Ы.Алтынсарин шы?армаларыны? т?лім-т?рбиелік м?ні ж?не оларды бастауыш мектепті? ана тілі саба?ында ?ту диплом ж?мысы


«Ы.Алтынсарин шығармаларының тәлім-тәрбиелік мәні және оларды бастауыш мектептің ана тілі сабағында өту»
ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
І ТАРАУ. Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРІ МЕН АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
1. 1 Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық өмір жолы..........................7
1. 2 Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі.................................11
ІІ ТАРАУ. Ы. АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУ
2. 1 Ы. Алтынсарин шығармаларының тәлім-тәрбиелік мәні...................22
2. 2 Ауыз әдебиетінің Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі көріністері..........33
2. 3 Ыбырай Алтынсарин шығармаларын бастауыш сыныптың
ана тілі сабағында оқыту.............................................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................59
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он тоғыз жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін. Адамдар санасының өзгеру, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға берді. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» – дейді Президент Н.Ә.Назарбаев.
Ы.Алтынсарин мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Егер Ыбырай қазақ халқының өткен заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы болса, бұл құдіретті бейне жаңа замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды. Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан ұлттың аса көрнекті алып тұлғасының, былайша ғажайып түрде тұтасып және тілдесіп кетуі – бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір ерекше құбылыс.
Ы.Алтынсарин селеулі дала төсінде өскен самалдай өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Ол ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған.
Жалпы Ы.Алтынсарин шығармаларының философиялық, психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен әдебиеттанудағы маңызына байланысты З. Ахметов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Есім, М.Жұмабаев, С.Қирабаев, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов, М.Мырзахметов, К.Оразалин, М.Орынбеков, Х.Сүйіншәлиев, Т.Тәжібаев, зерттеулерін т.б. айтуға болады.
Оның шығармаларындағы дидактикалық ой-пікірлердің ерекшеліктеріне байланысты кейбір пікірлерді Н.Алдабек, А.Айтбаева, Н.Берікұлы, А.Бейсенбаева, Ә.Балтабай, А.Н.Ильясова, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Молдаханов, А.Т. Тлеуханова, Ж.Б.Сәдірменов, І.Р.Халитовалардың ғылыми-зерттеулері мен т.б. жекелеген мақалаларынан табуға болады.
Ы.Алтынсарин шығармаларындағы әлеуметтік көзқарастар туралы және ғылыми-зерттеу жұмыстарында әлеуметтік педагогтарды даярлау, студенттер арасындағы әлеуметтік қызметті ұйымдастыру, қазіргі кездегі әлеуметтік педагогиканы зерттеу әдістеріне байланысты мәселелер жайында айтылған Н.С.Алғожаева, А.С.Елемесова, Д.Д.Кульбасова, Р.С.Қасымова, З.Қабдол, Б.И.Мұқанова К.М.Науанова, А.Тайжанов, Р.К. Төлеубекова, І.Р.Халитова, М.Хапач, т.б. еңбектеріне сүйендік.
Сонымен бірге зерттеу жұмысымызда ғұлама ойшыл шығармаларындағы дидактикалық ойлардың психологиялық мүмкіндіктерін зерделеуде П.К.Анохин, Б.С.Блюм, Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, В.П.Зинченко, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, Ж.Пиаже, кеңестік психолог ғалымдар И.П.Павлов, И.П.Подласый, П.И.Пидкасистый, С.Эриксон, оқу үрдісі және ондағы оқушы іс-әрекетін зерттеген Д.Б.Эльконин, В.Оконь, К.Д. Ушинский т.б. еңбектеріне сүйендік.
Тек тәуелсіздік пен егеменділік жағдайында ғана ғұлама ойшылдар мен гуманистер көзқарастары, қазақтың дәстүрлі дүниетанымы туралы бүкпесіз айтуға, айтып қана қоймай, жүйелі түрде зерттеуге халқымыздың бай рухани мұрасын игере отырып, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға, еткен де жеке тұлғалар болған. Сол себепті біз дипломдық жұмысымызда Ы.Алтынсарин, оның шығармаларындағы педагогикалық көзқарастары, шығармаларындағы сабақтастық, педагогикадағы ұлттық тәлім-тәрбие тұрғысында қарастыруды мақсат ете отырып, олардың бүкіл мұрасын зерттеу объектісінің аясында тұтас қамтуға тырыстық.
Бұл күндері Ы.Алтынсарин ұлттық сана сезімде мәңгі аталатын ұлы тұлғаға айналды. Заман ілгері жылжып, адамзат санасы неғұрлым биікке иек артқан сайын оның алдындағы міндеттердің де мәртебесі биіктеп, ауқымы кеңейіп, мәні күрделене түспек. Халқымыздың ұлттық мақтанышына айналған тұлғаның арман-мақсаты - біріншіден, оның қазақ еліндегі ағартушылық кемелденген дәуірінің жемістерін көру, екіншіден, елін, халқын жетілдіру, сауаттарын ашу, басқа халықтармен терезесін тең ету еді.
Сонымен, «Ы.Алтынсарин шығармаларының тәлім-тәрбиелік мәні және оларды бастауыш мектептің ана тілі сабағында өту» тақырыбы, шығармаларындағы сабақтастық, педагогикалық идеяларының ұлттық тәлім-тәрбиесі, жан-жақты түбегейлі зерттеліп бітті десек қателесеміз. Осы кемеңгердің шығармаларындағы сабақтастық үндестігін, жас ұрпаққа берер өнегесі, ұлттық тәлім-тәрбиесі мол екендігін түбегейлі зерттеуді диплом жұмысымның көкейкестілігі деп тұжырымдаймыз.
Біздіңше, бұл отандық педагогиканың теориясын, практикасын жаңа идея, тың пікірмен байытпақ. Осы тұрғыда жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде Ы.Алтынсарин шығармаларының педагогикалық идеяларының сабақтастығы ғылыми педагогикалық тұрғыдан білім беру аймағында қолдану мүмкіншіліктерінің қарастырылмауы және ұлы ойшылдың мұралары өзара байланыстық, сабақтастық негізінде қазіргі мектептердің педагогикалық үрдісін жетілдіру сұраныстары, жаңа білім талаптарының арасындағы қарама-қайшылықтардың беті ашылмақ.
Зерттеудің мақсаты: Ы.Алтынсарин шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, олардың сабақтастығын жүйелеп, педагогиканың үрдісіне ендіру.
Зерттеудің нысаны: Оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің міндеттері:
- Ы.Алтынсариннің әлеуметтік-қоғамдық көзқарастары және шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтарын айқындау;
- Ы.Алтынсарин шығармаларындағы философиялық, педагогтық-ағартушылық, діни және гуманистік ой-жүйелеріне талдау беріп, қазіргі жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау;
- Ы.Алтынсарин шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығын жүйелеу және мазмұнын құру;
- Ы.Алтынсарин шығармаларын мектеп бағдарламасындағы орнын анықтап, педагогикалық эксперименттен өткізіп, нәтижелерін қорыту, ғылыми әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: жеке тұлға, іс-әрекет теориясы, Ы.Алтынсариннің философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлері, зерттеу мәселесіне қатысты отандық және шетел педагогтары мен әдіскер ғалымдарының іргелі еңбектері, Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, білім беру тұжырымдары мен бағдарламалары.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық талдау жасау, Ы.Алтынсарин шығармаларындағы рухани-идеялар оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің әдістемесі және сауалнама, бақылау жүргізу, тескеру жұмысын ұйымдастыру және нәтижесіне баға беру, қорыту.
Зерттеудің көздері:
- мемлекеттік ресми материалдары (заңдар, қаулылар және т.б.). Білім министрлігінің құжаттары (тұжырымдамалар, бағдарламалар, т.б.);
Ы.Алтынсариннің шығармашылық мұралары, еңбектері;
зерттеліп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдеби, тарихи деректер, мерзімдік басылым ақпараттары;
Диссертацияның ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
- Ы.Алтынсариннің әлеуметтік-қоғамдық көзқарастары және шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтары айқындалды;
- Ы.Алтынсарин шығармаларындағы философиялық, ағартушылық, діни және гуманистік ой-тұжырымдары талданып, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері анықталды;
- Ы.Алтынсарин шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы жүйеленіп, мазмұны жаңа сипатта құрылды;
- Ы.Алтынсарин шығармаларын орта мектепте өтудің жаңа бағдарламасы түзіліп, педагогикалық эксперименттен өткізіліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Ы.Алтынсариннің гуманистік көзқарастарымен, діни көзқарастарымен мектепте және жоғары оқу орындарда тәлім-тәрбиелік үрдісіне ендіру мүмкіндіктері бар;
- Орта мектептің бастауыш сыныптарын Ы.Алтынсарин шығармаларын оқытудың жаңа бағдарламасы әзірленіп, оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жоспарланды;
- Зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында, педагогика және психология, филология, тарих пәндерін оқытуда, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.


І ТАРАУ. Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРІ МЕН АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
1. 1 Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық өмір жолы
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңғырулар тұсында тұр. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі әлеуметтік өзгерістермен айқындалады. Тәуелсіздікке ие болған он бес жыл ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, өзгермелі әлеуметтік-жағдайда жаңа Қазақстандық қоғам дүниеге келді.
Ы.Алтынсарин ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған. Оның елінің бүгіні мен келешегіне қатты алаң болғаны сөзсіз еді. Ол келешек ұрпағының кісілік санатында жүруі үшін қазіргі өздеріне үстемдік құрған жұрттың өз тілінде білім алуы қажет деп білген.
Ұлы ғұламалар қарапайым халықтың ауыр да қараңғы өміріне немқұрайлы қарай алмады. Жоқшылық пен аш-жалаңаштыққа душар болған ауыл кедейлері тұрмыс-тіршілігінің соншалықты ауыр екенін өз шығармаларында бейнелеген. Ертедегі грек ойшылдары Платон, Сократ, Аристотельден бастап, Батыс Европа мен Шығыстың ғұлама білімпаздарының еңбектерінен сусындай жүріп, ойларын дамытып, қиялын шарықтаған, сонымен қоса, орыстың өзінен бұрынғы ағартушы ойшылдарының, соның ішінде Л.Н.Толстой мен К.Д.Ушинский т.б. шығармаларымен танысып, көзқарастарын, идеяларын көп оқып, оны зерттеп жалғастыра білгені туралы зерттеу жұмысында аталған.
Қазақ халқының талантты ұлдарының бірі – Ы.Алтынсарин халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді, өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз, өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді. Ол – аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған адам.
Ол тарихтың қиын да күрделі кезеңінде, қазақ қоғамының құрылымында да, әлеуметтік экономикалық өмірінде де аса бір қиын шақта дүниеге келді: бұл қазақтардың Орта және Кіші жүздерінің Россияға қосылуы аяқталып, олардың патша империясының отарына айналған тұсы еді.
Ыбырай Алтынсариннің сан салалы қызметі мен өмірі жайлы сақталған деректер мен материалдар өте көп, олардың дені ағартушының өз қаламынан шыққан.
Ы. Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-шы жұлдызында (қарашаның 1-ші жұлдызы) Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген (Қостанай облысының Затобол ауданы). Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Жаңбыршыұлы тәрбиелейді.
1844 жылы патша өкіметі Орынбор Шекаралық комиссиясының жанынан қазақ балаларын оқытып песірлер мен тілмаштар дайындайтын арнаулы мектеп ашу туралы шешім қабылдайды [1, 308-б.].
1846 жылы наурыздың 5-ші жұлдызында Балғожа Жаңбыршыұлы ашылмақ мектепке немересі Ыбырайды кандидат етіп қабылдау жөнінде Орынбор Шекаралық комиссиясының председателі генерал-майор М.ВЛадыженскийге өтініш жасайды. Орынбор шекаралық комиссиясының сол жылғы наурыздың 5-ші жұлдызындағы журналдағы қарары бойынша Ыбырай Алтынсарыұлы жаңадан ашылмақ мектепке кандидат болып қабылданады.
1850 жылдың көкектің 19 жұлдызында генерал-майор М.В.Ладыженский сұлтан-правительдерге бұйрық хаттарын жібереді, онда қазақ балаларына арналған мектептің ашылар уақыты таянғанын, сондықтан да мектептің ашылу күніне дейін оның болашақ шәкірттеріне қажетті киім мен аяқ киім тігіліп дайын болуы үшін оларды алдын ала жеткізу қажет делінген. Сұлтан-правительдер мектепке түсетін кандидаттар комиссияға шілденің 1-ші жұлдызына дейін келуі керек деп хабарлайды. Кейін бұл мерзім тамыздың 1-ші жұлдызына дейін шегеріледі.
Мектепке 8-12 жас аралығындағы балалар қабылданатын. Ыбырай 9 жаста еді. Атасы Балғожа Шығыс бөліктің сұлтан-правителі арқылы Шекаралық комиссиядан жол шығынын өтейтін қаржы алдырады. 1850 жылы шілденің 21-23 жұлдызы аралығында көп халықты жинап той жасап, сүйікті немересі әрі мұрагері Ыбырайға батасын беріп, өзінің сенімді көмекшісі Жетібай Өтемісұлымен (Кенесары шапқыны кезінде ол бесікте жатқан Ыбырайды өлімнен арашалап қалған) бірге Орынборға аттандырады. Бұлармен бірге аттанған 10 баланың ішінде Жанбайұлы Жұмағұл, Байдосұлы Момын, Амангелдіұлы Жақып, Айтоқаұлы Едіге, Байжанұлы Жолмұқанбет, Мұңсызбайұлы Нұрым, Ақсаратұлы Сегізбай, Қаржасұлы Құлжан, Көпбергенұлы Құдабай, Көшербайұлы Шамұрат бар еді.
Оқуға түсушілер Орынборға белгіленген мерзімде жетіп, алдын ала дайындалған жеке меншік пәтерге жайғасады. Мектеп ісінің қамқоршысы, коллеж ассесоры Плотниковтың қатысуымен 1850 жылы тамыздың 1-ші жұлдызында медициналық тексеруден өткізген Шекаралық комиссиясының дәрігері Майдел оларды оқуға жарамды деп табады.
Мектептің ашылу салтанатына үш бөліктің де, тіпті шалғай жатқан адайлардың да ру басылары келеді. Ашылу салтанатының программасына сай тамыздың 20-шы жұлдызы күні күндізгі сағат 12-де генерал-губернатор бастаған әскери және азаматтық мекемелердің шенеуніктері мектеп үйін аралап, сол жерде Орынбор Спас-Преображен шіркеуінің дін қызметкерлерімен бірге дұға оқиды. Бұдан соң олар мектептің шін, жатахана, асхана, аурухананы (изолятор) аралайды. Ал тамыздың 22-ші жұлдызында салтанатқа келген генералдар, штаб офицерлері, азаматтық шенеуніктер, құрметті көпестер және «азиялықтар» мектепті тағы да аралады. Орынбор күмбезді мешітнің ахуны Мұсаұлы Ғұсман бастаған «азиялықтар» намаз оқып, артынан мектеп бақылаушысы кеңесші Кукляшев орыс және татар (татар тілінде ахун) тілдерінде оқушылар мен олардың туыс-туғандарын мектептің ашылуымен құттықтайды. Бұдан соң унтер-офицер мен мектеп бақылаушысының қадағалауымен екі-екіден сапқа тұрған оқушылар мектеп асханасына барып мерекелік дастарханнан түстік ішеді, ал көпшілік жатахана үйінде дайындалған дастарханға шақырылады. Сөз сөйленіп, оркестр гимн ойнайды.
Ертеңінде қала сыртындағы татар слободкасында алыстан келген қазақтарға арнайы мереке ұйымдастырылып, түрлі ұлттық ойындар мен рәсімдерге жалғасқан үлкен қонақасы беріледі.
Орынбор өлкесінің отаршыл әкімшілігі мектептерде қазақтың салт-дәстүрлері мен рәсімдерін сақтау үшін барлық жағдайды жасайды. Осыған байланысты олар оқушыларды көшпенді тұрмыстан «аулақтатуға» емес, қайта дала өмірінің қатаң жағдайында оларды шынықтыруға бейімделеді. Осыдан келіп оқу процесі де қазақ аулының көшпенді тұрмысына мейлінше жақындатылады.
Осы мақсатпен Орынбор шекаралық комиссиясы мектеп ашылар жылдың (1850ж) жазында оқушыларға арнап ішінде керек-жарақтың бәрі бар, ұлттық киім-кешек, көйлек-дамбал, аяқ киім, кітапханасы, денешынықтырумен айналысатын құралдары, мал дәрігерлік құралдары бар 4 ақ киізден жасалған 1 қоңыр үй (ас үй) және де бұларға арнап бір үйір сауын биелері мен керемет ер-тұрманы бар мініс аттарын сатып алды, бұл оларды салт атқа мінуге үйрететін әрі қымызбен қамтамасыз ету үшін керек болды.
Екі ай бойы олар Орынбор маңындағы далалы жерлерде (көшпелі тұрмыс жағдайында) оқитын; ал мектепте оқыған кездерінде оларға қазақтың ұлттық тағамдарын беруге барынша назар аударылатын.
Ыбырай мектепке қабылданған соң оның жанына еріп келген қамқоршысы Жетібай Өтемісұлының аулына қайтуына рұқсат етіледі. Алайда Ыбырай Шекаралық комиссиясының төрағасынан оның қала тұруын аса өтінеді. Оның бұл тілегі қанағаттандырылады. (Орынбор шекаралық комиссиясының мәжіліс журналы 1850 жыл, тамыздың 9-шы жұлдызы).
Орынбор әкімшілігінң Өтемісұлын үйіне қайтаруға жасаған кезекті әрекеттеріне қарамастан Алтынсарин үсті-үстіне асқан табандылықпен оны қайтармауын өтінумен болды, нәтижесінде әкімшілік Өтемісұлын әуелінде бір жылға, кейін оқу аяқталғанша, Шекаралық комиссиясының мәжіліс журналында жазылғандай, тұрмыс ақысын төлеп қалдыруға мәжбүр болады.
Мектеп оқушыларына (басқа пәндермен қатар) орыс, араб, татар және парсы тілдерін оқытатын. Бұл мектепті тәмамдаған қазақ баласы тәртіп бойынша аталмыш тілдермен қатар мұсылман дінінің қағидаларын да біліп шығатын. Мектеп бақылаушысының жылдық есебінде: оқушылар бүкіл оқу кезеңінде грамматикалық ережелерді қатаң сақтай отырып ауызша айтылғандарды жатқа жазумен айналысатын. Олар шығыстың яғни, татар, араб, парсы тілдерінде көркем жазу үлгісі бойынша жазатын. Мұсылман дінінің шариғаттарын Орынбор мешітінің ахуны Ғұсман Мұсаұлы үйретені де, ал араб, парсы, татар тілдерін белгілі шығыстанушы Мірсалық Бекшораұлы оқытатын. Шәкірттер мұсылман дінінің иман-шарт пен сүреге енген барлық қағидалар мен заңдарын өтетін. «Құранды бүкіл оқылу ережелерін сақтай отырып жатқа оқитын» - делінген есептердің бірінде. «...олар қасиетті кітап Мұхтасарға дейін
Диплом жұмысының толық нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне
2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа ақша аударылған түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған диплом жұмысының толық нұсқасы салынады.
(Диплом жұмысы барлық талапқа сай, жоғары сапада дайындалған)
Осы сайттан басқа да диплом жұмыстарын, сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!