударайық.


Сәкен Сейфуллин нақақ жаламен 1937 жылдың 24 қыркүйегі күні қамауға алынған. 1938 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 25 ақпанда Алматы НКВД-сының қабырғасында атылды. Кейін Сталин қайтыс болғаннан кейін 1957 жылы ақталған. 
Сұңқар Сәкен: «Ешқандай қылмыс жасаған емеспін. Алдын ала жүргізілген тергеуде айтылғандарды растамаймын», – десе де, ажал құрығынан құтыла алмады.
Ілияс Жансүгіров 1937 жылы 5 тамыз күні репрессия жендеттерінің кесірінен қамауға алынып, 1938 жылы 26 ақпан күні ату жазасына кесіледі. 1957 жылы 12 сәуірде толық ақталып, туған халқымен қауышады. 
Ақынның соңғы кезде қалай және қайде жерде ұсталғанын, оны ұстап әкеткен адамдар жайлы оның ұлы Саят «Азаттық» радиосының тілшісі Өміржан Әбдіхалықұлына берген сұхбатында былай дейді: «Әкем ол уақытта Жазушылар одағын (1937) басқарған. Қазақтың салтымен жаз шыға таудың бөктерінде киіз үй тігіп, сонда дем алады екен. Сол жақтан ұстап әкеткен. Қаладағы үйін тінтіп, құжаттарын, шығармаларын алып кеткен. Кейбір шығармаларының қайда екені әлі күнге белгісіз».
Бейімбет Майлин 1937 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның кесірінен 1938 жылдың 26 ақпанында сұраусыз атылды. 
Бейімбеттің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеген Тоқтар Бейісқұловтың көрсетуінше, әйгілі жазушыны айыптайтын сот отырысы 26 ақпанда 12.30-да басталып, 12.45-те аяқталған. Ұлттық әдебиет классигінің өмірін жалғыз оққа байлаған үш-ақ адамның шешіміне небары 15 минут уақыт кеткен.
Ақпараттық құзыретттілік
Ақпарат қөздері арқылы алынған мәліметтерді алады. Жаңа мәліметті теззистеп жазып алады.
IV – бөлім: Викториналық сұрақтар
1. Сәкен Сейфуллиннің шын аты?
2. Сәкеннің өмір сүрген жылдары?
3. Бейімбет Майлиннің шын аты?
4. Бейімбетті кім тәрбиеледі?
5. Ілияс Жансүгіровтың туған жері
6. Ілияс Жансүгіров кімнің тәрбиесінде болды?
7. Ілияс Жансүгіровтың қай поэмасында Ақан сері өмірі бейнеленген?
8. Сәкеннің туған жері?
9. Бейімбет Майлиннің туған жері.
10. Сәкеннің әдеби қызметінің жиырма жылдығы қай жылы тойланды?
11. Қазақтың үш бәйтерегін ата
12. Оларды неге үш бәйтерек деп атаған? (Садуақас)
(1894-1938)
(Бимағамбет)
(шешесі)
(Алматы облысы, Ақсу ауданы)
(әкесінің)
(Құлагер)
 (Ақмола облысы)
(Қостанай уезі)
(1936)
 
(Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
Қойылған сұрақтарға жауап беріп, тәрбие сағаты туралы өз ойларын айтады.
Сұрақтарға толық нақты жауап берілуі.
Қорытындылау.
Бүгінгі тәрбие сағатында алған әсерлеріңіз қандай?
Қазақ бәйтерек ағашын киелі санап, қасиет тұтады, тамырын тереңге жайған бәйтерек сан тарапқа жол ашып, көкпен жарыса өседі, ұзақ жылдар бойы өсіп - өнетін ағаш екен. Біздің қазақ халқы өз ұлын батырларын ескеріп, еңбегін бағалап, «бес арыс», «үш бәйтерек» деп өз сүрген қоғамына қарай, еңбегіне қарай топтап, бағалап келеді.Жас ұрпақ ағалар салған асыл жолды, олар қалдырған мол мұраны сақтап,қастерлеп ұрпақтан –ұрпаққа жеткізейік. Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді. «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты Бүгінгі тәрбие сағатында алған әсерлерімен бөлісуі. Сабақтың мақсатына жетуі