Поурочное планирование по самопознанию на тему Тілім мені? тірегім (4класс)


Бекітемін:
Оқу ісі жөнінде директор орынбасары:
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Жаңатұрмыс негізгі мектебі
Мерзiмі: 17.10.2015 жыл
Сабақтың №: 7 сабақ
Тақырып: Тілім менің тірегім
Құндылығы: сүйіспеншілік
Қасиеттері: Дұрыс әрекет, қиянат жасамау
Мұғалiм: Айбасова Сая Ертустиковна
Сынып: 4
Оқушылар саны: 5Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру;
Ана тілін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу. Ресурстар:
оқулық, дәптер, үнтаспа, қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына» атты үш үлкен қақпа
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу.
Тыныштық сәті: Орманға саяхат Баяу әуен
Үй тапсырмасын тексеру: 7 сабақтағы «Сахналаул»
Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз?
Қандай адам өз тілін өте құрметтейді деп ойлайсыңдар?
Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады? Дәйексөз: «Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім» С.Торайғыров
Мағынасын қалай түсінесіңдер?
Қандай ой түйдіңдер? Жаңа ақпарат. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету – әрбір азаматтың міндеті» Оқиға немесе әңгіме айту: Тапсырма .
«Ана тілің –арың бұл»деген сөзді түсіндіру. Дәптермен жұмыс Дәптердегі нақыл сөздерді оқып мағынасын түсініп алу және өмірде қолдану. Топпен ән айту. «Жүрегімнің бөлшегі» Музыкасы
Үй тапсырмасы: 8 сабақтағы «Мен елімді сүйемін» Соңғы тыныштық сәті. Оқушылар, бүгінгі сабақтан қандай ой түйдік, бір сәт ойланайық, осы түйгендерімізді жүрегімізге сақтап алайық.