Конспект урока по казахскому языку Дара ж?не к?рделі етістіктер (2 сынып)


Қазақ тілі 2 – сынып Күні : 29. 02. 2016
Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер.
Мақсаты:
1. Жаттығулар орындай отырып, зат есім мен етістіктерді ажырата білуге баулу.
2. Тілін, сөздік қорларын дамыту.
3. Төрт түлікті сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: арнайы суреттер, үлестірмелер
Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, әңгімелеу.
Түрі: қайталау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі : Сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі:Дара және күрделі етістіктер
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:4-жаттығу.
ІҮ. Білімдерін тексеру: 2-жаттығу мәтінді оқу, етістіктерді табу, салыстыру. 4-жаттығу жатқа жаз.
3-жаттығу сөйлем құру. Күн күркіреді. Жаңбыр сіркіреді. Найзағай жарқылдады.
Ү. Қосымша дәптермен жұмыс :
Дара және күрделі етістіктер тақырыбының тапсырмаларын орындау
1-жаттығу : Дара етістікті күрделі етістікке айналдыр
2 – жаттығу : ребусты шеш.
3 – жаттығу көп нүктенің орнына тиісті етістікті тіркеп жаз
Бекіту: «Ыстық орныдық»
Етістік дегеніміз не?
Дара етістік дегеніміз не?
Күрделі етістікке сөйлем құрау.
ҮІ. Үйге тапсырма:5-жаттығу
Бағалау : Оқушылар орындаған тапсырмалардың дұрыстығына сай, баға қою