Аяулы ана, ару б?лдіршін мерекелік сайыс



«Аяулы ана, ару бүлдіршін» атты мерекелік сайысы
Сайыстын мақсаты.
«Балаларды мейірімділікке,аналардың елеусіз еңбегін бағалай білуге,сүйіспеншілікті арттыруға,үлкендерге ізет,кішіге үлгі бола білуге үйрету.Бала бойына ізгілік,инабаттылық,бизалық сияқты қазақ баласына тән қасиеттерді қалыптастыру.
Тәрбиеші: Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Аналарға айтар лебізі
Армысыздар әжелерім, аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гул көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді «Айгөлек» тобының балалары
Әсем әуен ырғағымен әсем бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз. Аналарымызға әсем ән орындап,тақпақтарын айтып береді
Хор:Құттықтаймын,мама ,туған күніңмен! Барлық балалар орындайды.
Тақпақтар:
Каусар:Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың
Анаға айтар лебізі
Нүрлан.Әлемдегі ақылды адам
Бәрінен сол жақын маған
Ол жанымда жүрсе мен де
Батырларша батылданам.
Жанару: Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Карина: Бізді өсірген апатай,
Еңбегі де зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең
Нұрасыл: Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп мені,
«Құлыншағым, күнім»-дейтін.
Нурсая: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Диас: Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем апамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем әжемді
Жәнібек: Достықты біз ойлаймыз.
Бірге күліп ойнаймыз
Қыздарды құрметтеп,
Мерекесін тойлаймыз.
Нұрбол:Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді алам,
Ақылды болам.
Ұлпан: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамынмен құттықтаймын!
Ілияс: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Айшабибі:Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін
Інжу. Аялаған анашым,
Мен үшін сен дарасың.
Құтты болсын мерекең,
Құттықтаймын анашым.
Айхан: Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін.

Т.Каусар: Анашым анам, Баланың да тірегі,
Ыстықсың маған. Даланың да тірегі
Тәрбие бердің, Шаршамасын ешкашан
Аяулы анам. Аналардың жүрегі.
Айналайын анашым, Үн қатасың бал тілімен
Аялайсың, бағасың. Еркелеймін әр күн мен
Сен үшін анашым Құттықтаймын анашым
Ән шырқайық бәріміз Сегізінші наурызыңмен
Тәрбиеші: Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты тәрбиелейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ», -деп, аналарға деген құрметін білдіреді.
Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналады. Құрметті аналар, балаларыңыз сіздерге арнап әзірлеген гүлін, сыйлығын қабыл алыңыз.Аналар, әжелер, қадірлі қонақтар, қыздар, апайлар сіздерді Халықаралық әйел-қызлар мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге отбасылақ бақыт, дендеріңізге саулық, жүздеріңізден шаттық пен қуаныш кетпесін. Бүгін сіздерге арналған «Аяулы ана, ару бүлдіршін» атты сайысымызды тамашалаңыздар. Қазір осы сайыстың әділ қазылар алқасын сайлап алайық.Мектеп - директоры: Байдрахманова Ақмоншақ ЖумабекқызыОқу – ісінің орынбасары: Кожыкова Анар ДарменқызыТәрбие ісінің орынбасары: Қойбағарова Сымбат Жауынбайқызы  Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Кенжебаева Зура Балтабайқызы Ата-ана: Кенжебекова Рызакул Сайлауқызы Жүргізуші:Уа, халайық, халайық,Мұнда назар салайық.Мерекесі халықтың,Ана тойын бастайық,Осы тойға арналған,
«Аяулы ана, ару бүлдіршін» сайысын бастайық,Ал енді құрметті сайысқа қатысушылар мен қонақтар сіздерге сайыс ережесімен таныстырып өтейін.Сайыс 6 кезеңнен тұрады. І кезең: «Өзін-өзі таныстыру»ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (дайын қиылған ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.ІІІ кезең: «Сәнді киім, шаш үлгісі» Сән үлгі -2016IV кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, өлең т.б.) Өз шеберліктерін көрсету. V кезең: «Тапқыр, білгір, білімділер» (мақал-мәтел, жұмбақ шешуін табу, ситауциялық сұрақтарға жауап беру)VI кезең: Үй тапсырмасы.:
«Ас қадірін білмеген аштан өлер,Ат қадірін білмеген жаяу қалар»«Қонақ жайлық –ата дәстүріміз» -деп аталады. Аналар мен әсем бүлдіршіндеріміздің алтын қолдарымен жасалған мерекелік дсатарханға салат даярлау. (салатқа ат қойып жасалуы туралы түсінік беру керек)
Аналар мен әсем ару бүлдіршіндер ортаға шақырамызҚатысушылар: 1. Жанару мен Карина анасы Қаншайыммен бірге2. Кәусар анасы Құралаймен бірге3. Айшабибі анасы Алмагулмен бірге4. Ұлпан анасы Айгеріммен бірге.
5. Нұрсая анасы Мақпалменбірге
6, Інжу анасы Айткульмен бірге.
Ал енді алдағы номерлерді алайық реттік номерді біліп алайық.
Аналар мен әсем ару бүлдіршіндер ортаға шақырамыз.Әсем бүлдіршіндер сандықшадан номерлер алады. Жаны-сырлы, жанары таң ару қыздар,Сенімі – асқар, - Күндей сұлу ару қыздар,Сәуле шашқан өмірге нұр ару,Көрік болған көгімде жұлдыздар-ай,Бай болсын қыздарым ізгілікке,Қол соғып, қошеметпен қарсы аламыз.І кезең: «Өзін-өзі таныстыру» кезеңіне жол берейік. : 1. Жанару мен Карина Койшыгара2. Кәусар Кулсейт 3. Айшабибі Серикбай4. Ұлпан Бақытжан
5. Нұрсая Сандибек
6, Інжу НағашыбайІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (дайын қиылған ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.Қазақтың қол өнерімен жасалатын түс киізді жасап көрсетеді. «Жетелі өнер сүйіп еңбектенер, өмір жолы өшпестей өрнектелер» деп ару қыздарымызға тапсырманы орындауға рұқсат береміз. Ал, кәне арулар, іске сәт!Аналарға арналған ән айтады3 –шартымыз: «Сәндік киімдер» үлгісі. Ару қыздар – Ай көрік, қылығы – Күн.Сезбейсіңдер өздерің мұны бүгін.Сезбейсіңдер керемет, қыз тағдырдың сұлулығын,Күн шекті ұлылығым.Бүгін сендер құлпырған құндыз бәріңСерпіп, алға жалғайтын тік тағдырың.Ескеріңдер ертеңгі ел тағдырыСендердің қолдарыңда жер тағдыры – деп, арулар аты жөнімен ортаға шақырылады
1. Жанару мен Карина Койшыгара2. Кәусар Кулсейт 3. Айшабибі Серикбай4. Ұлпан Бақытжан
5. Нұрсая Сандибек
6, Інжу НағашыбайIV кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, өлең т.б.) Өз шеберліктерін көрсету. Ал кімнің өнері бар қаншалықтыБи билеп, ал біреуі ән салыптыБүгінгі мерекелік сайыста өнерін көрсетіп жан салыпты,- деп аналар мен әсем бүлдіршіндер өнерін тамашалайық. Аналарға арналған ән:5-шартымыз: «Тапқырлар, білгірлер, білімділер».Тыңдаңыздар халайық!Босқа қарап тұрмайықКезегі енді сайыстың Сұраққа жауап табайық!Аналар конверт таңдап, ішіндегі 2 сұраққа жауап береді және бір мақалдың жалғасын тауып,. айтады.
10 сұрақ:1. Көктемде алғаш ұшып келетін құс?2. Қазақтың тұңғыш күйші қызы кім?3. Қыз қандай болуы керек?4. Жеті атаны ата?5. Көктемнің алғашқы белгісін білдіретін гүл?6. Жеті қазынаны ата?7. Қазақ халқының оюлар түрін ата?8. Үш арсызды ата?9. Қазақтың ұлттық тағамының түрін ата?10. Сұлу әйелдің 3 түрін ата?Мақал – мәтелдер:- Үкісіз қыз болмас- Тексіз гүл болмас.- Қызды сөкпе – Тұзды төкпе.- Астың дәмін түз келтірер – ауыл сәнін қыз келтірер.- Қыздың аңқаулығынан сақта –Жігіттің жалқаулығынан сақта.Аналарға арналған жыр жолдарын топ ер балалары айтады6 шартымыз: Үй тапсырмасы«Ас қадірін білмеген аштан өлер, Ат қадірін білмеген жаяу қалар», демекші келесі сайысымыздың шарты «Қонақ жайлық – ата дәстүріміз» деп, аталады.Аналар мен қыздардың алтын қолдарымен жасалған мерекелік дастарханға салат даярлау. (Салатқа ат қойып жасалуы туралы түсінік беру керек).Аналарға арналған әсем бүлдіршіндердің мерекелік ән жолдаймыз. «Апам, үшін күнде де» Барлық бала бірге айтады. Ойын: «Анамызға көмектесеміз»Әділ қазы шешедіІстің ақ пен қарасынБүгінгі міне сайыстың Әділ берер бағасын – деп ал енді сөз кезегін төрешілерге береміз. Мадақтау. Сайыс осымен өз мәресіне жетті келіп қатысып тамашалағандарыңызға рахмет. Мереке құтты болсын! Құттықтау сөз кезегі өздеріңізде. 
1. Көктемде алғаш ұшып келетін құс?
2. Қазақтың тұңғыш күйші қызы кім?
3. Қыз қандай болуы керек?
4. Жеті атаны ата?
5. Көктемнің алғашқы белгісін білдіретін гүл?
6. Жеті қазынаны ата?
7. Қазақ халқының оюлар түрін ата?
8. Үш арсызды ата?
9. Қазақтың ұлттық тағамының түрін ата?
10. Сұлу әйелдің 3 түрін ата?
Мақал – мәтелдер:
- Үкісіз қыз болмас- ............................
- Қызды сөкпе – ..............................................
- Астың дәмін түз келтірер – ...................................................
- Қыздың аңқаулығынан сақта –..............................................
Қыз өссе елдің көркі -