К?йлекті? с?н ?лгісімен, пішін б?лшектерімен, ?иы? атауларымен танысу. І- ?лшемге дайындау.



«Бекітемін»:
Директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары
_______________
Д.С.Жиналеева
Өндірістік оқыту сабағының жоспары
«11» наурыз 2017 ж.
Топ: 29 «а»
Ө/о шебері: Ж.А.Давлетова
Мамандығы: «Тігінші»
Бағдарламаның тақырыбы: Жеке сұраныс бойынша барлық тігін түрлерін орындау.
Сабақтың тақырыбы: Көйлектің сән үлгісімен, пішін бөлшектерімен, қиық атауларымен танысу. І- өлшемге дайындау.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Білімдік: Оқушыларды технологиялық реттілік пен техникалық жағдайларды қатаң сақтай отырып бұйымды орындауға үйрету. Бұйымның бөлшектерімен, өңделу бірізділігімен, ерекшелігімен ауызша бағдарлап, практика жүзінде көрсету.
Дамытушылық: Кәсіптік және жылдамдық дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелік:Бастаған жұмысын ұқыпты, таза, уақытылы орындауға және шыдамдық, жолдастық көмекпен өзін өзі бақылай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың үлгісі: фронтальдық-топтық (студенттер бір мезгілде бірдей тапсырмалар орындап, өндірістік оқыту шебері топқа түгел жетекшілік етуге қол жеткізеді).
Сабақтың түрі: Операция кешенін оқып үйрену сабағы
Оқыту әдістері:
Сөздік: Ауызша-әнгімелесу, түсіндіру.
Көрнекілік: Көрнекі үлгі, бұйымның бірізділік орындалу көрнекісі, технологиялық карта, электронды көрнекі-слайд презентатция, дайын лекаллоүлгі.
Репродуктивті: Еңбек тәсілдерін көрсету, жаттығулар орындау.
Материалдық-техникалық базасы: Тігін машанасы, ЫЖО арналған үтік, пішушіге арналған сызғыш, көшіру тәсілін орындауға арналған жабдық, интерактивті тақта, көрнекілік альбомы т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі (_____)
Сабақта жоқ студенттерді белгілеу.
Студентердің сыртқы түрін (арнайы киім) қадағалау.
Шеберхананың сабаққа дайындығын тексеру.
Кіріспе нұсқау: (______)
Оқу қызмет нің салдары:
тақырыпты атау
мақсатын хабарлау
а) Алдынғы алған білімді қайталау: (өткен сабақты қайталау)
-Бұйымның етегін өңдеудің қандай түрлерін білесіз?
-Етекті өңдеу қандай кезеңдерден тұрады?
-Бұйымды соңғы өңдеуден өткізу жұмыстарын қалай түсінесіз?
-Етекөңдеудің қай тәсілін біз кеңінен қолданамыз?
Жауабы:
1-сурет.Белдемше етегін өңдеу түрлер
Белдемшенің етегін өңдеу
Белдемшенің етегі моделіне және матаның қасиетіне байланысты әртүрлі тәсілдермен өңделуі мүмкін: қиығы жабық бүкпе тігіспен (1, а, б-сурет), әдіптелген қиығы ашық бүкпе тігіспен (1, в-сурет), жиектел-ген (1, г-сурет) немесе баумен беті жабылған тігіспен өңделуі мүмкін.
Белдемшенің етегін алдын ала дайын үлгі бойынша анықтап алады және етектің бүгілетін сызығын белгілейді. Содан кейін белдемшенің төменгі қиығын көктемей тігеді; бұл үшін етектің сызырын борлаған кезде сызықты белдемшенің ішкі жағынан бүкпенің екі еселенген еніндей қашықтықтан жүргізеді. Белгіленген сызыққа төменгі қиықты жатқызады да арнаулы машинамен тігеді. Моделіне байланысты белдемшенің етегін тігер алдында алдын ала арнаулы машинамен бірнемесе екі жүріп көктеу талап етіледі. Тігіс жолының біріншісімен бүкпе әдібін, екіншісімен бүгілген қиықты көктейді.
Кейбір модельдерде бүкпелік әдіп қиығын баумен (1, д-сурет) өңдейді. Алдымен баудың бір шетін машинамен бүкпелік әдіп қиығына сырып тігіп алда, содан соң екінші шетін белдемшенің етегіне жасырын тігісті машинамен тігіп бекітеді.
Жалғастыратын қатпарлары бар белдемшелердің етегін өңдеген кезде, әдіптің бекітілетін жиек деңгейінде біріктіретін тігістерге дейін 0,2—0,3 см жетпейтін жерден теледі. Тігістің төменгі бөлігін жатқыза үтіктейді.
Көйлектің етегін өңдеу
Етегін торлау
3-4 см бүгіп көктеу
Жасырын тігіс салу
Көктеу жібін суыру
Баса үтіктеу
Соңғы өңдеу
- Ылғалды жылулық жұмысын өткізу.
- Тазалау, артық жіптерін қию.
- Ақауларын тексеру.
ә) Алдынғы алған білімді пысықтау, жаңа тақырыпқа бағыттау:
1 К Ө К Т Е У
2 Ө Л Ш Е М 3 Б Ү Й І Р 4 Д Ә Л Д Е У 5 Б Е Д Е Р 6 Е Т Е К
Уақытша тігіс атауы?
Киімді дайындау не алудан басталады?
Артқы бойдан 0,9 см көктелетін қиық атауы
І өлшем өткеннен соң орындалатын операция
Алдыңғы және бүйір бөлшек қосылатын қиық атауы
Бұйымның төменгі қиығы қалай аталады?

Жаңа тақырып:
Көйлектің сән үлгісімен, пішін бөлшектерімен, қиық атауларымен танысу. І- өлшемге дайындау.
Тігін өндірісінде киімді өлшеуге дайындауды жеке немесе киім дайындалатын бригада да жасайды, біздің жағдайда киімді өлшеуге дайындау жұмысын 4- немесе 5- разряды бар бір адам орындайды. Яғни, Бірінші өлшемді орындаудың мақсаты- киімді тапсырыс берушінің тұлғасына қонымды ету болып табылады. Әдетте өлшем бір мәрте орындалған жөн, егерде бұйым пішіні бойынша күрделі болған жағдайда екі мәрте орындаймыз.
Бұйымды өлшеуге дайындау үшін:
Өңделетін жұмыс бойынша модельді өңдеу ерекшеліктерінің түсіндірмесі бар нұсқау арқылы жұмыстанады.
Модельдің сән үлгісімен, бөлшектермен, қиық атауларымен танысу.
Тігінші қолөнерші пішілген бұйымның бөліктерін үтіктейді.
Тапсырыстың нөмірін тапсырыс түбіртегінен маталық талонға ауыстырады және оны бұйымға тігеді; белдемшесінде - сол жағынан, жакет пен блузкада - нымшаның артқы бойына.
Көшіру жұмыстарын орындау. Түрлі әдістер арқылы орындалады: уақытша көшіру тігісі арқылы, бір бөліктен екінші бөлікке соғу арқылы және арнайы құрал арқалы орындау.
Одан кейін бақылау жіптерін алдыңғы және артқы бөліктерінің ортасынан бұйымның бүкіл ұзындығы бойы, ал бел сызығынан қондырылатын көйлектерде –нымшамен белдемшенің центрі бойынша, нымшаның алдындағы кеуде сызығы бойынша және артқы бойында- жауырын тұсында: арт сызығы бойынша және жеңнің үстіңгі нүктесінің түп қиықшасымен. Жакеттерде және тұтас пішілген бұйымдарда бақылау жіптерін бел сызығы бойынша жүргізеді.
Жылтырақ емес жіптерді пайдаланып, уақытша тік инешаншыммен жүргізеді.
Егерде көйлекте сән үлгісі бойынша қатпарлар болған жағдайда, қатпарлардың терендігін және олардың арақашықтығын тексереді, сызықтарды жұп бөліктерге көшіреді немесе бөліктің бір жағынан оған симметриялы екінші жағына борды тақта мен кескіштің көмегімен ауыстырады. Кескіш материалдың (шифон, капрон және синтетикалық талшықтары бар маталар) құрылымын кескіш бұзатын жағдайда сызықтарды түйреуіштің көмегімен көшіруге болады.
Нымшасында бүкпелерін, бедерлерін, нымшаның бүйір және иық қималарын, оң жақ жеңнің қималарын көктейді. Қажет болған жағдайда оң жақ жеңінің түп қиықшасы бойынша бүрмені түзеу үшін жіп салады.
Белдемшеде бүкпелерін, бедерлерін көктейді және қатпарларын, бүйір қималарын көктейді және нымшаны белдемшеге бел сызығы бойынша қосып көктейді, етегін бүктеп көктейді.
Оң жақ жеңін оймаға қондыра көктейді немесе бұйымға түйреуіштің көмегімен бекітеді. Реглан жеңді бұйымдарда екі жеңді оймаларына қондыра көктейді.
Астыңғы жағаны мойын ойындысына қондыра көктейді немесе бұйымға бекітеді.
Белдемшенің үстіңгі жиегіне іш тартқыш таспаны қосып көктейді.
Көктелген бұйымды үтіктейді, ілгішке іледі, тапсырыс түбіртегін бекітеді және тапсырыс берушінің тұлғасына өлшеу үшін пішушіге тапсырады.
Көктеген кезде бұйымдардың өң жақтарын беттестіріп, қиықтарын теңестіре, бақылау белгілерін сәйкестіре отырып түйреуіштермен бекітеді немесе тігістерінің күрделігімен және маталардың қасиеттеріне байланысты бекітусіз көктейді. Міндетті түрде матаның қиығы тігіншіге қарап тұруы тиіс.
-Бүкпелері мен қатпарларын салып оларды ұштарына теңестіре отырып көктейді. Бөліктердің ортасында орналасқан бүкпелер мен қатпарларды бір ұшынан бастап көктейді.
-Бұйым бөліктерін сырып не көктеп қосқан кезде көктеуді маталары отыратын немесе бүрмесі бар бөліктер жағынан жүргізеді; күрделі (фигуралы) қималары бар бөліктерді иілген қималары бар бөліктер жағынан көктейді.
- Бөлінген бұрыштары болған кезде көктеуді бөлінген бөліктер жағынан жүргізеді.
-Бөліктермен немесе олардың бөліктерін жапсырма тігіспен қосқан кезде үстіңгі бөліктің жиегін теріс жағына белгіленген сызығы бойынша бүктейді және жиегінен 0,5-1 см қашықтықта көктейді, одан кейін дайындалған бөлікті басқа бөлікке келтіреді, үстіңгі бөліктің бүктеуін белгіленген сызықпен сәйкестендіріп оны 0,3-1 см және одан да артық қашықтықта көктейді (моделіне байланысты).
-Бедерлі тігістерін иілген қимасы бар бөлік жағынан көктейді.
-Бүйір және иық қималарын артқы бойымен көктейді. (бүйір бөлшегі жагынан).
Қауіпсіздік ережелерді қайталау:
а) қол жұмысының қауіпсіздік ережесі
б) машина жұмысының қауіпсіздік
ережесі
в) үтік жұмысының қауіпсіздік ережесі
Іс үстінде нұсқау беру, өздік жұмыстарды, жаттығуларды тексеру (_______):
(білік пен дағдыны қалыптастыру)
Жаттығу жұмысы және өздік жұмыс барысында ескерілуі тиіс:
1 Жұмыстың өз уақытында басталуын,жұмыстың орындалуын тексеру.
2 Еңбек тәсілдерінің дұрыс орындалуын, орындалатын операцияға бақылау жүргізе білулерін тексеру.
Кажет болған жағдайда оқушыларға жеке көмек көрсету.
4 Жұмысты тексер, орындалу сапасын бағалау, баға қою.
Студенттердің жұмыс орынын, мақсатты тексеру:
Жұмыс орнының жабдықталуын, тазалығын тексеру.
Іс үстендегі тәсілдерді дұрыс орындалуын тексеру.
Өзін-өзі іс үстінде бақылауды дұрыс жасап отырғанын тексеру.
Жұмысты техникалық шарттың сақталуын тексеру. Біткен жұмысын қабылдау, бағалау, қосымша тапсырма (қандай көрсету) беру.
Аралық бақылаудың дұрыстығын қадағалау.
Қорытынды нұсқау.
Өндірістік оқыту сабағын қорытындылау.
Студенттердің үздік жұмыстарын көрсету.
Қателерін және олардың пайда болу себептеріне тоқталып, талдау жасау.
Жабдықтарды, жұмыс уақытын, еңбек тәсілдерін тиімді пайдалануды талдау.
Бағаларын хабарлау.
Үйге тапсырма беру.
Жұмыс орындарын реттеу.
Пайдаланылған әдебиет:
Үмбетова Л.Қ «Киім өндірісінің технологиясы» Оқу әдебиеті 1211000 – Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу Астана 2013.

Өндірістік оқыту шебері (қолы):__________ Ж.А.Давлетова