Презентация по психологий на тему«Маманды? та?дау-е? жауапты іс»(9-11 кл.)


Мамандық таңдау-ең жауапты ісЕлек орта мектебіМектеп психологі:Г.Уралбаева Мамандық таңдау-ең жауапты іс! "Мамандықты дұрыс таңдау- ол өмір жолының сәттілігінің негізі“ Э.Ф.ЗеерМақсаты:оқушылардың мамандық таңдау,олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсіктерін кеңеите отырып, мамандықтарға деген ынтасын арттыру, мамандығын сүйе білуге тәрбиелеу. Міндеттері: -кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туралы түсінік беру -кәсіптік бағдар беру -кәсіптік мамандықтарға деген ынтасын анықтау Мамандық таңдаудың формуласы:1.Қызығушылығы 2.Қабілеті 3.Бейімділігі 4.Қалауы Мамандық таңдау факторларыМамандық таңдау факторларыМұғалімОтбасыДосыменбіргеОқиғаның әсер етуіТәжірибеніңболуыБеделіҚабілетіОқудың Жақынорналасуы




Алуан-алуан кәсіп барТаңдай біл де талап қыл.

style.rotationppt_wppt_y Барысы:Мамандық сөзі латын тілінен аударғанда professio - өз ісімді жариялаймын деген мағынаны білдіреді.Мамандық таңдау - өмірді таңдау Мамандық алғың келе ме? Мамандық өзі немене? Айналаң толған мамандық, Айналаң толған өнеге - демекші қазір дүние жүзінде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен .Бірақ адам соның біреуін ғана таңдайды. Ісім оңсың десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз, - деп шығыстың ұлы ойшылы,асқан дарын иесі Әбу-Насыр Әл-Фараби айтқан осы бір даналық сөздер қай адамға болмасын ой салары анық. Иә, расында да, дүниеге «адам» деген атты арқалап келген әрбір пенде қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында «үш нәрседен жаңылыспасам» деген арман-тілекпен өмір сүреді емес пе? Соның бірі адамның тумысынан өзіндік қабілетіне, бейімділігіне байланысты өмірінде бір-ақ рет біржола таңдалатын мамандық мәселесі кім-кімді де толғандыратыны сөзсіз. Бір сәт ойлап қарасаңыз, өмірдің мағыналы болуында мамандықтың да өзіндік үлесі зор секілді. Биік мақсат, табандылық, өзіңе деген сенімділік, адалдық сынды асыл қасиеттерді өмірдің мағыналы болуының алғы шарттары деп білсек, өзің сүйетін мамандықты биік талғаммен таңдап, жан-тәніңмен, күш-жігеріңмен орындау өмірдің бар мәнін келтіреді десе де болады.    Ежелгі грек данышпаны Цицерон: «Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс,»-деп айтпақшы, адамның өз ынтасымен алдына талап-мақсат қойып, оны өзі таңдаған талпыныспен, ізденіспен игеруі өзіне де, өзгеге де, қоршаған ортаға да пайда келтірері хақ.«Болашақта қай маман иесі боламын?» деген сауалға жауап іздеп, ойымыз сан-саққа жүгірген сәттерде шығыстың ұлы классигі Омар Һайямның:Жүректің түріп құлағын,Ойланып бір сәт қарашы.Кімсің сен, қайда тұрағың,Енді қайда барасың? - деп келетін адамға ой саларлық осы бір өлең жолдары еріксіз есіме түседі.Иә, адам денесінің патшасы-жүректің әмірімен өзің сүйіп таңдаған мамандық, менің ойымша, адамды ешқашан тура жолдан тайдырмайды деп білемін. Шынында, мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты да шешуші іс.Біз үшін ол – жаңа өмірдің табалдырығын аттауда өзіңе деген нық сенімділікті, жүректілікті қажет ететін алғашқы қадам, өмірлік шешім. «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес. Елбасымыздың жобаларының бірінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолынан іс келетін адам шағын кәсіпкерлікті ашуға толық мүмкіншілігі бар. Тек еріншектікке жол бермеу керек.****: Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан - деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай, бітірушілерге болашақта атқаратын кәсіптерін дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иесі болуына тілек білдіремін. Мамандықты ақыл таразысына сала отырып таңдау үшін дұрыс бағыт керек.Мамндықты жүрегімен таңдау түлектерімізге өте қиын.Сондықтан көкейлеріңізде жүрген сұрақтарға бүгін жауап алады деп ойлаймыз. Бүгін сіздерге өз ісін жетік білетін, мамандығын сүйіп таңдап, соның арқасында өмірден өзінің бақытын тауып жүрген майталман шебер мамандарды шақырып отырмыз.Осы кісілерді таныстырып өтейін: 1.Ұстаз- Дюсюкова Мағрипа апай 2.прокурор-Саткулов Дамир Жумаханович 3.кітапханашы-Бақыт Лиза 4.программист-Абдуалиева Айнұр 5.аспазшы-Тобағабұлова Асемгул 6.тігінші-дизайнер- Айтжанова Гулжанат 7.әскери маман-Сәрсенбаев Сейілхан 8.Электрик-Туменбаев Аманғали 9. Кран жүргізуші,құрылысшы-Жанар апай 10.Стомотолог-Туребаева Асель Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ –ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.Абай атамыз айтқандай «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп,айтпа ғылым сүйсеңіз»дегендей алға ұмтылып, арманымызға жетіп, білгір мамандық иесі болайық. Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:Ең ақшасы көп-бухгалтер,экономист.Ең жасыл-эколог,географ,бақташы,гүл өсіруші.Ең тәтті-аспазшы,кондитер.Ең күлкілі-клоун,карикатурашы.Ең жауапты-сот,бухгалтер.Ең салмақты-мұғалім,заңгер.Ең қарым - қатынасы күшті - бизнесмен Қорытынды: Cіз өзіңізді өзіңіз құрметтеуге тиіссіз.Бойыңыздағы бар қабілетіңізді жақсылыққа бағыттай біліңіз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.Ар - намысыңызды биік ұстаңыз.Өзіңізге сеніңіз.Өз тағдырыңыз - өз қолыңызда.Сіз - тәуелсіз еліміздің Болашағысыз!Көк жүзіне алаулы, Міндет емес ай болу Ең бастысы қалаулы Кәсібіңе сай болу. Ж.Аймаутов айтқандай:"Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асырау емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе".Егеменді еліміздің ертеңі-маман иелері болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз!