Квадрат те?деу т?бірлеріні? формулалары


Сабақтың тақырыбы:    Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары Сабақтың түрі:  Ой жарыс, білім сайыс сабағы. Сабақтың типі: Аралас сабақ Әдіс-тәсілі: Ұжымдық, топтық оқыту. Сабақтың мақсаты : оқушылардың теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу. Біліктілік: Квадраттық теңдеулерді формула көмегімен шығаруды үйрету, толымсыз квадраттық теңдеулер туралы алған білімдерін бекіту.Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, есеп шығарудың жаңа түрлерін меңгерту және ойдан ой туындатуға, әр сөзді, айтылған ойды дәлелдеуге үйрету.Тәрбиелік: Есеп шешімін іздеу арқылы  қиыншылықты жеңуге, ұйымшылдыққа, дербестікке,  дәлдікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: интереактивті тақта, тапсырмалар жазылған карташалар (слайдтар). Сабақтың барысы :  Ұйымдастыру   Барлығы 25 ұпайҮй жұмысын тексеру «Блиц сұрақтар» (слайд №4):                         5 ұпайӨзіңді тексер.  Жеке жұмыс слайд №10  Жауаптары слайд №11     5 ұпайОқулықпен жұмыс   слайд №12                                                              5 ұпай«Зерек» ойыны әрбір есеп  3 ұпай                                                          3ұпайҚосымша формулалар слайд №14                                                         Топпен жұмыс                                                                                             5 ұпай   Деңгейлік тапсырмалар                                                                            5 ұпай Сөзжұмбақ шешу Ұйымдастыру .Оқушылар алдын – ала 3 топқа бөлінген. Сабақтың мақсатын қою. Сабақ барысымен және бағалау критерилерімен таныстыру. (слайд №2). Үй жұмысын тексеру.Қайталау – білім анасы.  Әр топқа қайталауға арналған сұрақтар қою.«Блиц сұрақтар» (слайд №4): Квадраттық теңдеудің жалпы түрі?Квадраттық теңдеудегі a, b, c сандары қалай аталады?Қандай теңдеуді толымсыз квадраттық теңдеу деп атайды?  слайд №5Толымсыз квадраттық теңдеулердің неше түрі бар?  слайд №5Толымсыз квадраттық теңдеудің әр түрінің неше түбірі бар болады?  слайд №6Келтірілген квадрат теңдеудің жалпы түрі?«Дискриминант» сөзінің мағынасыДискриминанттың мүмкін жағдайлары? слайд №7-9  Өзіңді тексер.  Жеке жұмыс слайд №10   Жауаптары слайд №11
ТеңдеутолымдытолымсызкелтірілгенкелтірілмегенТолық балл
x2 + 5 x – 3 = 0 6 x2 + 5 = 0 2 x2 – 4x = 0 5x – 7 x2 + 2= 0 2 x2 = 0 Оқулықпен жұмыс   слайд №12Iтоп                                        II топ                                             III топ№ 480  (1)                           № 480  (2)                                 № 480  (3)№ 485  (1)                           № 485  (2)                                 № 485  (3) «Зерек» ойыны әрбір есеп  3 ұпай. Мақалдағы сандар келтірілген квадраттық теңдеудің түбірлері болатындай теңдеу құру керек. Мысалы: 7 рет өлшеп, бір рет кес. x2 – (7+1)x + 7*1 = 0, x2 – 8x + 7 = 0 Қосымша формулалар слайд №14   ax2 + bx + c = 0 теңдеуін коэффициенттерінің қасиеттері бойынша да табуға болады. Әсіресе коэффициенттері үлкен сандар болғанда қолданған тиімді.Егер  a + b + c = 0, онда x1 = 1, x2 =Егер  a – b + c = 0 немесе  b = a + c, онда x1 = -1, x2 = - Топпен жұмыс
ТеңдеуКоэффициенттерінің қасиеттеріТүбірлері2 x2  - 5x + 3 = 0 x2 + 3x + 2 = 0 5x2 – 8x +3 = 0 Деңгейлік тапсырмалар   5 ұпайI деңгей 2 ұпай3 x2 – 7x + 4 = 0II   деңгей 3 ұпай   1 – 18p + 81 p2 = 0III деңгей 5 ұпайх- тің қандай мәндерінде x2 – 11х + 31 үшмүшесі 1-ге тең мән қабылдайды?
Сергіту сәті. Сөзжұмбақ шешу  Қорытындылау. ( слайд №23)Кез келген квадрат теңдеуді шешуге болады. Ол үшін:a)      жалпы жағдайда ДИСКРМИНАНТТЫ табу формуласын біліуіміз қажет, оның үш жағдайын. D>0. D=0. D<0;b)      Келтірілген квадрат теңдеу болғанда, оны Виет теремасы арқылы шешу;c)      a+b+c=0   және   a+c=b дербес жағдайларды мұқият ескеру:д) Рационал теңдеулерді шешкенде ең бірінші ММЖ-ны анықтау, БӨГДЕ түбірден сақ болу. Үйге тапсырма беру.      № 484, № 486