Ашы? т?рбие са?аты Анасы бар адамдар, еш?ашан ?артаймайды


Анасы бар адам ешқашан қартаймайды 
Тақырыбы: «Анасы бар адам ешқашан қартаймайды»
Мақсаты: Аналар мерекесі жайлы балалардың ұғымдарын кеңейту, сұлулыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгін бүгін оқушыларымыздың сіздердің құрметтеріңізге арналған шағын өлең-жырлары сіздерге арналады.
Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдайды аналар
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар. 
Ән: Бала тілегі
Аслан:
Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Балғын шақты біз бақытты балалар
 
Құрметтейік, о адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды
 
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ
 
Би: ұлдар жаңа заман биі

 Наиля:
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
 
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
 
Ерлік, еңбек атқарған
Еңбегімен мақтанған
Ел сенімін ақтаған
Айналайын ақ мамам
Ән: Нұрын төккен маған

Әділет:
 Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адамСендей болса бар адамШаттық кетпес баладан 
Ақ қабақты анашымКүн сәулелі анашымӘлпештеген баласынАйналайын анашым Ән: Қошақаным
Іңкәр: 
Әлпештеген баласынАна бақыт, ана күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын 
Анам менің панам ғой
Содан қорған табам ғой
Асықпа ана ертең ақ
Отың болып жанам ғой
 
Сенен өскен балаларСенен өскен даналарҚұттықтыаймыз мейрамменҚұрметті асыл аналар Ән: Ана жыры. Орындайтын Аслан мен Әділет
Ерқанат:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
 
Менің әжем бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
Ән: Әрқашан күн сөнбесін
 Анеля:
 Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз
 
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
 
Мұрат, мүлде мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін
 
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Хормен:
Бәріңізде анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Би: Шөжелерім

Ал енді, құрметті аналар, балаларыңыздың сіздерге арнап дайындаған сыйларын қабыл алыңыздар!

Құрметті де аяулы аналар! Оқушыларымыздың сіздерге арналған шағын концерттік бағдарламасы аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Қазір мына алдарыңызда ілініп тұрған ақ жүрекке үстелде жатқан гүлдерден қалағаныңызды таңдап алып, бүлдіршіндерімізге тілектеріңізді жазып қалдырсаңыздар екен.

Балғын орта мектебі
Балғын орта мектебі

Орындаған: А.Н.Садыкова
2-cынып
2015/16 оқу жылы