5класс ашы? саба?: Файлдар,бумалар ж?не жарлы?тар


Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар
Класы: 5
Пәні: информатика
Пән мұғалімі: Өтемұрат Айгерім Нұрлыбекқызы
2016-2017 оқу жылы
Бекітемін:
ОІЖО: Г.Нұрманова
Класы: 5
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтарСабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету.Тәрбиелік: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрете отырып, жұппен жұмыс жасауға үйрету, сонымен бірге өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу.Дамытушылық: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрете отырып, пәнге қызығушылығын арттыру, көре және ести отырып көру және есте сақтау қабілеттерін дамыту, компьютермен сауатты жұмыс жасауын қалыптастыру.Сабақтың типі: жаңа сабақСабақтың түрі: аралас сабақ (тірек - сызбалар, «Шыңға шығу» ойыны, практикалық тапсырмалар, «Өзіңді тексер!» тесттік жұмыс, «Ой толғаныс»)Сабақтың әдісі: интерактивті тақта және тірек - сызбалар көмегімен түсіндіру, практикум элементтері бар көрсете баяндау, жұптық және жеке жұмысСабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, бағалау қағаздарыСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: 
Сәлемдесу, түгелдеу.Ынтымақтастық атмосферасын құру.
«Ыстық алақан» Мақсаты: тұлға аралық қарым қатынас.
Шаттық шеңберге тұрып, оқушылар бір біріне жылы лебіз айтып бір бірінің қолдарынан ұстауын сұраймын.
II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. «Шыңға шығу» ойыны көмегімен үй тапсырмасын сұрау. Ойын шарты бойынша жалаушаларда жасырынған сұрақтарға жауап бере отырып, тау шыңына көтерілу. Ойынның сұрақтары:1. Терезе деген не?2. Терезелердің түрлерін атаңдар.3. Пернелердің Alt+F4 тіркесімдерінің қызметі қандай?4. ОЖ дегеніміз не?2. «Миға шабуыл» Файл және буманың суретін құрастыру арқылы оқушылар топқа бөлінеді және жаңа тақырыптың атын ашу.III. Жаңа сабақты түсіндіру:Файлдық жүйенің негізгі нысандары: файлдар, бумалар және жарлықтар.ФайлдарФайл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың аты екі бөлімнен: сол жақ (аты) және оң жақ (кеңейтілуі) бөлімдерінен тұрады. Файлдың кеңейтілуі оның тұрпатын (мазмұнын) меңзейді.Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ /: * > < |.БумаларБума – объектілер қоймасы.Бумалардың түрлері:Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады.Жұмысшы бумалар. Тұтынушылардың өздері құрады. Оларға Windows - де рұқсат етілген амалдардың барлығын қолдануға болады. Олар арнайы белгімен жабдықталады. Мұндай бумаларды олардың белгішелерін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы ашады.ЖарлықтарЖарлық – нысанға қол жетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.Жарлық программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы ашуға арналған.Жарлықты басқа файлдардан немесе бумалардан ажырату оңай. Себебі жарлықтың төменгі сол жақ бұрышында сілтеменің суреті салынған.Қарапайым файлда немесе бумада мұндай сілтеменің суреті жоқ.Егер негізгі орындалатын файлды жойсақ, онда программа жұмыс істеуін тоқтатады.Жарлық жойылса программаға ештеңе болмайды. Сендерге тек жаңа жарлық құру немесе программаны орындалатын файл арқылы ашу керек болады. Жарлықты кез келген нысан үшін құруға болады.

Ойындар бумасының үлгісі Ойындар бумасының жарлығы
Буманы құру

ЕСТЕРІҢДЕ БОЛСЫН! Егер сендер ақпарат тасығыш құралға, мысалы, флешкаға жарлық көшірсеңдер, онда басқа компьютерде файлдарың ашылмай қалады. Ақпаратты тасымалдау үшін жарлықты емес файлдың өзін көшіру керек.Бумалардың бұтақталуы (иерархиясы)Терезенің сол жақ бөлігінде көргендеріңдей, бумалар бірінің ішіне бірі кіруі мүмкін. Ақпаратты сақтаудың мұндай құрылымы бұтақталуы (иерархия) деп аталады.Бұтақталған файлдық құрылымнан файлды табу үшін осы файлға дейінгі жолды көрсету керек.Файлдың атымен бірге жазылған файлға дейінгі жол файлдың толық аты деп аталады.ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру: Жеке жұмыс. Практикалық тапсырма. Практикалық тапсырманы компьютерде орындаңдар.1. Жұмыс үстеліндегі Құжаттар (Документы) бумасын ашыңдар.2. Ашылған бумада Жаңа бума (Новая папка) бұйрығын таңдау арқылы жаңа бума құрып, оған ат беріңдер.3. Құжаттар (Документы) бумасындағы бірнеше файлдарды көшіріп алып, өздерің құрған бума ішіне орналастырыңдар.4. Олардың бір - екеуінің атын өзгертіңдер.5. Бумадан кері шығып, өздерің құрған бумаға жұмыс үстеліне жарлық құрыңдар.V.Сергіту сәті
VI. Жаңа тақырыпты бекіту: (постер қорғау)
Бума
Файл
 Жеке жұмыс. «Өзіңді тексер!» тесттік бақылау жұмысы.1. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?А) ФайлВ) БумаС) ПрограммаD) Құжат2. Жарлық – ол:А) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтемеВ) Нысанға қол жеткізуді жеңілдететін бумаС) Арнайы түрде құрылғанD) Мәтіні бар файл3. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:А) 100В) 200С) 50D) 2554. Буманы ашу үшін не істеу керек?А) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен бір рет шертуВ) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен бір рет шертуС) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шертуD) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен екі рет шерту5. Бума дегеніміз не?А) Windows – та бума құрылымының иерархиялық ұстанымын түсіндіру.В) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтемеС) Мәтіні бар файл
D) Арнайы түрде құрылған6. Файлдық жүйенің негізгі нысандары:
А) Файлдар, белгішелерВ) файлдар, бумалар және жарлықтар.С) Жарлықтар, бумаларD) Компьютер, монитор, файлдарТестті бағалау шкаласы:6 ұпай – 5;5- 4 ұпай – 4;3 ұпай – 3;VІI. Қорытындылау: . Оқушылар стикерлерге бүгінгі жаңа сабақ не үйренгендерін, білгендерін қорытындылап, әртүрлі гүл күлтешелеріне жазып тақтаға іледі.
Өзін-өзі бағалау.
тақырыпты жақсы меңгердім.
сабақты жақсыдан төмен меңгердім, әлі де жұмыс жасауым қажет.
бұл тақырып бойынша көп жұмыс жасауым қажет.ҮІІI. Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыптыр оқу
Шығармашылық жұмыс: Файлдар туралы эссе жазу.IX. Оқушыларды бағалау