Саба? жоспары Файлдар, бумалар, жарлы?тар


Пән: Информатика
Сынып: 5 г
Сабақтың тақырыбы: «Файлдар, бумалар, жарлықтар».
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға файлдар, бумалар, жарлықтар, бумалар иерархиясы анықтамалары мен сипаттамаларына түсінік беру, бумаларды, жарлықтарды құру тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық: Әр оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейтуге, компьютермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: тапсырмалары бар карточкалар, интерактивті тақта, компьютерлер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі – 1 мин
ІІ. Үй тапсырмасы – 5 мин
ІІІ. Жаңа білімді игерту – 33 мин
Ү. Сабақты қорытындылау – 3 мин
ҮI. Оқушыларды бағалау – 2 мин
ҮІІ. Үй тапсырмасы – 1 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасы: Ой-қозғау сұрақтары
Windows-те қандай терезелер жоқ?
Alt+F4 пернелері тіркесімдерінің қызметі?
Қандай терезелердің мәзір жолдары, жиыру және жаю батырмалары жоқ?
Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетілді?
Мына батырма қандай қызмет атқарады?
Мына батырма қандай қызмет атқарады?
Мына батырма қандай қызмет атқарады?
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.
Файл – аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не программа, не құжат болуы мүмкін. Әр файлдың аты болады. Оның оң және сол жақ бөліктерден тұратын екі аты болады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және олар файлдың типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-ден 255 символға дейін жетеді, оның пайдаланушы үшін құжаттың қызметін анықтайтын мазмұндық жүктемесі бар. Файл атында ? : * < > / символдарын пайдалануға болмайды.
Файл кеңейтілімдері:
.bmp Paint графикалық қолданбасының суреті
.doc Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары
.txt Блокнот қолданбасының құжаты
.wav Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы
.aviБейнеклип
.jpg Фото, сурет
.exe Орындалатын файл

Бума – пайдаланушының сызбалық тілдесуінде көрінетін бағдарламалар мен файлдарға арналған, бейне бетте кеңсе папкасына ұқсайтын белгіше түрінде көрініс табатын сауыт.
Бумалардың түрлері:
Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесінде өзі құрып, тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе орнын ауыстыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады.
Жұмысшы бумалар. Тұтынушылардың өздері құрады. Оларға Windows-те рұқсат етілген амалдардың бәрін қолдануға болады.

Жарлық - нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Олардың қапшық белгішесінен айырмашылығы - оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны екі рет шерту құжатты ашады немесе программаны іске қосады. Таңбашаны жойғанда оны көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.

Бумалардың бұтақталуы (иерархиясы)
Бумалар бірінің ішіне бірі кіруі мүмкін. Ақпаратты сақтаудың мұндай құрылымы бұтақталуы (иерархия) деп аталады.
Файлдың атымен бірге жазылған файлға дейінгі жол файлдың толық аты деп аталады.

Ү. Сабақты қорытындылау.
Компьютер арқылы тестілеу (3 мин)
Тест.
қандай батырма?
А)Терезені жаймалау батырмасы
Б) Терезені жималаубатырмасы
С) Терезені жабу батырмасы
қандай батырма?
А)Терезені жаймалау батырмасы
Б) Терезені қалпына келтіру батырмасы
С) Терезені жималау батырмасы
қандай батырма?
А)Терезені қалпына келтіру батырмасы
Б) Терезені жималау батырмасы
С) Терезені жаймалау батырмасы
Windows cөзінің аудармасы?
А)Терезе
Б) әдістеме
С) практика
Терезенің неше түрі бар?
А)5
Б) 4
С) 2
Қиып алу, сақтау, көшіру, батырмалары қай панельде орналасқан?
А)жұмыс алаңында
Б) тақырып жолы
С) құрал-саймандар тақтасы
қандай белгіше?
А) Бағдарлама белгішесі
Б) Бума белгішесі
С) Құжат белгішесі
қандай белгіше?
А) Жарлық белгішесі
Б) Бума белгішесі
С) Файл белгішесі
қандай белгіше?
А) Бума белгішесі
Б) Құжат белгішесі
С) Файл белгішесі
қандай белгіше?
А) Файл белгішесі
Б) Бума белгішесі
С) Құжат белгішесі
ҮI. Оқушыларды бағалау.
Өзің-өзі бағалау парағы бойынша
ҮІІ. Үй тапсырмасы.
85 бет §11, 95 бет өзіңді тексер!