Мектепішілік ?аза? тілі мен ?дебиет п?ні бойынша олимпиада ж?мысыны? тапсырмалары (6-сынып)


Мектепішілік қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша олимпиада жұмысының тапсырмалары (6-сынып)
1-тапсырма
1.Әдеби тіл мен оның нормалары.
2.Батырлар жыры,оның тақырыбы мен идеясы.
3.Абайдың отыз бірінші қара сөзі
4. «Қаламгер» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2-тапсырма
1.Сөз тұлғасы.Түбір мен қосымша.
2.Сапалық және қатыстық сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра.
3.Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өлең жолдары кімнің шығармасынан алынған?Авторы туралы не білесің?
4.Етіс дегеніміз не?
3-тапсырма
1.Дара және күрделі сөздер.
2. ...Қазір мен ақ қанды адаммын.Қызыл қан азая-азая сарқылып келеді.Жиырма жыл
жасау үшін де аз арпалысқаным жоқ.Әлі де алысып көремін...
Кімнің шығармасынан алынған үзінді?Жазушының қозғаған тақырыбы не жайында?
3.Теңеу дегеніміз не?
4. Ырықсыз етіс дегеніміз не? Мысал келтір.
4 - тапсырма
1.Қос сөздер,оның түрлері.
2. –Мынасы жаңа әні...Дәл осы арада туған,бізбен қоштасып айтқан ән ғой!Шын шабыт-
тың өзі ғой!..деп қызығып,тыңдап қалды.
Қайдан алынған үзінді?Шығарма қалай аталады?
3.Салт және сабақты етістік .
4. «Кім болам?» деген тақырыпқа ойтолғау жаз.
5-тапсырма
1.Зат есім.
2. Арыстанмын,айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын,маған қарсы кім тұрар?-деген өлең жолдары қай ақынның шығар-
масынан алынған?
3.Типтік образ .
4.Сан есім,оның мағыналық түрлері .
6-тапсырма
1.Сын есім,оның жасалуы,мағыналық түрлері.
2.Сүйінбай Аронұлы.
3.Лирикалық қаһарман.
4. «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында ой толға.
7-тапсырма
1.Атауыш,көмекші және одағай сөздер.
2.Ә.Сәрсенбаевтың «Туған жер» өлеңі.
3.Мысал деген не?
4. «Туған жер-алтын бесігім» тақырыбына шағын шығарма жаз.
8-тапсырма
1.Есімдік,оның мағыналық түрлері.
2. «Жасымыз болса кеп қалды,
Көрмедік бұдан паналық,
Енді қандай қылалық?
Мақұл десең алғаным,
Алаша төсек салғаным,
Әзіреті сұлтанға
Екеуіміз де баралық,
Әулие қылса керемет
Болар ма екен жаңалық?..-деген жыр жолдары қайдан алынған?Кейіпкерлеріне
сипаттама бер.
3. Баллада .
4. Сан есімнің емлесі.
9-тапсырма
1.Орфография және орфоэпия.
2.Күлтегін жыры.
3.Риторикалық сұраулы сөйлем.
4. «Өтірік өрге баспас» тақырыбына өз пікіріңді жаз.
10-тапсырма
1.Есімдік,оның мағыналық түрлері.
2.Әсірелеу(гипербола).
3. –Жан-жақтан құмырсқаша өріп,қаптап келеді.Оларға қарсы тұратын дәрмен бізде
қалмады,- деді Мұхаметқұл.
Қай шығармадан алынған үзінді?Тақырыбы мен идеясын айқында.
11-тапсырма
1.Біріккен сөздер,олардың емлесі.
2.Ә.Сәрсенбаев «Сен құрметте оны,қарағым!» өлеңі.
3.Лирика .
4.Реттік және жинақтық сан есімдер.
12-тапсырма
1.Сын есім,оның жасалуы және мағыналық түрлері.
2.І.Жансүгіров «Анам тілі» өлеңінің бір шумағын өлең құрылысына талда.
3.Шендестіру(антитеза).
13-тапсырма
1.Етістік,оның құрамына және мағынасына қарай бөлінуі.
2.Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» .
3.Эпитет.
4.»Кітап» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
14-тапсырма
1.Буын және оның түрлері.
2.Абай. «Әсемпаз болма әрнеге»
3.Типтік образ.
4. «Достық» сөзіне фонетикалық талдау жаса.