Алжап?ышты? т?менгі б?лігіне кеудені ж?не белдікті ?осу, со??ы ??деуден ?ткізу


№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектебі Технология пәнінің мұғалімі:Ортаева Кенжегүл Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алжапқыштың қажеттілігі туралы түсінік беру, алжапқыш сызбасын сызуды үйрету. Білімділік мақсаты: Сызба кестесі ұғымдарымен таныстыру, сызбада алжапқыш пішінін орындауды үйрету. Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға сызба тұрғызудың маңызын түсіндіру, терминдермен өлшемдердің мағынасын ашу, теориялық білімдерін іс жүзінде қолданудағы шығармашылық ой-қиялын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Әсемдікке, ұқыптылыққа баулу. Жинақылыққа, икемділікке, топпен жұмыс жасауға, өзара жолдастық көмекке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Әңгімелесу.Сабақтың әдіс-тәсілі: Көрсету, сұрақ-жауапСабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Көрнекілігі: Алжапқыш сызбасын жасау үшін дене өлшемін алу, сызба нұсқа. Алжапқыш сызбасының құрылысы, кесте. Құрал-жабдықтар: Сызба жасауға арналған қағаз, қарындаш, сызғыш, сантиметрлік таспа. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеп, құрал-жабдықтарын тексеріп, оқушылардың назарын сабаққа аудару, үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. Үй тапсырмасын сұрау Қалта Сыртқы Ішкі Тілме Тілме емес Жапсырма Өңір, астар жапсар тігісте Омырау ішінде Кеуденің ұзындығы Бел айналымы Бөксе айналымы Төменгі бөлік ұзындығы Қалта Белдік Кеуде Бау ІІ. Психотренинг Күн шуағын төккенде қуанамыз ба? Ендеше күнге сәлем берейік. Сәлем бердік күн шуақ, Сәлем бердік ашық аспан. Сәлем бердік жер ана, Сәлем бердік баршаңызға. Мінекей балалар, олай болса күнде шығып бізге өзінің шуағын шашуда. Жарқыраған күнге рахметімізді айтып, ісімізге сәттілік тілейміз. Сабағымызды бастамас бұрын сабағымыздың девизін мына ребусты шешу арқылы анықтап алайық. 7 ре ‘’ өл, : ‘ ,, 2 п, 1 ре ‘’ ‘ Жаңа тақырыпты түсіндіруКиім - пайдаланылуына қарай тұрмыстық, өндірістік, формалық болып бөлінеді. Тұрмыстық киімдер күнделікті, сәндік, үй, спорттық, ұлттық киімдерге бөлініп, өндірістік киімдерге арнайы және санитарлық киімдер жатады.Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен айналысқанда алжапқыш пен орамалды пайдаланған жөн. Алжапқыш киімнің алдын ластаудан сақтайды. Ал орамал шаштың бөгет болуынан, әрі ас әзірлегенде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет. Алжапқышқа арналған мата түксіз, жеңіл, тез жуылатын, тігісі мықты болуы керек, Ең бастысы - шыттан, зығыр матадан, сәтеннен тіккен дұрыс. Бұл маталардан тігілген бұйым тез жуылады, жақсы үтіктеледі, сырт көрінісі тартымды келеді.Киім тігерден бұрын алдымен қандай киім тігуді ойластыру керек. Содан кейін таңдаған киімді қандай сән үлгісімен тігетінді, соған лайық мата түрін таңдау қажет. Таңдаған матаның тігетін бұйымға өрнегі, түсі үйлесімді, сәйкес болуын естен шығармаған жөн. Осы кезде бұйымға қандай сәндік жұмыстар жүргізуді /кесте, таспа жүргізу, жапсырмалау т.б. / ойластырған дұрыс. Жақсы талғаммен, сәнді киіну, киім киюде өз талғамыңды табу оңай нәрсе емес.Тігін бұйымдарын құрастыру кезінде есеп жүргізіліп, бөлшектерінің сызбасы сызылады. Ол үшін дене өлшемін түсіру керек немесе типтік фигураларға арналған кестеден өлшем бірліктерін алады. Тігін бұйымның сызбасын 1: 4 масштабымен құрастырады. Сызба бойынша бұйымның үлгісі таза өлшем арқылы орындалады. Кеуде ұзындығы – 15 см Төменгі бөлшек ұзындығы – 35 см Жартылай бел айналымы – 31 см Жартылай бөксе айналымы – 40 смАлжапқыш сызбасын жасау үшін дене өлшемін алу № Шартты белгілер Өлшем алу ережелері Өлшемнің атаулары Менің өлшемдерім 1 Ұқ Бел сызығынан қалаған ұзындыққа дейін Кеуденің ұзындығы 2 Үб Бел сызығынан қалаған ұзындыққа дейін Бұйымның ұзындығы 3 Жб Бел сызығын қынаған жіп бойынша Жартылай бел айналымы 4 Жмқ Жамбас үсті нүктелері бойынша Жартылай мықын айналымы Техникалық қауіпсіздік ережесі Жұмыс барысында керекті құрал-жабдықтарды түгенде. Инені жастықшаға түйре, аузыңа салма. Жұмыс орның таза болсын. Қайшыны ашық ұстама. Ұшынан ұстап, сабымен бер. Инемен жұмыс жасағанда сөйлеуге болмайды. Құрал-жабдықтарды тікпес бұрын санап, жұмыс соңында қайта санап орнына қою. Адасқан құралдар ойыны Ине Орындық ШытҚайшыҮтікСантиметрлік лентаСызғыш Сызады Кетіргіш құрал Өлшеуіш Жазады Оқу құралы Мата Тігеді 1. Киім не үшін қолданылады?а)Суықтан сақтау, әсемдік үшінб)Мерекеге бару үшінв)Өзін-өзі көрсету үшін2. Киім адам пішініне қонымды болу үшін не істеу керек?а)Сызба жасау керекб)Өлшем алу керекв)Әсемдік жоба жасау3. Киімнің қандай түрлерін білесіңдер?а)Өндірістік, сәндік, мерекелікб)Тұрмыстық, арнайы, ыңғайлыв)Формалық, өндірістік, тұрмыстық.4. Алжапқыштың бөлшектерін ата?а)Кеуде, белдік, төменгі бөлігі, қалтаб)Белдік, жең, төменгі бөлік, қалтав)Кеуде, қалта, жең, белдік.5. Алжапқыштың ені қандай өлшемге байланысты?а)бұйымның ұзындығынаб)мықынның жарты орамынав)кеуденің ұзындығына6. Тамақ әзірлегенде киімге дақ түспеу үшін қандай киімдар киеді?а)үй халатыб)арнаулы орамалв)алжапқыш7. Адам денесінің қай жағынан өлшейді? а)оң б)сол в)төменгі 8. Кеуде ұзындығы шартты белгісі қандай? а)Днб)Див)Ст Тест Жаңа сабақты қорытындылау Бүгінгі күнде еңбексіз тіршілік болмайды. Сондықтан да еңбек бәрімізге де керек. Қыз балалар үшін ине ұстап, мата қию, ою сызу, кесте тігу үлкен өнердің бірі. “Қол тігеді, көз сынайды” – деп қазақ халқы бекер айтпаған. Үйге тапсырма Бұйымды тігу жұмысын аяқтап, ылғалды жылумен өңдеп, тігіс түрлерін үйрену