Квадрат те?деу т?бірлеріні? формулалары. Дискриминант


Берілген уақыт Пәні: Алгебра Мерзімі: Сыныбы: 8«Г»
№ 26 ЖББМ директорының ОІЖ орынбасары:
Сабақ реті39:
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары. Дискриминант
Сабақтың реті: 39-сабақ
Жалпы сабақтың мақсаты: Тиімді   ойлау  тәсілдерін  үйрете отырып, практикалық есептерді шығару үрдісінде    шығармашылық ойдың  үзіліссіз жұмыс істеуіне көмектесу және экономикалық     есептеулерді жүргізе білуді үйрету.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Оқушыларға осы тақырыпты толық меңгерту
Түйінді идеялар: формулалармен таныса отырып, оның барлық мүмкіндіктерін меңгеру
Сабақтың типі: Жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау және іс-әрекет әдістерін жетілдіру
Сабақты ұйымдастыру түрі: Тренинг-тәжірибе
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сәлемдесу», «Ой тастау» әдісі, «Айырмашылықты тап» әдісі, «Бас бармақ», «Кім жылдам?», «Куту уақыты», «Түртіп ал», «Үш К және Ә» әдісі
Жұмыс түрлері: Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: Тақта , ғаламтор, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер
І Қызығушылығын ояту кезеңі:
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
2 мин 1-әрекет . Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылар бір-бірінің қолын алып, тілек айтып амандасады. ойсергегі арқылы«Сәлемдесу», «Көңіл-күй қоржыны» смайлдары арқылы оқушылар көңіл -күйін білдіру арқылы сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастырады.
2 мин 2-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу Фигуралар арқылы 4 топ өз орындарын табады.
5 мин 3-әрекет. Топтық жұмыс:
«Ой тастау» осы тақырып бойынша балаларға ребус тарату арқылы тақырыпты табу. Суреттерді пайдаланып ребусты шешеді топтастырады және оның қандай тақырып екенін анықтайды, жариялайды, бір-бірін толықтырады.
ІІ Мағынаны ажырату кезеңі:
5 мин 4-әрекет. Жеке, жұппен, топпен жұмыс:
«Арасындағы айырмашылықты тап» әдісі бойынша сурет таратылады

Топпен жұмыс .Оқушылар танысады, тиімді жақтарын, мүмкіндіктерін анықтайды, постер жасайды. Ұжымға жариялайды.
5-әрекет. Топтық жұмысты бағалау
«Бас бармақ» әдісі бойынша Жұмыс «бас бармақ» әдісі бойынша бағаланады
Барлығын түсіндім
Енді түсініп келемін
Түсінбедім
6 мин6-әрекет. Жеке жұмыс:
«Кім жылдам» әдісі бойынша оқушыларға жеке үлетірме қағаз беру
Ітоп № 262
ІІ топ№263
ІІІ топ №264
IV топ №265
Оқушылар есепті шығарды.
Жеке қағаздарын ауыстыру арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
1 мин 7-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Сергіту сәті»
Балаларға көз жаттығуларын жасату
Оқушылар орындарынан тұрып, интербелсенді тақтада көрсетілген көз жатығуларын бірнеше рет қайталайды.
6 мин 8-әрекет. Топтық жұмыс:
«Күту уақыты» әдісі бойынша осы тақырыпта 2 ашық, 2 жабық сұрақ әзірлеуді тапсыру. Әр топ әр тақырып бойынша 2 ашық,
2 жабық сұрақтар әзірлейді, әзірлеген сұрақтарын басқа топтарға қояды, жауаптарын қабылдайды, толықтырады.
2 мин 9-әрекет. Ұжымдық жұмыс:
«Түртіп ал» әдісі бойынша үйге тапсырма: №1, №2 (2,4,6) ережелерді жаттау Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
ІІІ Ой толғаныс кезеңі:
10 мин 10-әрекет. Жеке жұмыс:
«Ой тастау» әдісі бойынша оқушыларға осы тақырыптар бойынша есептер беру Есептерді әр қайсысы шығарып , ортаға салады, талқылайды.
11-әрекет. Жеке жұмысты бағалау
Оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жұмысты бағалайды
3 мин 12-әрекет. Мұғалім баға қояды.
Өзін-өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін және бір-бірін бағалайды.
3 мин 13-әрекет
«Үш К және Ә» әдісі бойынша кері байланыс жасау.
Мұғалім оқушыларға сабақта өздеріне ұнаған үш жақсы кезеңді таңдап алу ұсынылады, ал оқушы болса сабақты жақсарту үшін өзінің бір әрекетін ұсыну қажет.
3 мин 14-әрекет . «Ыстық орындық» әдісі бойынша белсенді оқушыны марапаттау Оқушылар ең белсенді оқушыны анықтап, «Ыстық орындыққа» отырғызады, оған бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды, сыйлық беріледі
2 мин 15-әрекет. Жеке жұмыс:
«Анкета» әдісі бойынша кері байланыс жасату
Оқушылар күтілетін нәтижеге ойларын анық жеткізеді, бірін-бірі бағалай алады.
Оқушылар анкета толтыру арқылы кері байланыс жасайды.
Пән мұғалімі Мырзабай Әсем Сатыбалдықызы