Конспект по воспитательной работе с родителями на тему Балалар ???ы?тары туралы не білесіз?


+№ 31 «Күншуақ» мектепке дейінгі ұйымы
«Балалар құқықтары туралы не білесіз?»

Тәрбиеші: Кинжебаева А.Г.

2015-2016 оқу жылы
Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, құрметті әріптестер! Сіздердің назарларыңызға
мен балабақшамызда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың бір
түрін ұсынамын. Бұл жұмыс ата-аналардың қаншалықты бала
өмірімен, бала құқықтарымен таныс екендігін, өздерінің бала
өміріндегі маңызды және ерекше ролін қаншалықты түсінетінін
анықтауға бағытталған.
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш
шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп,
отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың
аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Балаға жауапкершілікпен
қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым
рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет.
Заңды білу – заман талабы.
1989 жылы 20 қарашада БҰҰ «Балалар құқықтары туралы
Конвенцияны» қабылдады. Конвенция - әлем балаларының
құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі 2
бөлім, 54 баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы
мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс
дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды»
делінген.
Біздің балабақшамыздың мектепалды даярлық тобында «Мен
кішкентай азаматпын» атты вариативтік бағдарлама бойынша оқу
іс-әрекеті жүргізіледі. Бұл бағдарлама негізінде даярлық топ
балалары өз құқықтары мен міндеттерімен танысып, оларды
күнделікті өмірде дұрыс қолдануға және бір-бірінен дұрыс
ажыратып түсінуге үйренеді. Енді мен сол бағдарламаға сүйене
отырып ата-аналармен, яғни сіздермен ойын- тапсырмаларын
орындатып қаншалықты өз балаларының құқықтары туралы
білетіндіктеріңізді анықтап және қосымша мағлұмат бергім
келеді.
«Есімге ие болу құқығы»
7 – бап: Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.
«Жіп орамасы» ойын-жаттығу.
Мақсаты: ата-аналар мен педагогты жақын таныстыру. Өз есімдерінің шығу тарихы мен бойындағы қасиеттері туралы әңгімелей білуге баулу.
Шарты: ата-аналар шеңберге отырып жіп орамасы арқылы кезекпен есімдерін атап, оны кім қойғанын және мағынасын түсіндіреді. Жіп ораманы кейін жинағанда өз бойындағы жақсы қасиеттерін атайды.
«Қандай құқық түрі?» ойыны
Шарты: берілген сурет бойынша құқық түрлерін ажыратып табу.
«Білім алу құқығы»
15-бап: Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. Білім баланың жеке тұлғасын және мүмкіндіктерін дамытуға, оны болашақ өмірге дайындауға бағытталуы тиіс.
«Жалғасын тап» ойыны.
Мақсаты: логикалық ойлауға және тез жауап беруге баулу.
Ана көрген, тон пішер
(Әке көрген, оқ жонар)
Балапан ұяды не көрсе, ( ұшқанда соны іледі).
Ата-бәйтерек, (бала – жапырақ).
Атаның сөзі – (ақылдың көзі).
Ананың сүті - бал,
(Баланың тілі – бал).
Балалы үй – базар,
(Баласыз үй – мазар).
Күннің шуағы жылы, (ананың құшағы жылы).
Ата-ананың кадірін, (балалы болғанда білесің), 
Жақсы бала сүйініш, (жаман бала күйініш)
Ананың көңілі - балада.(Баланың көңілі –далада).
Бала көңілдің гүлі, (көздің нұры)
«Еркін орын ауыстыру құқығы»
10 – бап: Әр адам өз елінде еркін орын ауыстыруға және өзіне тұрғын жерді таңдауға құқығы бар. Бала мен ата – ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым – қатынастарын нығайту мақсатында кез – келген елден шығып өз еліне келуге құқылы. Бала ересектердің қарамағында саяхаттауы тиіс.
Мемлекет өз азаматын ол басқа елде болса да қорғайды.
«Қай елдің астанасы?» ойыны
Мақсаты: Әлем елдері мен астаналары туралы білімдерін тиянақтау.
Шарты: Суретте берілген қалалар бейнесі бойынша елін тауып атау.
«Өзіндік пікір айту құқығы»
12 – бап: Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық.
«Бірақ...» ойын-жаттығу
Мақсаты: Өз ойын еркін білдіруге баулу. Сөйлемді дұрыс және үйлесімді аяқтай білуге үйрету.
Шенбер бойымен сөйлемдерді жалғастыру:-Мен еңбекқормын, бірақ...
-Мен шаршадым, бірақ ...-Мен кішкентай бойлымын, бірақ....-Мен әдемі киінгенді ұнатамын, бірақ .. .-Мен ашушаңмын, бірақ ...-Мен төрт баланың анасымын, бірақ ... -Менде ұялы телефон жоқ, бірақ ...-Мен үнемі тым қиялдап кетемін, бірақ....-Мен қаланың ортасында тұрамын, бірақ ...-Мен семинарға қатысып отырмын, бірақ ...
5. «Өмір сүру құқығы»
6-бап : Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті. Баланы өз отбасымен өмір сүруге құқылы, оны ата-анасынан айыруға ешкімнің де құқығы жоқ. Ажырасу жағдайында бала ата-анасының екеуімен де қарым-қатынаста болуға құқылы.
«Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» сұрақ-жауап. Мақсаты: Ата – ананың балаға қарым – қатынасын анықтау. 1. Балаңыздың туған күні?2. Балаңыздың тәрбиешісінің (сынып жетекшісі) толық аты-жөні?3.Балаңыз қандай өлшемді аяқ киімді киеді?4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?5.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?6.Балаңыз бақшаға (1-сыныпқа) қай жылы барды?7.Балаңызды қалай еркелетесіз?8.Балаңыздың сүйікті ісі?
9. Балаңыздың ең жақын досы кім?10. Балаңыз баратын топ қалай аталады?
11. Балаңыздың есімі қандай мағына білдіреді?
6. «Баспанаға ие болу және баспанаға қол сұғылмаушылық құқығы»
14-бап: Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.
«4 сурет 1 атау» ойыны.
Мақсаты: Логикалық ойлауын дамыту. Тез және дұрыс жауап беруге баулу.
Шарты: 4 суреттің бір бөлігі ашылады. Сол бөлік бойынша сөзді табу керек.
«Кім шапшаң?» ойыны
Мақсаты: тез ойлауға және дұрыс жауап беруге баулу.
Шарты: берілген әліппе әріптерінің реттік номері бойынша сөйлем құрау.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар! Білімдеріңіз кеңейе берсін, тәжірибелеріңіз
көбейе берсін! Сіз тәрбиелеген балалар сіздерді
әрдайым қуантып, күлкіге бөлей берсін! – дей отырып, мен
сіздермен қоштаспаймын, келесі кездескенше қош, сау
болыңыздар! (жадынама тарату)