Мен ?аза?станды?пын т?рбие са?атыны? презентациясы


Мен Қазақстандықпын! Желтоқсаннан бастау алған теңдігі, Қазағымның өркендеді елдігі. Құрбан болған Тәуелсіздік жолында Ағалардың ұмытылмас ерлігі. Тәуелсіздік –қазақтығы қазақтың, Тәуелсіздік –жойылуы азаптың. Биіктей бер,асқақтап жомарт халқым, Өркендей түс,аяқталды тозақ күн.  Шарықта, шарла көкті көк байрағым, Арманым,  Азаттығым, көпке айғағым. Мен сенің салтанатты сағатыңа Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым. Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым. Жерімнің жаңарды да бас қаласы, Көркейді кербез сұлу Астанасы. Өркендеп,өрлей түсті мәдениет, Жаңғырып,асқақтады әдебиет.  Қасиетті Қазақстаным,мекенім, Ақиқаттың  алтын бесігі екенсің. Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім, Болашағым, өнер-білім, өркенім. Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным, Парақтап сені киеңді түсіне бастадым. Сен менің арым, бағым, барымсың, Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның! 25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім Бодандығым ғасырларға жалғасқан Қазір, міне артта қалды келмес күн   Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің, 25 жасың құтты болсын нұр елім. 25 жылда шықтың талай белеске, Қазақстан жасай берші гүл елім