Математика п?нінен ?осу мен азайту та?ырыбында?ы ?лгі саба?


Алматы облысы
Балқаш ауданы
Балқаш аудандық білім бөлімінің «Топар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Саймасаева Баян Айтжанқызы
Сабақтың тақырыбы:    Қосу және азайту
Мақсаты: Оқушылардың өз бетінше  есептер шығаруына, теңдіктер құрастыруына, сандар  құрамын анықтай білуіне дағдыландыру.
Міндеттері:
 Логикалық ой – өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын  арттыру;
Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке  тәрбиелеу.
      Сабақтың әдіс-тәсілдері:   сұрақ-жауап,  жинақтау, ойын.
      Сабақтың көрнекілігі: суреттер,карточкалар, интербелсенді тақта.
       Сабақтың типі:  қайталау
       Сабақтың барысы:
      І. Ұйымдастыру  кезеңі
ІІ. Қызығушылықты  ояту
      «Өз орнына қою» ойыны.
-Бұл сандар  қалай аталады?  (натурал  сандар)
-Тақ сандар, жұп сандар  қатарын  көрсету.
    ІІІ.   Жаңа сабақ
-Балалар  тақтада  қандай  геометриялық пішіндерді көріп  тұрсыңдар?
-Ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шеңбер, шаршы.
– Ал, балалар, мына  суретте қай жыл мезгілі   бейнеленген? – Көктем  мезгілі.
Дұрыс. Суретте нелерді көріп  тұрсыңдар? – Күн, бұлт,бүршік атқан ағаш, ағынды су, қайта оралған құстар, үй.
Осы суреттердің  әрқайсысының  артында  сендерге  арналған  тапсырмалар  бар.
Тапсырмаларды орындауға  дайынсыңдар ма?
І . Тапсырма:  
Математикалық  диктант 
Азайғыш 6 азайтқыш 3 айырманың мәні нешеге тең?
Қосылғыш 3, қосылғыш 1 қосындының  мәні нешеге  тең?
Ең үлкен  бір  таңбалы  сан.
Аружан 4 шар,  Әнел  одан 2 шар кем.  Әнелде неше  шар  бар?
8 санынан  кейін  тұратын  сан.
             ІІ. Тапсырма:
Тақтада берілген сандар:
2, 6, 1, 9, 4, 7, 0           2) 9, 4, 2, 10, 5, 3, 1
1-қатардағы сандарды өсу ретімен, ал 2-қатардағы сандарды  кему ретімен жазады.
     Сергіту  сәті («Қара жорға» биі )Гүлді « жинауға  көмектесейік» ойыны
10 – 0               7 – 2
8 + 2               6 + 1
3 – 1               8 – 3
ІІІ .Тапсырма:
Оқулықта берілген  суреттер бойынша  есептер құрастыру
     Теңдіктер, теңсіздіктер    құрастыру
2 + 2 = 4       4 – 2 = 2
2 + 3 = 5        5 – 3 = 2
   ІV.тапсырма:    кестемен жұмыс
Қосу мен азайтуға берілген  кестені әр оқушы өз бетінше жеке орындайды.
 ІҮ Қорытынды.
Рефлексия. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, смайликке жапсырады.
Ү.Үйге тапсырма:  Қосу мен азаайтуға 5 мысал жазып келу.