Ана тілі п?нінен саба? жоспары А?аштар неге ашуланады?


Ана тілі
Искакова Сауле Оразкановна
Қарақол орта мектеп-бақшасы КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ағаштар неге ашуланады?
Сабақтың мақсаты:1) Оқушылардың мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Ағаштар жайындағы білімдерін кеңейту және белсенді ынталы оқуға үйрету.
2) Оқушылардың байланыстырып, жүйелі сөйлеуін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.
3) Табиғатты аялауға, ұйымшылдыққа, бірлікке, жақсыны үйренуге, жаманнан жиренуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б.Соқпақпаевтың суреті, мақал-мәтел, сызбалар.
Өту барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй жұмысын сұрау.
Үйге қандай тапсырма берілді?
Б.Соқпақбаевтың «Компас» әңгімесін оқып, мазмұндау.
А) - Б.Соқпақбаев кім? Ол кісі туралы не білеміз?
Қандай әңгіме, өлеңдерін білеміз?
299656517780000 Шал мен бала
311086511811000 Алматы облысы, Нарынқол ауылы 1924 ж
32156401231900025298403556000 Менің атым Қожа
299656516446500311086516446500252984016446500212026510731500321564010731500 Ақын Б.С Компас
28060653683000
Балалар әдебиетінің бәйтерегі Балалар жазушысы
Қамқорлық 1992 ж
Ә) «Компас» әңгімесін мазмұндау. (2 балаға)
- Сұрақтар қою. (4 кл. Ережелерден)
Б) Үй жұмысын бекіту сұрақтары.
- Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар еді?
- Балалар қайда барды?
- Боданның компасқа қатты қызыққанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
- Бодан компасты не істеді? Оның орнында болсаң не істер едің?
- «Сау басына сақина тілеп» деген қандай мағына береді?
3. Жаңа сабақ.
Бүгін біз Б.Соқпақбаев аталарыңның тағы бір әңгімесімен танысамыз.
4. «Болжау» әдісі.
- Тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Бүгінгі әңгімеміздің тақырыбы не жайлы болмақ?
- Ағаштардың көңіл-күйі қандай?
-Ендеше, табиғаттың әсем бір бөлігі туралы әңгімемен танысамыз. Табиғат адамдарға ғажап сыйлық сыйлайды, оның бірі ағаштар.
- Ағаштардың қандай қасиеті, пайдасы бар?
5. «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесімен танысамыз. Шынында да ағаштарға не болды екен?
Оқулықпен жұмыс.
Оқулығымыздың 148-ші бетін ашайық. (3 балаға оқыту). Соңғы абзацына келгенде тоқтатып, әңгіменің соңы қалай аяқталар екенін өздерің оқыңдар.
6.Ой қозғау.
Ағаштардың неге ашуланғанын білу үшін «Кәрі еменнің» сұрағына жауап беріп, көңілін жадыратайық.
Алмабектің жіберген кемшілігі неде?
Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?
Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді?
Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамаса не болар еді?
7. Енді кәрі еменнің көңілі жадырады ма?
8. Ақылбектің тапсырмасын орындайық.
1-ші тапсырмасы: Кәрі еменнің сөзін тауып оқы.
2-ші тапсырмасы: Мақалды жалғастыр.
9. Дәптермен жұмыс.
Алмабектің айыбы:
уақытымен суармады.
түбін қопсытпады.
қастандық жасады.
үйренгісі келмеді
10. «Қарама-қарсы элементтер» әдісі.
Ағаштар Алмабек

Табиғаттың сәні. Жалқау
Ыстықта сая болады. Енжар
Баспана болады. Жұмысты кейінге қалдырады.
Қорғайды.
11. «Бес жолды өлең» әдісі.
Енді балалар әңгіменің соңы қалай аяқталды. Осы әдіс арқылы Алмабекке мінездеме берейік.
З.е. Кім? Алмабек.
С.е. Қандай? Уәдеге берік.
Етістік. Не істеді? Айтқанды орындады.(уәдесін)
Сөйлем. Алмабек өз қатесін түсінді.
Мағыналас сөз. Талапбек, Жақсы азамат.
12. Қорытындылау: Сонымен қандай әңгімемен таныстық? Олай болса Бердібек аталарыңның әңгімелерін қорытындылап, талдайық. Кесте бойынша.
Авторы Шығарманың аты Негізгі ой Мағынасы (мақал-мәтел) Өз қорытын-дым
Кімнің әңгімелерімен таныстың? Қандай шығармаларымен? Оқушы-
лар өз ой-
ларын ай-
тады.
Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа Қулық, өтірік Өтіріктің құйрығы бірақ тұтам Компас Біреудің затына тиіспе, ұрлық жасамау. Ұрлық түбі-қорлық Ағаштар неге ашуланды? Табиғатты аялау. Ерінген екі істейді.
Еңбек өмірді ұзартады.
Ұят бетті қызартады. 13. Аяқтау. Сабағымызды «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғатты мұны айтға тілі жоқ» -деген ұлағатты, нақыл сөзімен аяқтаймыз.
14.Үйге тапсырма:148-150, 151 бет 5-тапсырма.
15. Бағалау.