Саба?ты? та?ырыбы: Білім алдым ?зі?нен, Аяулы мені?-Мектебім!


Сабақтың тақырыбы: Білім алдым өзіңнен, аяулы менің мектебім!
Сабақтың мақсаты: Мектептің тарихымен таныстыра отырып, білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата – анасының, Отанының адал ұл – қызы болуына жетелеу, тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтан көрсетілетін суреттер. Тақтаға жазылған тақырып.
Сабақтың жүрісі
Сәлематсыздар ма, балалар?! Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар!
Ақтарған сәтте сарғайған тарих беттерін,
Сезіндім мен де өткен күндердің көктемін.
Жатырқамастан жаныма жылу сепкенің,
Жүрегі дархан, мерейлі менің мектебім!
Республикаға үздік танылған мектебі ең,
Ұрпаққа тарих болады сенің өткенің.
Жетпіс жылда жеті өткелді өткердің,
Құтты болсын 70 жылдық мерекең! -деп бүгінгі біздің «Білім алдым өзіңнен, аяулы менің мектебім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Балалар, біз 1-кыркүйекте қайда келдік?
Мектепке
Дұрыс –ақ, Мектеп біз қандай мақсатпен келдік?
- Білім алу үшін.
- Біздің мектебімізге кімнің аты берілген?
- М,Әбдіхалықов мектебі
- Ендеше балалар, биыл біздің білім ордамызға 70 жыл толып отыр. 1943 жылдан бері өз жұмысын жалғастырып келеді.. Мектеп алғашында 4 жылдық бастауыш мектеп болып қаланып, әр сыныпта 4-5 баладан болды. 1957 жылы сегізжылдық мектеп болып өзгертіліп, 1959 жылы Шәбден Ералиев атағы берілді.. 1965 жылы Шәбден Ералиев атындағы орта мектеп болып өзгертілді. ҚР Министрлер Кабинетінің 12 мамыр 1993 жылы №383 Қаулысымен Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласындағы Ақшұқыр селосындағы орта мектепке белгілі жазушы, драматург, аудармашы - Маршал Әбдіхалықов есімі берілді. Содан бері мектеп М.Әбдіхалықов есімімен аталып келеді. Алғашқы ұстаз Садақбаев Қанғали болды. Әр кезеңдерде Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің Үздіктері Сахиева Балсұлу, Құлбасов Ұзақ, Кезбаев Тәжіғұл, Елубаев Мақаш «Еңбек Қызыл Ту» орденді Шахатов Тасқынбай, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Шәкіратов Ысқақ мектеп мұғалімдері болды, Мектеп басқару жұмыстарында Қаз ССР халық Ағарту ісінің Үздіктері «Үздік еңбегі үшін» медалінің иегері Шахшабасов Жолыбай, «Н.К Крупская атындағы сыйлық» иегері Қазиев Жалаулар қызмет етті. 1989 жылдан облыстың «Сенім мектебі», ауданның «Тірек мектебі» болды. Сонымен бірге алғашқы шәкірттердің бірі болып,осы мектепті 23 жыл баскарған , ауылдың құрметті азаматы, ардагер ұстаз Маткеров Әзен мектеп табалдырығын аттаған.

2001 жылы облыстың «Үздік ауыл мектебі» сайысынан - І орын,
2004 жылы Облыстық білім басқармасының «Өрлеу» номинмциясы иегері,
2005 жылы Республикалық «ХХІ ғасырдың таңдаулы ауыл мектебі» - І орын,
Облыста 2006-2007 оқу жылғы «үздік дайындалған мектеп» сайысынан - ІІ орын
2006 жылы Білім және ғылым министрінің «Ауыл мектебі осындай болуы керек» деп бағалағанды.
Мектеп директорлары
1959 -1965 жж «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі Ерманов Қорғанбай .
1965 ж-1974ж «Қаз ССР халық ағарту ісінің үздігі» Әмірханов Қибатқали.
1974-1978 ж «Қаз ССР халық ағарту ісінің үздігі Толыбеков Бөрібай.
1978-2000 ж «Қаз ССР халық ағарту ісінің үздігі», Түпқараған ауданының құрметті азаматы, әдіскер мұғалім Мәткеров Әзен.
2001 жылы Жарылғапова Оразгүл .
Бүгінгі күні мектепті «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Маңғыстау облысына 35 жыл» төсбелгісінің иегері ІV,V шақырылымдағы Түпқараған аудандық маслихат депутаты жоғарғы санатты аға мұғалім Абдирахманов Оңайбай басқарып келеді.Бүгінде мектебімізде оқушыларға барлық жағдайлар жасалып, замануаи үлгіде жабдықталған. (Мектептің ішкі суреттерімен таныстыру.)
-Ендеше балалар, бүгінгі біздің осы тақырыбымыз бойынша білімдерімізді ортаға салып, сайысқа түсеміз. М.Әбдіхалықов атындағы орта мектеп электронды оқыту жүйесі жобасына енгізіліп, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілу үстінде екен.
Сайыс кезеңдері:
Таныстыру
Білімді бірді жығады, білекті бірді жығады. Сұрақ - жауап
Ұйқасын тап. Берілген өлең жолына ұйқас құрау
Қабырға газетін қорғау.
Мақал- сөздің мәйегі. Мектеп, ұстаз туралы айту.
Мәнерлеп өлең оқу. Мектеп туралы
Егер мен болсам..... фустер қорғау
Әр екі кезеңнен кейін , әр топ өзіне артық ұпай жинау үшін , әуен тыңдап, қай өлең екеннін табу.
Ендеше сайсымызды бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен танысып алайық (Әділқазылар алқасымен таныстыру)
Ендеше балалар, сайысыздың бірінші кезеңіне тоқталайық. Әр топ мүшелерімен, топтың атымен таныстырып шықсын.
Келесі кезеңіміз Білімді бірді, білекті мыңды жығады деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылып сол сұраққа жауап аламыз

Сұрақтар:
Мектебіміз қай жылы ашылды?
Мектебімізге ең бірінші кімнің есімі берілді?
Мектептің табалдырығын ең бірінші болып аттаған шәкірт кім?
Мектебіміз қандай атақтарға ие?
Мектепке басшылық еткен кімдерді білесіңдер?
Мектептің алғашқы ұстазы кім?
М.Әбдіхалықов кім?
М.Әбдіхалықов есімі мектебімізге қай жылы берілді?
Қазір мектепке кім басшылық етіп отыр?
М.Әбдіхалықоа атындағы мектеп қайда орналасқан?
Мектебімізден шыққан қандай танымалы адамдарды білеміз?

3-ші кезең: Ұйқасын тап. Берілген өлең жолына ұйқас құрау
1-ші топ:
Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп сая болған.
2-ші топ:
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
3-ші топ:
Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
-Енді әр топ өте мұқият тыңдап отырыңдар, әуен жеберіледі, сол әуенді тпақан топ , өздеріне 2 ұпай иеленуге мүмкіндік бар№
Қабырға газетін қорғау.
Мақал- сөздің мәйегі. Мектеп, ұстаз туралы айту.
-Енді әр топ өте мұқият тыңдап отырыңдар, әуен жеберіледі, сол әуенді тпақан топ , өздеріне 2 ұпай иеленуге мүмкіндік бар

Мәнерлеп өлең оқу. Мектеп туралы
Егер мен болсам..... фустер қорғау

Әділқазыларға сөзкезегін береміз.
Сонымен балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай?
Сонда бізге мектеп не үшін керек?Оқушылар мектепке тілектерін айту.
Менде мектебіміздің әлі талай жетістіктерге жететіне сенімім мол. Сол жетістіктерге көтеретін сендер. Жетістікке жету үшін білім керек. Сабақты жақсы бағаға оқып, мектептің болашағын өркендететін азаматтар мен азаматшалар болуларыңа тілектеспін!
Сабақтың тақырыбы: Білесің бе, Елорданың тарихын?
Сабақтың мақсаты: Демалушыларды Қазақстан республикасының астаналарының
тарихымен таныстыру , жаңа астананың көрікті жерлері туралы
білімдерін кеңейту Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі,
жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін
таныту; Демалушыларды отанды қорғап, Астанамызды құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Әр топтың шығарған газеттері, слайд.
Сабақтың жүрісі:
-Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі біздің «Білесің бе, Елорданың тарихын?» танымдық ойын сайысына қош келдіңіздер!
- Алтыншы маусым қандай күн?
Дұрыс айтасыңдар, балалар! Қазақстанның тарихи даму барысында астана қызметін атқарған қалалар:
1920-1924жылдары Орынбор қаласы
1924-1929жылдары Қызылорда (Ақмешіт) қаласы
1929-1997 жылдары Алматы қаласы
1997 жылдан бастап Астана
Қазақ АССР-і атанып бөлінді. 1920-1925 жылдары Орынбор қаласы астана болды. 1925 жылы әкімшілік орталық Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Ақтың бояуы ұнамаған большевиктер Ақмешітті Қызылорда деп өзгертті. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Республика астанасы Алматы болды. Үш ғасыр бойы бодандықта болған жұртымыз Алматыда өз тәуелсіздігін алды. Ата Заңын қабылдап, мемлекеттік рәміздерді белгіледі. 1994 жылы Республика Парламенті Қазақстан астанасын Ақмолаға көшіру туралы ұйғарым жасап, одан кейін Республика Президентінің "Қазақстан Республикасының астанасы туралы" Жарғысы шықты. Осы құжаттарға сәйкес 1997 жылдың 10-ші желтоқсанында Қазақстанның астанасы Ақмолаға көшірілді. Жаңа астананы дүние жүзіне таныстыру рәсімі 1998 жылдың 10 маусымында болды.
Қазіргі уақытта Астана қаласы- Қазақстанның саяси және мәдени орталығы.Бұл қаланың тарихы көне замандардан басталатынын К.Ақышев бастаған Қазақстан ғалымдары дәлелдеді.Бұл тарихи ескерткіш Бозоқты көлінің шығыс жағалауын алып жатыр. Ескерткіштің жалпы көлемі және қоршаған ауыл шаруашылық аумағы- 30 гектар.
Бұл күнде осы қалашықтың орнына жақын жерден еліміздің астанасы- Астана қаласы бой көтерді. Астана қаласына сән беріп тұрған көптеген көрікті ғимараттар бар. Айта кететін болсақ , Бәйтерек, Нұр астана мешіті, спорт алаңы т.б. Нұр-Астана мешіті Астана қаласында орналасқан мешіт. «Нұр Астана» мешіті 2005 жылдың 2 наурызында ашылды. Мешіт Астана қаласындағы Есіл районында орналасқан. Мешіттің іргетасы 2002 жылы қаланған болатын. Бәйтерек (монументі) Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.
«Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған. Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады.
Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.
Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.
«Отан Ана» кешені. Жоңғар шапқыншылығы мен Ұлы Отан Соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жандардың құрметіне салынған. Ұзындығы 24 метрді құрайтын мемориал ортасында граниттен тұрғызылған таста алтын шара ұстаған әйел бейнеленген. Қолындағы шара тыныштық пен гүлденудің белгісі. Барельефтің оң жағында кеңес әскерлері, ал сол жағында жоңғар шапқыншылығында қаһармандық танытқан қазақ батырлары бейнеленген. Төменгі жақта мәңгілік алау орналасқан.
- Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар
( Әділ қазылар алқасымен таныстыру) Ендеше , балалар бүгін біз осы Астана туралы білетінімізді ортаға салып сайысуға келіп тұрмыз. Әр топтан үш оқушы шығады.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
1. Сайыскерлер өздерін таныстыру.
2. Кім көп біледі? Сұрақтарға жауап беру
3. Бұл қай ғимарат?
4. Қылқалам . Берілген тақырыпқа шығарма жазу
5. Мәнерлеп оқу
6. Қабырға газетін қорғау.
7. Ұйқасын тап.
-Әр сайыстың ортасында әуен тыңдалып, сол әуенді табамыз. Қай топ тапса, сол топ қосымша 2 ұпайға иеленеді.
- Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.
Әр топ өздерін таныстару.
2. Кім көп біледі? бөлімі. Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру.
1. Қазақстан тарихында неше астана болды? (төрт)
2. Орынбордан астана қай қалаға ауысты? (Қызылорда
3. Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? (Орынбор)
4.Астана Алматыдан қай қалаға көшірілді? (Астана)
5.Астана қаласының бұрынғы атауы? (Ақмола)
6.Астана қаласының бұрынғы атауы? (Ақмола)
7.Ақмоланы Астана деп атауға жарлық қай жылы шықты. (1998.6.05.)
8. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
Ән тыңдау: Көк тудың желбірегені. ( қосымша 2ұпай)
3. Бұл қай ғимарат?
1. Хан шатыры –
Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?
2. Бейбітшілік пен келісім сарайы
Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?
Ән тыңдау: Атамекен. ( қосымша 2ұпай)
4. Қылқалам Берілген тақырыпқа шығарма жазу
Тақырыптар:
1.Астана елдің –жүрегі.
2. Тәуелсіздік түндігі – Астана
3. Астана- жаңа қала
4. Киелі менің Елордам.
Ән тыңдау: Десантшылар ( 2ұпай)
5. Тамаша өлең таңдайға татып балдай, Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай! Жан-дүниең жарқырап сала берер, Ағарып келе жатқан атып таңдай- деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан бір оқушы шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп , жатқа айту.
Ән тыңдау: Сәлем саған туған ел ( қосымша 2ұпай)
6. Қабырға газетін қорғау.
7. Ұйқасын тап.
Балдырған тобы: Жайнай бер, жаңа Астанам,
Ертегідей ғажап бас қалам.
Шағала: Мынау менің Астанам,
15-ке толған жас қалам.
Жасқыран: Астанам – асқарымдай көрінесің,
Өлең боп көкірегімнен өрілесің,
Достық : Астана - ару қала, аппақ қала,
Көрінген көкжиектен асқақ дара,
Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, жеңімпаз топты анықтау.
Н.Ә.Назарбаетың сөзімен аяқтау:
«Астана- бұл менің төл перзентім.Әр адам, тегінде өз қаласын сүйетін шығар.Ал біз- астаналақтар өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз, өйткені оның құрылысын тақыр жерден бастадық.Мұндағы әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан, өйткені олар туған сәтінен бастап біздің көз алдымызда…

Ал, балалар, астана туралы көптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Астанамыздың мерейі үнемі асқатай берсін! Елімізді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!
Сабақтың тақырыбы: Әр құстың өз тұмсығы қажет
Сабақтың мақсаты : 1.Құстардың тұмсығының ерекшеліктерімен таныстыру және олар
үшін тұмсықтарының қорегін аулау үшін маңызы зор екенін
түсіндіру.
2. Сөздік қорын артыру, сөйлеу тілін дамыту . Құстар жөніндегі
танымдық білімін дамыту.
3. Оқушыларды құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру , оқу, жұмбақ шешу, сұрақ -жауап.
Сабақтың көрнекілігі : Құстардың суреті , схема , қиылған құс суреті .
Сабақтың жүрісі :
Ӏ. Ұйымдастыру бөлімі .
Оқушылардың оқу өқұралдарын шығарып , үй тапсырмасын тексеру.
ӀӀ . Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушыларға сабақтың жүрісі туралы түсіндіріп өтемін .
Біз оқып отырған бөлім қалай аталады?
Жануарлар тіршілігі
Зиянкестермен күреседі
Схема арқылы құстар туралы түсіндіріп өту .
Еті, жұмыртқасы, мамығы
құрт-құмырсқамен қоректенеді



құстар


Жабайы құстар

Үй құстар


Құстардың жойылып бара жатқан түрін қызыл кітапқа енгізеді және оларды арнайы қорықтарға қорғауға алып , санын молайтады. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген .
Тапсырма
Өткен сабақты қайталау барысында тест сұрақтарына жауап аламын.
Тест сұрақтары
Жануарлар неше топқа бөлінеді
а) 4
ә)2
б) 6
Сүтқоректі жануарлар деп неге атайды ?
а) төлдерін үнемі қасына ертіп жүреді
ә)Олар төлдерін емізіп , сүтпен асырайды
б) Далада жүретін болғандықтан
3. Бунақденелілерді тап
а) балық, бақа
ә)қасқыр , ит, түйе
б) балара, көбелек, шыбын
4. Қосмекенді сөзі қандай ұғымды білдіреді?
а Суда жүзеді
ә)Екі мекені бар
б) құрлықта жүреді
5. «жыртқыштар» деп қандай жануарларды айтамыз?
а) Жануарларды тірілей ұстап жейтін
ә)өлекселерді жейтін
б) құрт-құмырсқамен қоректенетін
ӀӀ-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқып мазұмынын түсіну. Оқушыларға оқыту . «Бейімділік» сөзіне түсінік беру.
Бейімділік- жануарларға тіршілігін сақтауға, жыртқыштан құтылуға, көмектесетін қасиет. Бейімділік жануарлардың сыртқы түрінде, түсінде, жекеленген мүшелеріндегі құрылысында көрінеді.Табиғат жағдайы жер бетінің барлығында бірдей емес. Сондықтан жануарлар тіршілігіне бейімділік қажет.
ӀӀӀ-тапсырма «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы екі қатар жұмбақтар айтып, шешімін табу.
ӀV-тапсырма «Бұл қай құс» ойыны. Онда конверттің ішінде қиылған құс бөлшегін құрастырып , сол құс туралы айту және мақал айту. Мысалы: Аққу- киелі құс . Ол суда жүзеді Мақал: Аққуды атпа, досыңды сатпа.
V-тапсырма
Тоқылдақ пен бірқазан , бүркіттің ортақ қасиеттерімен , айырмашылықтарын айту.
V-тапсырма
А)Тоқылдақ пен бірқазан , бүркіттің ортақ қасиеттерімен , айырмашылықтарын айту.
Құс
ұшады
тоқылдақ
орманда тіршілік
етеді
ағаштың құртын
тазартады
Бүркіт
жыртқыш құс
биік шыңда мекендейді

Ә) Әр топқа берілген құстардың суретіне қарап , ауа-райын болжауға арналған болжамдарды айту.
VӀ- тапсырма «Сен білесің бе?» ойыны арқылы сұрақ-жауап жүргізу. 1.Қандай құстарды білесің ? 2.Қандай жабайы құстарды білесің? 3. Сөйлейтін қандай құс? 4.Әнші құс деп қай құсты айтады? 5. Қызыл кітапқа енген қандай құстарды білесің? Не себепті қызыл кітапқа енгізген? VӀӀ- тапсырма
«Құстар біздің досымыз » тақырыбына шығарма жазу және оқыту.
ӀӀӀ Сабақты қорыту
- Бүгін қандай тақырыпты өттік?
- Әр құстың өз тұмсығы қажает
Үйге тапсырма: 1Мәтінді оқу түсінгенін айту. 2 Құстардың суретін салу
Сабақтың тақырыбы : Төрт түлігім –ырысым
Сабақтың мақсаты: Төрт түлік туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер, ырым-тыйым
сөздер, жұмбақтар жаттау. Оқушыларды мәнерлеп оқуға
дағдыландыру және актёрлік қабілетін дамыту. Төрт түлікті
құрметтеп, күтіп –бағуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мақалдар, сызба, төрт түліктің суреті және олардан алынатын
өнімдер , киімдер, ертегіге керекті заттар, т.б.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
-Құрметті қонақтар бүгінгі ₺Төрт түлігім-ырысым ₺ атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
- Балалар, барлығымыз тақтаға қарайықшы. Тақтадан біз нені көріп тұрмыз?
- Енді осы мақалдардың ішінен жасырын сөз бар. Сол сөздерді тауып көрелік.
... – түлік төресі . (түйе)
...- түлік патшасы. (жылқы)
Мал өсірсең, ... өсір,
өнімі оның көл көсір.
Малды бақсаң, ... бақ, Сүт кетпейді шарадан
Төрт түліктүйежылқысиырҚой, ешкіІрі қараұсақЕті, сүті, терісі, жүніжәне т.б.
Енді , балалар, жылқы, түйе, қой, сиырларды бір сөзбен қалай атаймыз? (төрт түлік)
Дұрыс айтасыңдар, ендеше мына сызбаға қарайық. (Сызба бойынша тақырыпты түсіндіріп шығамын.)
Төрт түлікке ешкі , сиыр, қой, жылқы, түйе жатады.Олардың үй жануарларынан айырып атау себебі не деп ойлайсыңдар?
Дұрыс, олардың сүтін, етін, жүнін, терісін, күшін т.б. заттарын пайдаланатын болғандықтан төрт түлік деп атайды. Төрт түлікті денесіне қарай отырып, екіге бөледі: Ірі қара, ұсақ. Денесі ірі болғандықтан түйе, сиыр, жылқыны ірі қара деп атаймыз. Сондықтанда түйе,сиыр, жылқыны көлік ретінде пайдаланған. Ал, ешкі мен қойды ұсақ малға жатқызады және бұл екеуінің өрісі бір болғандықтан екеуі үнемі бірге айтылып, бір төл түрінде есептеледі. Ата-бабаларымыз сонау заманнан төрт түліктіқолға үйретіп, өздеріне керекті өнімдерін алып отырған. Айта кететін болсақ , түйенің сүтінен балқаймақты қайнату арқылы алса, сүтті ұйыту арқылы шұбат алады. Шұбат шипалы сусын ретінде пайдаланылады. Қазіргі кезде газет-журналдардың ақпараттарына сүйенсек өкпе ауруының көп екеніне көз жеткіземіз. Сол өкпе ауруына бірден-бір емдік сусын ретінде қолданылады. Мысалыға айта кететін болсақ, өзіміздің Маңғыстау облысымыздағы Тұщыбек санаториясында өкпе ауруын емдеу кезінде шұбатты пайдаланады. Әр малдың сүтінің әр түрлі емдік қасиеті бар.Мысалы: ешкінің сүті жеңіл болғандықтан жас нәрестелердің қарны ашқан кезде ана сүтінің орнына береді. Өйткені ешкі сүтінің құрамы ана сүтімен бірдей. Жылқының сүтін ₺саумалдық₺ деп атайды. Осы саумалдықты ашытып, қымыз дайындайды. Қымызды өкпе ауруына және асқазанды емдеуге пайдаланылады. Етінен-қазы айналдырады, жал-жая алады. Жылқының майын адамның мсүйектерінің сынған жерлері дұрыс бітпегенде , бұзып , қайта салуға және сарысу иленгенде пайдаланады. Малдың терісінен қамшы, етік, тон, бас киім тігілетін болса, жүнінен киіз үйдің жабдықтарынан: бау-басқұр, алашалар тоқып, үзік, туырлық, іргелік, т.б.киіздерін, текеметтерді басқан және әр түрлі киімдер тоқыған. Мысалы: жемпір, телпек, қолғап, байпақ. Малдың жүнінен тоқылған киімдер өте жылы болады.
Ата-бабаларымыз малдан керегін ғана алып қана қоймай, сонымен бірге өлеңдер, жұмбақтар, мақал- мәтелдер , жаңылтпаштар, әндер-күйлер, санамақтар арнаған. Төрт түлікке байланысты жырларды біз ана тілі сабағындағы ₺Атадан қалған- асыл сөз₺ бөлімінен оқып танысқанбыз. Тағы бір айта кететіні ата-бабаларымыз балаларын еркелеткенде құлыншағым, ботам, қозым деп төрт түлікпен байланыстырып отырған. Төрт түліктің жүріс-тұрысына қарап ауа райында болжаған.
Ендеше , балалар, бүгін біз осы төрт түлік туралы білгендерімізді ортаға салып, екі топ болып жарысатын боламыз.
(Оқушылар екі топқа бөлу, топтың атын тағайындау.)
Осы сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасын тағайындап алайық. Оқу ісінің меңгерушісі Үмбетқалиева Заря апайды, тәрбие жұмысының меңгерушісі Көкен Гүлжамал апайымызды және бірлестік жетекшісі Қадірова Гүлбану апайларымызды сайлаймыз.
Ендеше сайсымыздың бірінші кезеңі ₺таныстыру₺. Әр топ басшысы өз тобының атын таныстырады.
1-ші топ басшысы қаржаубай Динара
Білім мен өнер жиып бойымызға, Жеңісте алда көріну ойымызда. Төрт-түліктің төресі, ₺Аруана₺деп атадық тобымызды . Қазаққа тән мінезі бар бойында, Асықпай-ақ жетер өз ойына. Аруанадан үйреніп сабырлықты, Алдарыңа келіп тұрмыз сайысуға
2-ші топ басшысы Сұлтанова Дилфуза
Сайыс болса біздің сабақ түріміз, Сайысуға келіп тұрмыз бүгін біз. Амандасып келіп тұрған сіздермен Ерен жүйрік , ₺Сәйгүліктер₺ тобымыз. Төрт түліктің –патшасы, Ер қанаты ат деседі
Ұпай сандарымен бағалау.
ӀӀ-кезең. "Білгенге- маржан, білмегенге –арзан! " Бұл кезеңде әр топ төрт түлікпен белгіленген ұяшықтарды таңдап ,сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1.Төрт түлікке нелер жатады?
2.Ірі қара төлдерді ата. Неліктен ірі қара деп атаған?
3.Ешкі мен қой үнемі неге бірге аталады?
4. Қойдың жасына қарай атауын айт.
5.Төрт түліктің пірлерін ата.
6.Түлік баласын қалай сүйеді?
7. Түлікке байланысты ырым-тыйым сөздер білесіңдер?
8.Жылқы жасына қарай қалай аталады?
9.Төрт түлікке байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?
10. Сиырдың жасына қарай қалай аталады?
11. Төлдерді қалай қайтарады?
12.Жылқының сүті қалай аталады? Одан не алуға болады?
ӀӀӀ-кезең. "Жалғастыр"
1-ші топ мақалдың басын айтса, 2-ші топ мақалды жалғастырады. Содан кейін екі топ орындарын ауыстырып айтады.
Ұпай мақалдың дұрыс айтылуына қарай қойылады.
1-топтың мақал- мәтелдері:
Мал өсірсең , қой өсір. Өнімі оның көл-көсір
Қойдың сүті қорғасын, Қойды ұрған оңбасын.
Сиырлының үйі айран, Сиырсыздың үйі сырдан.
Бақырауық демесең, Бағалы көлік түйе ғой.
2-ші топтың мақал-мәтелдері:
Әңгіме бұзау емізер, Бұзау таяқ жегізер.
Жалғыз ешкі лақтап, Уызына жарытпас.
Қасапшыға мал қайғы , Қара ешкіге жан қайғы.
Екі қошқардың басы, Бір қазанға сыймайды.
ӀV-кезең. "Жүз бір жұмбақ"
Екі топ бір-біріне жұмбақ айтып, шешуін табу. Жұмбақтың шешуін таба алмаған топқа ұпай берілмейді. Бір жұмбаққа бір ұпай беріледі.
V-кезең.
Кел тыңдайық ертегі,
Естіген жан елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық шерін шертеді-деп келесі кезеңге өтеміз. Бұл кезең "Ертегілер еліне саяхат" деп аталады.
Екі топ өздері дайындап келген, ертегілерін көрсетеді. Бұл кезде ұпай оқушылардың әртістік қабілетіне қарай қойылады.
1-ші топтың ертегісі: "Ақылды лақ₺
2-ші топтың ертегісі: "Сымбатты сиыр жайлы хикая"
Ертегі кейіпкерлердің жағымдыларын атап, қайсысынан үлгі алып, қайсысының ісінің дұрыс емес екенін талдау.
VӀ-кезең . "Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады" Топ басшыларына сұрақ қойылады.
Сұрақтар: 1.Үй жануарлары мен төрт түліктің айырмашылығы неде?
2.Малға байланысты тыйымды сөздер айт.
3.Сиырдың сүтінен қандай өнімдер айтылады?
4. Адамдар төлге қандай қамқорлықтар жасайды?
5.Қымыздың қандай пайдасы бар?
6.Қой қандай түлік?
7.Жылқыдан қандай өнімдер алынады?
8.Төлді қалай шақырады?
9.Неліктен түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі төрт түлік деп атайды?
10. Шұбат өнімі қай төлден алынады ?
VӀӀ-кезең. "Үй тапсырмасы" Әр топ өздерінің үйден әкелген тағамның қай төлден алынғанын және оның қалай дайындалатынын айтып түсіндіру.
1-ші топ: Бұжы- бұл малдың іші майынан жасалады. Әуелі майды ұсақтап тураймыз да, содан кейін оған бұрыш, тұз және ұн араластырамыз. Сосын су құйып илеймізде, малдың ішегіне (бүйенге) саламызда , суға пісіреміз. Жарылып кетпеу үшін тесіп қоямыз.
Қуырдақты пісіру үшін етті турап, одан кейін жуамыз. Содан кейін майға қуырамыз. Үстіне тұз, жуа турап саламыз.
Брынза сиырдың сүтін сауып алып, сол сүтті қозының мәйегімен ұйытып аламыз. Содан кейін арнайы қалтаға құйып, үстінен ауыр затпенбасып суын шығарамыз. Әбден суы шыққан кезде, оны қалтадан шығарып, тұзды суға саламыз.
Ал, ірімшікті сиырдың ұйытылған сүтін, қазанға салып судан бөлініп шыққанша, суы сарқылғанша қайнатамыз. Тәтті болу үшін оған секер саламыз. Кейде оған нан салып жейді.
Әр топтың ұпай сандарын есептеп,марапаттау үшін, сөзді оқу ісінің меңгерушісі Үмбетқалиева Заря апайға сөз кезегін береміз.
Жеңімпаз топ марапатталып, жақсы қатысқан оқушыларға мақтау қағазы тапсырылады.
Сонымен балалар, бүгінгі сайысымызда нелер туралы әңгіме қозғадық?
Төрт түлік
Төрт түлік бізге керек пе екен?
Сондықтандабіз төрт түлікті құрметтеп, күтіп- бағуымыз керек екен.
Осымен бүгінгі біздің " Төрт түлігім –ырысым " атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Құрметті қонақтар, уақыттарыңызды бөліп келген үшін көп-көп рахметтімізді айтамыз.
Сабақтың тақырыбы: Туған ел. Сәкен Сейфуллин
Сабақтың мақсаты: 1.Туған ел өлеңінің мазұмынымен таныстару, түсіндіру. Сәкен
Сейфуллин өмірімен шығармашылығымен таныстыру.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттін арттыру, сөйлеу
дағдысын жетілдіру. Өз ойын еркін айтуға дағдылагндыру, білімге
құштарлығын арттыру.
3. Оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра
отырып , туған елдің табиғатын қорғауға және құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : Білім ордасының суреті, кілт , слайд.
Сабақтың түрі : Аукцион сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап ,түсіндіру , ой тастау
Сабақтың жүрісі :
Ӏ. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың оқу құралдарын шығарып, үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, біздер білімді болу үшін бізге не керек?
Біз білімді қайдан аламыз?
Ендеше балалар, бүгінгі біздің сабағымызда ₺Білім ордасын₺ аукционға саламыз. Осы білім ордасынан сіздер алдағы уақытта керекті білімді алатын боламыз. Аукцион дегенміз бұл ең көп ақшаға сату даган сөз.
Ал, бүгін біз, ақшаның орнына білімімізді сала отырып, ең көпр ұпай жинауға тырысамыз. Көріп тұрғанымыздай аукцион бірнеше сатыдан тұрады. Әр сатыдан өзімізге тиісті ұпай саннын алып отыруымыз керек. Ең көп ұпай жинақтаған топ, бүгінгі білім ордасының иесі болып табылады.
1-саты. ₺Ой жинақтау₺ сатысы Бұл жерде біздер үй тапсырмасын тексереміз.
Үй тапсырмасы :
1.Өлеңді жатқа айту
2. Сұрақтарға жауап алу.
а) Өлеңнің авторы кім?
ә) Тіл туралы қандай мақал білесің?
б) Дихан Әбілов кім?
в) Дихан Әбіловтің өлеңі не туралы айтылған?
д) Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
г) ₺Оты сөнген от ал мен, жүрегімді суырып алыңдар₺ деген тіркесті қалай түсінесіңдер?
ӀӀ . Жаңа сабақты түсіндіру
2-саты. Топтастыру.
-Балалар, ₺туған ₺ сөзіне сөз тіркестерін құрайықшы.
-Осы сөздердің ішінен қай сөздерді бір сөзбен атауға болады? -Өлке, ауыл, ел, жер. – Дұрыс айтасыңдар, балалар,. - Туған жер, туған ел тіркесін қалай түсінесіңдер?( Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.) Мұғалімнің түсіндіруі - Дұрыс айтасыңдар ,туған жер дегеніміз туып-өскен жерің. Қазір барлығымыздың тұрған жеріміз қалай аталады? –Ендеше бұл біздің туған жеріміз . Біздің ауылымыз өзіндік ерекшелігі бар, ауданымыздағы көлемі, халқы жағынан үлкен ауыл болып саналады. Бұл жерге көшіп келуші халықтар саны әлі толастар емес. Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Табиғатымыз обылысымызға тән. Аулымызда өзіміз білетін мектебіміз, кітапханамыз, мәдени ошағымыз, бала-бақшамыз, дәрігерлік көмек көрсету орталығымыз да бар. Сонымен бірге біздің ауылымызда тарихи ескерткіштерде бар. Айта кететін болсақ ₺ Қошқар ата₺ әулиесі, Мәдениет үйінің жанындағы бақта ұлы отан соғысының ардагерлеріне қойылған ескерткіш. Әрбір адам өзінің туған жерін, ондағы тарихи ескерткіштерін қорғауға міндетті. Бұл біздің Конституциямызда айқын көрсетілген. – Енді балалар, көптеген ақын- жазушыларымыз өздерінің туған жеріне арнап өлеңдер, шығармалар жазған. Соның бірі Сәкен Сейфуллиннің ₺Туған ел₺ деген өлеңімен танысамыз. 3-3- 3- саты. Мағына тану. - Біздер қазір мағына тану сатысына көтерілеміз. 1. Сәкен Сейфулиннің өмірімен таныстыру. Слайд арқылы түсіндіру. 2.Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы түсіндіремін. Оқушыларға оқытамын. 4-саты. ₺Ой қозғау сатысы₺ Орталықтармен жұмыс. а) Әдебиет орталығы. 1. ₺Зеректер₺ тобы: Берілген суретке өлең құрастыру. ₺Алғырлар₺ тобы: Берілген суретке шығарма жазу. 2.Мақал-мәтел жарысы. Екі топ кезектесе отырып, туған жер туралы мақал айтып жарысады. ә)Тарихи орталығы. Сұрақтар; 1.Аулымыздың қандай тарихи ескерткіштері мен тарихи орындары бар? 2 Тарихи орындарды қорғау туралы қай бапта айтылған? Түсіндір б) Дүниетану орталығы. Болашақта үлкен азамат болғанда туған жеріміздің табиғатын қалайша қорғар едің? (Оқушылардың пікірін тыңдау) в) Театр орталығы. Көрніс ₺Кімнің мекені жақсы?₺ - Сонымен балалар, кімнің мекені жақсы болды? - Әрбір адамның туған жерінен артық жер жоқ екен. Мейлі ол салқын болсын, мейлі ол шөл болсын. Сондықтанда балалар әрқайсысымыз туған жерімізді қадірлеп, оның табиғатын қорғай білейік. Жеңімпаз топты анықтау.
ӀӀӀ. Сабақты қорыту
-Бүгін балалар, біз қандай тақырыппен таныстық? - Туған ел
- Туған ел өлеңін кім жазған? - Сәкен Сейфуллин дегеніміз кім?
- Туған ел өлеңінен не ұқтық?
Үйге тапсырма:1. Өлеңді жатқа айту. . 2.₺Туған ел-алтын ұям₺ тақырыбына шығарма жазу


Сабақтың тақырыбы: Ақыл көркі –тіл, тілдің көркі –сөз
Сабақтың мақсаты: Ана тіліне арналған өлең шумақтары мен әндер айту.
Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін
қастерлеуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: ₺Қазақ тілі болашағым, ертеңім... ₺ атты газет көрмесі , нақыл
сөздер , шарлар
Сабақтың жүрісі:
-Құриетті оқушылар, ұстаздар . Бүгін біздің ₺ Ақыл көркі –тіл, тілдің көркі –сөз ₺ кешімізге қош келіпсіздер!
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі –атаңның , анаңның тілі, тауған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі , білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады, шығамасын анатілып қалдырадыінде жаз. Халыңтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата-дәстүрі.Біздің тіл туралы заңымыз 1997 ылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының ₺ Тіл туралы₺ жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан-ұрпаққа, атадан- балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Сондықтанда ана тіліміз талай жылға ақау болған. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның ьнегізігі мекені -Қазақстан. 14 желтоқсан- Қазақстан Республикасының мемлекеттіктіл күні, халықтық мереке. Тілді қастерлеу- ізгілік пен мәдениеттің белгісі.
- Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзеу қараймын,
Ана тілім сені егер білмесем-дегендей енді балалр қазір біздер топтық сайыс жүргіземіз. Мен әулеі сіздерге сайыстың жүрісімен таныстырып өтейін.
Жүрісі: 1.Топ атымен , ұранымен таныстыру
2. Кім көп біледі? Сұрақтарға жауап беру
3.Ана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу
4. Даналар сөзінің сырын аш! Тіл туралы айтылған ой-пікірлерді мағынасын түсіндіру.
5. Тіл туралы берілген тақырыпқа шығарма жазу.
6. Өз өнерін көрсету.( Өлең айту, би билеу, көрніс көрсету)
7. Ұйқасын тап. Өлең шумақтарын құрастыру.
- Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. ( Әділ қазылар алқасымен таныстыру)
1. Әр топ өздерін таныстару.
2. Кім көп біледі? бөлімі. Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру.
Сұрақтар: 1.Қазақ тілі туралы заң қашан қабылданды? 2.21қандай мереке? 3.Мәтін дегеніміз не? 4.Туған тілім тірлігімнің айғағы, тілім барда айтылар сөз ойдағы- деген өлең жолдары қай ақынның өлеңінен алынған. Арыт қарай жатқа айт. 5.Буын үндестігі дегеніміз не? 6.Ең бірінші бақытым-халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін- деген өлең жолдары қай ақынның өлеңінен алынған. Ары қарай жатқа айт. 7.Дыбыс үндестігі дегеніміз не? 8. 9.
3. Тамаша өлең таңдайға татып балдай, Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай! Жан-дүниең жарқырап сала берер, Ағарып келе жатқан атып таңдай- деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан бір оқушы шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп , жатқа айту.
4. Мәңгі өлмес, мейлі , заулап көшер заман, Жиреншедей дария шешен бабам. Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын, Екі ауыз сөзбен шешкен шешен бабам –деп сайысымыздың келесі кезеңіне өтеміз. Бұл кезең ₺ Даналар сөзінің сырын аш₺ деп аталады. Бұл жерде әр топқа еліміздің белгілі ақын-жазушыларымыздың тіл туралы айтылған пікірлері беріледі. Сол пікірлерді сіздер түсіндіруіңіз керексіздер.
1. Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов
2.Ана тілін білмейтін адам- бір қолы жоқ шолақ адам сияқты. Ғ.Мұстафин
3. Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесіннің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ж.Аймуытов
4. Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ. Мағжан Жұмабаев
5. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Б. Момышұлы
5. Тіл туралы берілген тақырыпта шығарма жазу.
Тақырыптар: 1.Жасай бер , ана тілім, қазақ тілім! 2.Тіл біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз. 3. Анамның тілі –ардақтым менің!
Оқушылар шығармаларын жазып болғанша, көрермендер арасынан жарыс өткізу. Әуелі үш мақал айтып, жалғасын тез табу. Тез тапқан үш оқушыны ортаға шығару. Оларға тапсырма; 1.Тіл туралы мақал-мәтел айту. 2.Берілген суреттегі затты жұмбақтап айту. 3. Мағынасын ашу.
6. Өз өнерін көрсету. Әр топ өздері дайындалып келген өнерлерін көрсету.
7.Берілген өлең жолдарына ұйқас құрастыру. Тез айту. а) Ана тілім-бала шағым өркенім, Ана тілім –болашағым, ертеңім, ...
ә) Ана тілім- бәрін сөйлер шежірем, Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
б) Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желік бас.
в) Бұл жанды тіл- менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, жеңімпаз топты анықтау.
Ал, балалар, тіл туралыкөптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Халқымыздың бай тілін меңгеру, көркейту, қыр-сырын танып білу әр азаматтың қолынан келетін дүние. Тілді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!

Сабақтың тақырыбы: Үлек.
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, меңгерту. М.Қалдыбековтың өмірімен таныстыру. Түйе туралы білетін білімдерін кеңейту.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, оқу, түсіндіру, т.б.
Көрнекілігі: Слайд жұмыстары,Мамытбек Қалдыбаев портреті,түйе, үлек суреттері.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1.Қызығушылықты ояту:
«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.
Ойынның шарты: Егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; даййындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.
ІІ.Үйге тапсырманы тексеру: Шығарма жазу.
Егер өзің көрінбейтін адамға айналып кетсең не істер едің?
Шығарманы 5-6 оқушыға оқытамын.
-Біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Бұл әңгімедегі адамның ұры екенін қайдан білдік?
-Ендеше балалар сендер көрмей, дауысты қалай аңғарарсыңдар екен. Соны көрелік. Ол үшін мен сендерге дыбыс жасырамын . Сол ненің дыбысы екенін ажыратылық.
Аудиодан түйенің үнін тыңдау.
-Бұл ненің дыбысы?
-Ендеше , балалар қазір біздер түйенің атауына қарай топтастырайықшы.
ІI.Жаңа сабақ.
І.Топтастыру стратегиясы.


Түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналды.
Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америка деп саналады. Қазіргі уақытта түйенің бұл түрлері Африкада, Орта Азия мен Батыс Азия мен Батыс Америкада да бар.

Түйенің екі түрі бар. Мұның біреуі қос өркешті, екіншісі  HYPERLINK "http://koshpendi.kz/index.php/torttulik/nar/" \o "Нар" нар (жалғыз немесе сыңар өркешті түйе).
2.Автор туралы мағлұмат беру.
Қалдыбаев Мамытбек
Мамытбек Қалдыбаев 1939 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы «Совет» ұжымшарына қарасты «Қызылжалау» ауылында туған. Шымкент қаласындағы техникалық училищені, педагогика институтының филология факултетін бітірген. Жамбыл облысы, Қордай ауданында мұғалім болған.1964-65 жылдары әскер қатарында қызмет етті. 1970-78 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газеті редаксиясында, кейін «Мәдениет және тұрмыс» журналында еңбек етті. Қазір Қазақ Мемлекеттік университетінде оқытушы, филология ғылымының кандидаты.М. Қалдыбаевтың «Қанат қақты», «ол неге ұялды», «Айна», «Мерей», «Ақжайық әуендері», «Ай туып келеді», «Жолдар шақырады» т.б кітаптары шыққан.Алматыда тұрады.
3.Кітаппен жұмыс. Мәтінді Джиксо – ұжымдық оқыту әдісімен оқу.Тізбектей оқыту.
4.Дәптермен жұмыс.
Тапсырма:
1-топ: Түйе жейтін шөптің атауын тауып жазу.Толықтыру
2-топ: Мәтіннен жер аттарын тауып жазу.
3-топ:Мәтінді пайдалана отырып үлекке сипаттама жазу.
4-топ: Мүлкібай атаның бейнесін көрсететін тіркестерді теріп жазу.
Оқушылардың тапсырмаларын тексеру.
1-топ: Түйе жейтін шөптің атауын тауып жазу
Жусан, изен бұл қандай жерлерде өседі?
Сөйлемнің қандай мүшесі?
2-топ: Мәтіннен жер аттарын тауып жазу.
Бозоба, Сарапан, Тасқұдық
-Бұл қандай жер деп ойлайсыңдар?
-Себебі неге?
3-топ:Мәтінді пайдалана отырып үлекке сипаттама жазу.
Қорқуды білмейтін, жалғыз өркешті
Айбатты, батыл Үлек малды бір өзі бағады
Нардың бурасы
-Қандай мәтін құрауға болады?
4-топ: Мүлкібай атаның бейнесін көрсететін тіркестерді теріп жазу.
Қоржиған кіп-кішкентай , ап-арық Мүлікбай ата.
Ендеше балалар, Мүлікбай атаның несін суреттеген?
Жүрісін, бет-әлпетін, түрін
-Енді осы сөздерді пайдалана отырып портрет дегеніміз не? Деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
5. Портрет туралы мағлұмат беру.
Оқушылар сызба арқылы ереже шығару.
Сергіту сәті:
.- Ендеше балалар қазір біздер сәл тынығып алайық. Ол үшін «Нар идірген» күйін тыңдай отырып әрқайсысың өздеріңнің портреттеріңді салып, көршілеріңе тапсырыңдар.
Ой толғаныс:
Постер қорғау. Түйе туралы не білеміз, соны алдарыңдағы қағазға жинақтап, өздерің қорғайсыңдар.
«Ой қозғау» Сұрақтармен жұмыс.
1. Үлек дегеніміз не?
2.Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда ,не үшін барды?
2.Балалар неден ,неге қатты қорықты?
3.Егер Мүлкібай ата бармаған болса ,не болар еді?
4.Әңгіменің ең соңғы сөйлемінен  қандай қорытынды айтуға болады?

ІІІ.Сабақты қорыту:
Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
Оны қаншалықты түсіндік? Оны тақтада берілген смайлктің қасына өздеріміздің дөңгелекшелерімзді жапсырамыз?
Үйге тапсырма:
1.Мәтінді түсініп оқу  .
2.Түйе туралы мәлімет материал жинау.
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Имандылық-ізгіліктің негізі
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету.Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, техникалық құралдар, гүл, шарлар
Сабақтың барысы:
Сәлематсыздар ма, оқушылар , ұстаздар!
Оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Имандылық-ізгіліктің негізі» Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін мына берілген екі түсті таңдап алып, екіге бөлініп отырамыз.
Тренинг.
Алдарыңыздағы параққа адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыз. Болғасын жазған қағазды алдарыңызға бүктеп қойыңыз. Ал енді жақсы қасиеттерТоптастыру стратегиясы.
Имандылық, адалдық, әділдік
Адамның асыл қасиеттері:Әдептілік, ізеттілік,қайырымдылық
Балалар, қазақта мынадай тілек тілейді екен. Қыздарға ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгершілігі мол болсын, қайырымды болсын! Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Осы қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жазған жаман қасиеттерді жазған парақтарды жыртып тастайық. Бүгінгі тәрбие сағатымызда ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық, инабаттылық қағидаларына тоқталып өтеміз. Енді имандылық пен инабаттылық туралы не білеміз?
Балалар пікірі тыңдалады.
Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Имандылық Алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді. Халық адамгершіліг жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын,биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «Иманжүзді кісі» деп бағалайды. Ұрпақтарымызды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қорғап, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, көпшілдік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді олардың бойына сіңіру - әрбір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің ұлттық парызы. Баланы үлкендерді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, яғни иманды болуға, адамгершілікке, әдептілікке баулу - адамгершілік тәрбиесінің тарихи жемісі.
Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрнісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершіліе. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»
Тақтадан кесте көрсетіледі. «Имандылық қасиеттер»
Ой қозғау:
А) Ұлдарға сұрақ:
1. Қыздың көркі деп нені түсінесің?
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?
3. Қызға қандай қылық жараспайды?
4. Сұлу қыздарға арнап мақал айт
5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнамайды?
ә) Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды?
2. Ұлдарға арнап мақал айт
3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнамайды?
4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?
Постер қорғау:
- Имандылықты қалай түсінеміз?
Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін сұрақтарға жауап берейік.
Сұрақтар:
Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? ( үлкен кісімен амандасып, жол беремін)
Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда сен не істеуің керек?
( үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды)
Автобуста, қоғамдық орында егде адамды көргенде не істейсің?
( үлкен кісіге орын беру керек)
Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек? ( сіз деп сөйлесу керек)
Балалар, енді иманды ұл, инабатты қызды халқымыз неліктен елдің көркі дегенді ұғындық па? Сіздер сияқты жеткіншек ұлдар мен қыздар жоғарыда айтылған әдептілікті, адамгершілікті сақтап, ардың, ұяттың таразысын тең ұстаса, ол елдің қандай екенін тануға болады.
Ой толғау:
Даналық сөздің мағынасын түсіндіріңдер. Оқушылар тақтадағы даналық сөздердің мағынасын түсіндіріп, өз ойларымен бөліседі.
Адамгершілік, имандылық пен инабаттылық туралы мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті, иманды, жүрегі мейірімге толы бала болып өссең, есейе келе ата-анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Отаның сенімен мақтанатын болады. Сонымен, иманды ұл мен инабатты қыздың бойында қандай қасиет болу керек?
Алақан жылуы арқылы бірге «Бақыт. Қуаныш. Сәттілік тілейміз!»