Мероприятие на тему Маманды?ты та?дай біл! (11-класс)


«Мамандықты таңдай біл!»
атты мамандық таңдау кешінің сценарийі
12.12.2016ж
Мақсаты : Мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларын мамандық таңдауға, өз қабілетін,өз бейімділігін ескеруге үйрету, мамандармен кездестіріп, түрлі мамандықтарда кездесетін әр мамандықтың өзіне тән қиындығы мен ерекшелігіне бейімделуге дайын болуға шақыру, хабардар ету.
Көрнекіліктер: Тақырыпшалар. Шарлармен безендіреміз. Мамандыққа байланысты
«Ынта ықылас картасының» нәтижесі. Диаграммасы. Слайд
Кешті екі жүргізуші жүргізеді
1) Жүніс Назым
2) Шайых Асылзат
Сахна сыртынан:Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,Үлкен болып қалу үшін ғаламда,Үлкен арман керек екен адамға.
Көрікті оймен көмкерілсе күндерім,Жауқазындай жайқалса егер күндерім,Сол өмірде бар қуаныш сыйлайтын,Мамандығым мақтанышым бұл менің!
1-ж: Құрметті қонақтар, ұстаздар және жаңа өмірге қадам басқалы отырған түлектер!2-ж: «Мамандықты таңдай біл!» атты сырласу кешімізге
Бірге: Қош келдіңіздер!
2-ж: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған, Мұғалімді ардақтайды барша жан. Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы, Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.1-ж: Бала десе ойламайды өз қамын, Керсем дейді күнге де қол созғанын, Шәкірттерін өзінен де озғанын... Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар! Шәкіртке қандай биік алыпсыздар, Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, Күндей боп күлімдеген жарықсыздар! Біз үшін барын салып, білім беріп, күндіз-түні ойлайтын екінші аналарымыз, әрине, ол біздің асыл ұстаздарымыз. Ендеше, сол ана орнына ана бола білген ұстазымыз, мектебіміздің жанашыры Ләззат апаймыздың мамандық жайында өз пікірін білсек... Рахмет апай
2-ж: Олай болса «Мамандықты таңдай біл!» атты сырласу кешімізді ашық деп жариялаймыз.
1-ж: Әрбір бала борышы - білім алу, білімдінің әрбір сөзін іліп алу демекші, ұстаздан тәлім-тәрбие ала отырып, біз болашаққа қадам басамыз
2-ж: Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 25 жыл ішінде елдің әл –ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.
1-ж: 2016 жыл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойланатын жыл. «Тәуелсіздіктің 25 жылдық тойы – той тойлау үшін емес, Тәуелсіздіктен тағылым алу керек» деген Елбасының сөзі біз үшін алдағы атқаратын жұмысымыздың негізгі бағыты болмақ.
2-ж: Ұлы данышпан Абай атамыз: «... Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп біздердей жалынды жастарға өмірдегі өз орнымызды жаңылмай тауып, еліміздің өркендеуіне үлесімізді қосу үшін еңбектенуіміз керектігін ескерткендей емес пе?
1-ж: Бұл күндері өмір жолы сан тарау болып басталатын мектеп түлектері қандай мамандықты таңдасам деген сұрақтың алдында біраз тосылады. Ол тіптен жылдар, айлар бойы бұл төңіректе толғануы мүмкін, өйткені бұл оңай сұрақ емес. Бірақ шешімді сөз, ақтық таңдау өзіңде. Алуан-алуан сыры бар бейіміңді ескер де, таңдап соның бірін ал!2-ж: Әрбір бала борышы - білім алу, білімдінің әрбір сөзін іліп алу демекші, ұстаздан тәлім-тәрбие ала отырып, біз болашаққа қадам басамыз.
1-ж: Ендігі кезекте жас түлектердің көкейтесті сауалдарына жауап беру үшін келіп отырған қадірменді қонақтарымызды таныстырып өтсек:
2-ж: 1.Аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы(СЭС)- Қауленова Нысанкүл.2.Су пайдалану бөлімінің басшысы – Өмірбеков Өндірбек.3. «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі – Ханзада Досжан.4.Жаңақорған аудандық Ішкі Істер бөлімінің Кадр жұмыс тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты – Төлешов Арыстанбек.
1-ж: Келесі кезекте сыныбымыздың өнерлі оқушылары, мектеп белсенділері Жұманов Нұрлан мен Әжібек Нұрайдың «Әсем ән» деп аталатын ән шашуымен қарсы алыңыздар.
2-ж:Директордың бейінді істер жөніндегі орынбасары Қалдыбаева Мөлдір апайымыздың дайындаған видео-ролик, слайд-шоуын қабыл алыңыздар.
1-ж: Көп көп рахмет!
2-ж:Келген қонақтарымызға оқушыларымыздан «Ашық хаттар»бар екен (бір оқушы ашық хатты қонақтарға апарып береді) Қонақтарымызға мамандықтары бойынша сұрақтарымызға жауап беруін сұраймыз.
1-ж: Біздің сыр елімізден, қарт қаратаудың бөктерінен ел басқарған дана адамдар, мемлекет қайраткерлері, ақындар, жазушылар аз шықпаған. Біздің ауданымыздан шығып игі істер жасап жүрген ағаларымыз біздің ортамыздан шығуда. Оларға тоқталар болсақ, Бердібек Сапарбаев, Дүкенбай Досжан, Сұлтан Сартаев және Мұрат Әбенұлын айтамыз. Ол кісілер әрқашан біздің мақтанышымыз.
2-ж: Сыр елі қашанда сал –серіліктің ортасы болған жер. Осынау қасиетті мекен талай дүлдүлдердің, жыр өнерпаздарының, айтыс саңлақтарының жолын тоғыстырған. Оған дәлел Әбілхайыр Сыздықов, Дүйсенхан Сыздықов, Жеңіс Сейдоллаұлы одан қала берді эстрадамыздың жарық жұлдызына айналған Серік Ибрагимовтей ағаларымыздың ізін жалғастырушы, болашағынан үкен үміт күттірер талай республикалық сайыстарда топ жарып, мектебі мен ауданымыздың мерейін асқақтатып жүрген ұлдарыңыз Мәуленнің немересі, Шаниярдың ұлы болашақта қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызына айналатын Самат ұлдарыңызды «Ұстазым» әнімен қошеметтеп сахна төріне шақырамыз.
1-ж: 6- шы сынып оқушысы Сабырханова Сымбат пен Мәулен Самат орталарыңызда
«Ұстазым » әнімен.
2-ж:«Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»,- деп
Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар, тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес.
1-ж: Барлық кәсіптің де оңайы жоқ дейсің ғой.
2-ж:Енді келесі кезекте «Мен таңдаған мамандық» айдары. Сыныбымыздағы болашақ мамандықтарын жоспарлап қойған оқушыларымыз өз еркімен шығып, әңгіме өрбітсе.
5 Тілеубек Аружан (Аружан ары қарай журналист ретінде жүргізеді)
1-ж:Енді көңілді тренингке кезек берсек. Ортаға 6 оқушы шығады. Қолдарына ішінде тапсырмалары бар парақтар таратылады.Тапсырмалар:
Егерде мен ... (Білім және ғылым министрі болсам)
Егерде мен ... (Мектеп директоры болсам)
Егерде мен ... (Әкім болсам)
Шынымды айтсам ... (ҰБТ-ның жаңа форматы)
Шынымды айтсам ... (Тестке дайындығым)
Шынымды айтсам ... (Таңертең мектепке келгенімде)
2-ж:Көрікті оймен көмкерілсе күндерім,
Жауқазыдай жайқалса егер күндерім.
Сол өмірде бар қуаныш сыйлайтын,
Мамандығым мақтанышым бұл менің! Ендігі кезекті сыныбымыздың қалам тартып жүрген жас ақындардың Шайых Асылзаттың орындауындағы монологқа береміз.
1ж:Ендігі кезекті «Интернат әнұранын » орындауға кезек берсек
(Хор: «Интернат әнұраны»)
1-ж:Осы кешті ұйымдастыруға ат салысып жүрген. Директордың бейінді оқу жөніндегі орынбасары Қалдыбаева Мөлдір апайымызға сөз береміз.
2ж: Рахмет. Құрметті кеш қонақтары мен ұстаздар! Сіздердің бағыт бағдар бере отырып айтқан өнегелі сөздеріңізден үлгі алады деп сеніңіздер.
1ж: Кешті ұйымдастыруға ат салысқан Мөлдір апайымызға, сынып жетекшіміз Гүлзада апаймызға рахметімізді айтамыз. ҰБТ дан жақсы балл алып, жақсы маман иелері боламыз деп сенеміз. Сау болыңыздар.