Ж?лдызды с?т географиядан сыныптан тыс ж?мыс


Мақсаты: Географиядан алған білімдерін ортаға салу, оқушылар дүниетанымын кеңейту, тез ойлана білуге үйрету, топпен, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Мұғалімнің сөзі:
Оқысан ғылым қорын, білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Бар ізгілік тек білімменен алынар,
Білім ал, ол өмірдің жолын ашар.
(Ш.С.Өтеев)
Білім – адам баласының ортақ қазынасы, олай болса ойыншыларымызды ортаға шақырайық.
Оқушыларды топтарға бөлу:
1-ші топ Магеллан ұрпақтары;
2-ші топ Галилео Галилей.
Белгіленген орындарына отырғызу, ойын шарттарымен таныстыру, әділ-қазылар алқасын сайлау, барлық қатысушылардың назарын ойынға аудару.

Кіріспе
Таныстыру: Екі топ ұрандарымен өздерін таныстырады.
Негізгі бөлім
Мұғалім
Ал, балалар, сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Білімді бір тексеріп көрейік біз
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар! – деп сайысымыздың келесі «Жұлдызды сәт» кезеңін бастаймыз.
1-ші топ
Адамдар қандай әдістерді қолдана отырып, табиғатты оқып үйренеді? (Бақылау, тажірибе, өлшеу)
Галактика дегеніміз не? (Жеке жұлдыздар тобы)
Қандай ғаламшарлар Күн жүйесіне жатады? (Меркурий, Шолпан-Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)
Қай жылы жердің жасанды серігі ұшырылды? (4 қазан 1957ж.)
Алғашқы ғарыщкердің есімін ата? (Ю. Гагарин 1961ж. 12 сәуір)
Ең алғашқы пайда болған материк? (Пангея)
Ең алғашқы пайда болған теңіз(Тетис)
Жердің ішкі құрылымы неден тұрады? (Жер қыртысы, мантия, ядро)
Тау жыныстары нешеге бөлінеді? (Магмалық, шөгінді, метаморфты)
2-ші топ
Біздің Галактикамыз қалай аталады?(Құс жолы)
Жұлдыз дегеніміз не? (Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі)
Қандай аспан денелері Күн жүйесін құрайды? (Астероидтар, Кометалар, Метеориттер)
Қазақстанның ғарышкерлерін ата? (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Әйтімбетов).
Айдағы қою қошқыл дақтарды не деп ойлайсын(Кратер)
Ең алғашқы пайда болған мұхит? (Панталасса)
Мұхит және теңіз сулары судың негізгі қорының неше пайызын құрайды? (97%)
Емдік сулардың шығып жатқан жерін не деп атайды? (Арасан)
Жер атмосферасы қанша уақыт аралығында пайда болған? (3-4 млрд жыл)
Мұғалім
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге-ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға – сол алда.
Ұлы географиялық ашылулар
10. Атақты ойшыл ғалым әл-Фараби бірнеше тілді менгерген философ және энциклопедист болған. Сұрақ: әл-Фарабидің ғылымдардың басты салалары қамтылған еңбегін ата? (Ғылымдардың жіктелуі)
20. Белгілі ұлы ғалым Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасы мен флорасын зерттеді. Ыстықкөлдің картасын жасауға қатысты. Сұрақ: Бұл кім? (Ш. Уалиханов)
30. 1969 жылы 21 шілдеде бірінші болып ай бетіндегі шартты түрде аталған “Тыныштық” теңізіне арнайы айда жүретін кішігірім кемемен келіп қонған астронавтарды ата. (Нил Армстронг және Эдвин Олдрин)
40. Николай Коперник адамдардын ғарыш туралы түсінігіне үлкен өзгеріс енгізді. Бірақ 1916 ж. оның тұжырына қатаң шара қолданып, тыйым салынды. Сұрақ: Коперник қандай жаңа теорияны қалыптастырды? (Күн Жерді айналмайды, керісінше Жер және басқа ғаламшарлар күнді айналады)
Географиялық терминдер
10. Астрономия (Астро – жұлдыз, номос - заң)
20. Темірқазық (Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз)
30. Метафорфты жыныстар (грек тілінде «Метафорос» - өзгертемін, өзгерген)
40. Географиялық қабық (Литосфераның жоғарғы қабатын, гидросфераны, атмосфераның 20 км. биіктікке дейінгі төменгі қабатын, биосферамен қосып географиялық қабық деп атайды)

Күн жұлдыз
10. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар? (Меркурий)
20. Ауданы жағынан жерден сәл кіші, беткі температурасы шамамен 500 градус целсия болатын ең жарық ғаламшар? (Шолпан - Венера)
30. Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар? (Юпитер)
40. Күн жүйесіндегі табиғи серігі ең көп ғаламшар? (Сатурн – 17 серігі бар)

Мұғалім
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, ортақ жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақынба, әлде алыс па? – деп соңғы «Кім жылдам» кезеңіне көшелік.(Капитандарға жеке тапсырма беріледі.)
Велосипед, танк, ұшақ, су асты кемелеріне ұқсас механизмдерді өз уақытында жасаған оқымысты? (Леонардо да Винчи)
Телескопты алғаш ойлап шығарған кім? (Галилео Галилей)
Мұғалім
Әділқазы алқалары сайыс қорытындысын шығарып болғанша – жанкүйерлерге сұрақ берейік.
1-ші топ жанкүйерлеріне:
Жер қанша миллиард жыл бұрын пайда болған? (4,5-4,6)
Жердің полярлық радиусы (6357 км.)
Күннің тұтылуы канша уақытқа созылады? (2-3 мин.)
2-ші топ жанкүйерлеріне:
Жер бетінің жалпы ауданы? (510,2 млн км2)
Жердің экваторлық радиусы? (6378 км.)
Айдың тұтылуы канша уақытқа созылады? (2 сағ.)
Әділ-қазылар алқасы сайыс қорытындысын жариялайды.
Мұғалім:
Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер! – деген ізгі ниетпен біз сайысымызды тәмамдаймыз. Біздің білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек сәттілік тілейміз.