С?лтанмахм?т Торай?ыров


Сұлтанмахмұт Торайғыров Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893,Көктешау обл.Уәлиханов ауд.21.5.1920,Павлодар обл.Баянауыл ауд.)-ақын,ағартушы-демократ.13 жасында өлең жаза бастайды.1912 ж.Троицкідегі Яушев медресесіне түсіп,бір жыл оқыған соң көз,өкпе ауруының зардабынан оқудан шығыпқалады.Торайғыров қала маңындағы елдежаз бала оқытып, күз қалаға қайтакелді.1912 жылдан ақындыққа денқойған.1912-13 ж. “Оқып жүрген жастарға”,”Талаптарға”,”Оқытудағы мақсат не”,”Анау-мынау”,”Мағынасыз мешіт”,”Жарлау”,”Досыма хат”,”Шығамын тірі болсам адам болып”,т.б.өлеңдерін,”Зарландым”,”Өлең әм айтушылар”,”Ауырмай есімнен жаңылғаным”,”Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”,т.б. әңгіме,мақалалар жазған.1913-14 жылдары “Айқапта”хатшылық қызмет істепжазғандарының бірқатарын журналға жариялаған. Сұлтанмахмұт Торайғыров Өлеңдері: 1.Саяси лирикасы.2.Табиғат лирикасы.3.Махаббат лирикасы.4.Көңіл-күй лирикасы. Сұлтанмахмұт Торайғыров Өлең-фельетон: 1.”Адасқан өмір”. 2.”Кедей”. 3.”Айтыс”. 4.”Қайғы”. 5.”Қамар сұлу”. 6.”Кім жазықты?”. Сұлтанмахмұт Торайғыров Публицистикалық шығармалары:1.”Зарландым”.2.”Ауырмай есімнен жаңылғаным”.3.”Өлеңмен жазылмақ драманың материалы”.4.”Қазақ ішінде оқу,оқыту жолы қалай?”.5.”Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”.6.”Өлең мен айтушылары”.7.”Социализм”. С.Торайғыров-қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны,ғажап ақыл-ойшысы.Ол-ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы.Абай ашқан поэтикалық мүмкіндікті өзі өмір сүрген қоғам шындығын,қайшылығын бейнелеуге еркін де кең пайдаланған шебер.Сұлтанмахмұт өлеңдегі Абай өрнегін шебер пайдаланушы ғана емес,өзінің ақындық қуат-дарынымен жаналаушы,ілгері дамытушы.Ол-қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті аталатын тұтас дәуірдің айрықша ірі тұлғасы. / Бейсенбай Кенжебаев / Сұлтанмахмұт-өзінің көңіл күйін,қуанышы мен қайғысын,мұң мен назын,сүйінуі мен күйінуін өте шебер және нәзік етіп шерте білетін сыршыл, лирик ақын. Мен-қазақ,қазақпын деп мақтанамын,Ұранға “Алаш” деген атты аламын.Сүйгенім қазақ өмірі,өзім қазақ,Мен неге қазақтықтан сақтанамын?