??стар бізді? досымыз сыныптан тыс шара


Бекітемін: 14.03.16 ж Тақырыбы: Құстар - біздің досымызМақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әсем құстармен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.Көрнекіліктер: Альбом, суреттер, плакаттар.Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру бөліміМұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар !Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз. Міне, көктем жыршысы құстар келе бастады.Құстар біздің досымызБіз қамқоршы боламызҚұстарға ұя саламызЖем су беріп жаз бойыБалапанын бағамыз. Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты сыныптан тыс сағатымызды бастаймыз. Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз. (2 - оқушы қысқаша баяндама оқиды)1 - оқушы: 1927 жылының көктемінде жас натуралистердің Қ. А. Тимирязев атындағы орталық биостанциясында бүлдіршіндердің құстарға арналған тұңғыш мерекесі - құстар күні өткізілді. Бұл мерекеге алдын - ала әзірленіп, құстарға ұя жасайды, плакат, ұран жазады, қабырға газеттерін шығарады, құс маскаларын дайындайды. Табиғатта да адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы көрінісімен ормандарды, саябақтарды, шалғындарды және табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді.2 - оқушы: Адам құстарды спортқа және әр түрлі мақсатта қолға үйретіп, баптайды. Құстар атаулының бәрі пайдалы. Құстардың – қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға қыста жем шашар, жазда ұялағыш үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау - табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты, Құстардың ұясын бұзып жұмыртқасын жарудан аулақ болыңдар.Мұғалім: − « Өлең сөздің патшасы сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы.» - деп Абай атамыз жырлағандай өлең жолдарына кезек берейік. Оқушылар хормен:Құстар – біздің досымыз,Шырқап әнге қосамыз.Құстар - біздің досымыз,Көктем сайын тосамыз.Мақсат: Жыл құстары келді деп,Балдырғандар мәз болды.Қос қанаты желпілдеп,Көлге үйрек - қаз қондыАқниет: Құстар тойын құттықтап,Қуанамыз қолдаймыз.Ұя жасап құттықтап,Біз оларды қорғаймыз.Ерсұлтан: Жылы шуағымен гүл өсірген,Жыл құстарын ілестірген,Көрікті көктем келді.(осы кезде Көктем келеді).Айару: Сағынышпен жеткен,Қуана бер көктем.Жайнап нұрлы гүлің,Басқар құстар күнін.Көктем: Сәлем достар аман ба?Мынау бейбіт заманда.Шат шадыман көктеммін,Шаттық болсын әманда.Ән құстарым үніммен,Сән құстарым гүліммен.Қуантамын бәріңді,Құт - береке күніммен.
Мирас: Сәлем елдің көктемі,Әлем енді көктедіҚұрметпенен бас идік.Құстарына көктемгі.Көктем: Рахмет, балалар,Сендерде ой - сана бар.Бау - бақшаның дұшпанын,Бастырмады құстарым.Кербез құстар әнімен,Келді міне сәнімен.Мұғалім:
- Оқушылар, қандай жыл құстарын білесіңдер? (Барқылдақ, торғай, бозторғай, қарлығаш, шымшық, көкек, қара торғай т. б. )- Оларды не үшін жыл құстары дейміз?(Олар алысқа ұша алады. Суық түсісімен алыс жақтарға ұшып кетеді де көктемде біздің жаққа тіршілік етуге қайтып оралып, ұя салады, балапан шығарады)- Қыстап қалатын құстарды білесіңдер ме?(ұзақ қарға, тоқылдақ, сауысқан, сары шымшық, көгершін)- Дұрыс. Олар ешқайда кетпейді. Жыл бойы біздің жақта тіршілік етеді. Бұл құстар суыққа төзімді келеді. Қандай аяз болса да өз қоректерін тауып жейді екен.
- Үй құстарын білесіңдер ме?( тауық, үй қазы, күркетауық, үйрек)
- Біздің Казталов елді мекенінде қандай құстар бар?Мұғалім: Ал, балалар, сіздердің білімдеріңізді сынау үшін сайыс өткізіп көрелік. Қане, екі топқа бөлініп отыра қоялық.Сайыстың шарттары:
1.Таныстыру
2.Мақал- мәтел
3. Сұрақ - жауап
4. Жұмбақ
5. Құстардың дауысын салу немесе құсқа байланысты болжамдар айт.
6. Кім көп біледі?
І.Әр топ өздерін таныстырсын.
ІІ. Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал – мәтелдері қаншама десеңші! Мақал - мәтелдер халықтық педагогиканың үлкен бір арнасы. Сол мақал – мәтелдерді айтып жарысайық. Әр топ өз білгендерінше мақал айтады.1 - оқушы: Ақсұңқар - құстың баласы алдына қоймай жем жемес.2 - оқушы: Аққу құссыз - көл жетім, айтылмаған сөз жетім.3 - оқушы: Өлеңге енсе - сөз сұлу, аққу жүзсе - көл сұлу.4 - оқушы: Қарға баптанып, сұңқар болмас, Есек мақтанып, тұлпар болмас.5 - оқушы: Бұлбұлға бау жақсы,Кекілікке тау жақсы.Ер жігітке бәрінен,Туып - өскен ел жақсы.6 - оқушы: Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тидірмес.Ер жігітке оқ тисе, қиналғанын білдірмес.ІІІ.Құстар адам өміріне сән – салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан, атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді құстарға теңеп, «аққу мойын», «қасы қарлығаштың қанатындай», «бүркіт тұмсық», «қаз дауысты»т. б. деп сипаттаса, «Қарлығаш», «Сандуғаш», «Бүркітбай» деп балаларына ат берген.
- Енді балалар, құстар жөнінде викторина сұрақтарына жауап берейік. Әр топ бес сұраққа жауап береді.1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?(Бүркіт)2. Қандай құс хат тасушы атанған?(Көгершін)3. Қандай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)4. Бейбітшілік құсы қай құс? (Көгершін) 5. Құстар балапандарын қайда өсіреді? (ұяда)
6.Киелі құс?(аққу)
7.Қандай құстың құйрығы айыр?(қарылғаш)
8.Түнде ұшатын құсты ата? (жарғанат)
9. Орман дәрігері?(тоқылдақ)
10. Өз атын өзі шақыратын құс?(көкек)
ІҮ.Құстарға арналған көптеген жұмбақтар да бар. Енді осындай біраз жұмбақ шешіп көрелік. Әр топ бес бетен жұмбақ шешеді.1.Туысы дейді құстардыңІнісі дейді тышқанныңТышқан да емес, құс та емесЕкеуінен де тыс қалдым (Жапалақ)2.Қызығып әр адамҰстап ап даладанЖүнімен жұлып апБесікке қадағанБұл қай құс? (үкі)3.Қашаудай мықты тұмсығымБәсеке тігем бұл шынымҚұрт, қоңыз, аулап жарысамОрман дәрігері боп табылам (Тоқылдақ)4.Түсі қара мақпалдайТөсі ақ сыр жаққандайҰшса оқтай зулайдыКөктен жұлдыз аққандай (Қарылғаш)5.Биікке салған ағаш үйСол ғой оның мекеніЖаздай сайран салып апҚыста алысқа кетеді (Қараторғай)6. Он екі айдың біреуіСірә оның атындаӨзге ұяға із тастапМен деп жар сап жүреді (Көкек)
7.Сайрайды бір талмайды, Әнші құс бұл таңдайлы. (бұлбұл) 8. Қараңғыда ұшады, құбылады.
Жарық көрсе қашады, тығылады.        (жарқанат)
9. Шарлап келіп даланы,
Үйіне үй салады.   (қарлығаш)
10.Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайдыКөктем жұлдыз қаққандай.   (қарлығаш)
 11.Орман іші солқылдап,
Жаңғырықты түнімен.
Ұрды ағашты тоқылдап,
Тұмсығының түбімен.        (тоқылдақ)
Y.Ал, балалар құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?
· Құс жүнін үрпитсе- жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
· Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
· Шымшық ұя салса- қыс қатты болады.
· Қарға қарқылдаса - қар жауадыҮІ.Кім көп біледі? Құс аттарын параққа жазу.
Мұғалім: Оянып бар табиғат ұйқысынан,
Жадырап құтылғандай құс қамынан.
Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.
Міне, құрметті қонақтар осымен құстарға арналған “ Құстар – біздің досымыз“ атты сыныптан тыс сағатымыз аяқталды. Қымбатты құстарға қамқор болайық.