?аза? тілі п?нінен саба? жоспары:М?тін ?діскері: Жахметова Балжан К?шкінбаевна


Пән: қазақ тілі
Сынып: 4А
Әдіскер: Жахметова Б.С.
Тәлімгер: Несіпбек М.
Тақырып: Мәтін
Мақсаты:
1. Оқушыларға мәтін және оның түрлері туралы түсінік беру.Мәтін туралы білімдерін пысықтау.
2. Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін,ойын дамыту.Өз пікірлерін дәлелдеуге ,жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
3. Ұйымшылдыққа,адамгершілікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысыҰйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіздер ме оқушылар.Отырыңдар.Сендерге бүгін қазақ тілі сабағынан мен беремін.Менің ата-жөнім:Айдарханова Камила Ерланқызы.
Психологиялық дайындық.
Оқушылардың сабаққа деген дайындықтарына, көңіл-күйлеріне назар аудару.
-Балалар, тақтада көңілді күнді көріп отырсыздар,осындай ашық,жарқын,күлімдеген көңіл күймен сабағымызды бастауға тілектеспін.

II.Үй тапсырмасын тексеру.
Алма ағашы.

- ?
-?
-?
-?
III.Жаңа сабақ.
-Мәтін дегеніміз не?
-Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
-Сендердің жауаптарынды толықтыра кетсем.
Ереже: Мәтін-бұл жалпы тақырып төңірегіндегі біріккен,ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі.
Мәтін-Мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.Мәтінге ат қоюға болады.
Мәтіннің үш бөлімі болады: Басы
Негізгі бөлім
Соңы
Мәтін:1.әңгімелеу
2.сипаттау
3.пайымдау
Мысал:1-жаттығу.
Мәтінді оқы?
Мәтіннің қай түріне жататынын анықта?
Оқулықпен жұмыс.
3-жаттығуды орындау.
Оқулықта берілген сурет бойынша мәтін құрастырып жаз.Мәтінге ат қой.оның қандай мәтін түріне жататынын анықта.
Дәптермен жұмыс.
-Балалар дәптерімізді ашайық,бүгінгі күнді және тақырыпты жазамыз.
-Жазу жазғанда тік отырып,партаға жатпай,дәптерді көлбеу қойып жазамыз.
-Мәтін-бұл жалпы тақырып төңірегіндегі біріккен,ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі.
4-жаттығу.
Оқулықта берілген мәтінді оқып,оған жоспар құр.
Сергіту сәті.
Оң қолымды көтерем,
Оң қолымды түсірем,
Сол қолымды көтерем.
Сол қолымды түсірм.
Оңға қараймын,
Аяқты топ-топ басамын,
Солға қараймын.
Біраз сергіп аламын.
Ойын.Адасқан сөйлемдер.
орны адасқан сөйлемдерден мәтін құра.
Бөлмемнің ауасы таза.мынау- менің бөлмем.оның терезелері үлкен.оң жақта менің төсегім тұр.сол жақта үстелдер,орындықтар тұр.
Жаңа білімді бекіту.
-Балалар тақтада ұяшықтарды көріп отырсыңдар,сол ұяшықтардың бірін таңдап,ішіндегі сұраққа жауап берулерің керек.

1ұяшық:Мәтін дегеніміз не
2ұяшық:Мәтіннің түрлерін ата3ұяшық:берілген мысал мәтіннің қай түріне жатады4ұяшық:
Қорытынды.
Кезбе тілші әдісі.Микрофон арқылы
-Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?
-Мәтінге жоспарды қалай құрамыз?
-Сабағымыз түсінікті болды ма?
Бағалау:Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: оқулықтың 25 беттегі 2-жаттығуды орындап келу.