Арда?тайы? ананы мектепке дейінгі ?йымдар?а


Тақырыбы: «Ардақтайық ананы!»
Мақсаты:8 Наурыз-әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі екендігін балаларға сезіндіру.Анаға деген мейірімділікті,сүйіспеншілікті арттыру.Ананың ең қымбат,асыл жан екенін ұғыну.Ананы құрметтей,сыйлай білуге тәрбиелеу.Әжелерге,аналарға,қыздарға деген құрметтерін көркем сөз арқылы жеткізу,оларға қуаныш сыйлау.
Тәрбиеші: Қош келіпсіз әжелер мен аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңа жауқазындай жайнаған
Шықты міне балғын шақты балалар.
(Ер балалар кіреді,флешмоб билейді.Қыздар кіреді би билейді.)
Тәрбиеші: -Армысыздар мейірімді әжелер!
Тәрбиеші:-Армысыздар аяулы аналар!
Мансур: -Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Барлығы: -Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тақпақтар
Мансур:
Мамаларды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеиіз.
Мерей: Май диә,диә мәмми,
Ай лав ю вери мач
Ай уонт ю ту би пәппи,
Он зе ейтс оф мач.
Би: «Шляпа» (Д.Адиль, Г.Алихан, Қ.Әділ,Е.Алихан)
Ән: «Анамның мерекесі»
Құстардың дыбысы естіледі,ортаға «Көктем» кіреді
Көктем: Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне тал еккенмін
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем
Шуағын төгіп әлемге
Жылуын күннің әкелгем.
Тәрбиеші: -Қош келдің көрікті көктем,төрлет,бізбен бірге бол!
Тақпақтар
Е.Алихан:
Ана біздің шуағымыз
Қатемізді кешірген
Ана біздің жыр әніміз
Мәпелеген өсірген.
Бекарыс:
Ана-көркі көгімнің
Ана-нұры жерімнің
Ана-бағы баланың
Мақтанышы елімнің.
(қызғалдақ туралы жұмбақ ата-анаға)
Жұмбақ:
Жомарт мынау табиғат
Өсіргендей бізге арнап
Кып-қызыл боп жалындап
Қырда өсер не........? (қызғалдақ)
Би: «Қызғалдақтар» (Айзара, Ақжібек, Айкөркем, Адина, Жасмин, Дильназ)
Ән: «Ән саламын анама!»
Тақпақтар:
Қ.Әділ:
Айналайын анашым,
Аялайсың бағасың
Мен үшін не керек
Бәрін іздеп табасың.
Д.Адиль:
Зат из е мазе
Ай әгри, ши из файн
Ю лав е мазе
Әнд ай лав майн.
(Әже туралы жұмбақ ата-аналарға)
Жұмбақ:
Аймалайды «күнім» деп
Мейірімді жүзі күлімдеп
«Тәтті-ақ»,- дейді немере
«Бал шырындай үнің» деп.
Бұл кім?! (әже)
Ән: «Әже»
Ойын: «Өз анаңды тап?!»(балалармен,ана туралы Қарақаттың әні қойылады)
Тақпақтар:
Ердаулет:
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай жақсы күлкісі.
Жангір:
Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді
Көп жасасын ақ мамам!
Жұмбақ:
Қыс пен көктемнің тоғысар шағында ауа-райы бұзылып, жауын-жауатын табиғаттың тылсым құбылысы, амалы болады. Қазақ халқы оны жақсылыққа деп тілейді.Бұл табиғат амалы қалай деп аталады?
(бес қонақ және құралай)
Тәрбиеші: Бес қонақ және құралай көктем мезгілінде болатын ауа-райының құбылмалы күндері.
Тәрбиеші: -Балалар, жауын жауғанда қалай қорғанамыз?
-Ендеше, аналарымызды қолшатыр ойынына шақырайық.
Ойын: «Қолшатыр» (аналарымен)
Би: «Банана мама» (Мансур, Ердаулет, Бекарыс, Жангір, Мерей, Қайсар)
Тақпақтар:
Г.Алихан:
Әлпештеген анасын,
Ана-бақыт, ана-күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Қайсар:
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөзі баланың
Анаға айтар лебізі.
Қайсар:
Моя мамочка родная
Я люблю тебя без края
С8 марта поздравляю
Счастье я тебе желаю.
(Гүл ,көбелек туралы жұмбақ жасыру ата-аналарға)
Жұмбақтар:
1.Өзі сондай нәзік
Су құйсаң кетеді
Алақанын жайып. (гүл)
2.Көлбең, көлбең етеді,
Гүлге ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады. (көбелек)
Би: «Көбелектер мен гүлдер»
Ойын: «Көбелектер гүлдерге қонады» (қыздармен)
Көктем: -Мен енді балалар,далаға,қалаға көктем шуағын шашайын!Сендердің бөбекжайларыңа өз шуағымды шаштым деп ойлаймын!Менің осы гүлдерімді өз аналарыңа тарту етіңдер!Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Әлемде өзгермейтін үш-ақ нәрсе бар.
Ол-күннің нұры!
Ол-сәбидің күлкісі!
Ол-ананың сүті!
Барлығы: -Аналарға мың алғыс!
Тәрбиеші: -Құрметті ата-аналар! Мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды.Мерекелеріңіз құтты болсын!
(Балалар сыйлықтарын аналарына береді)
СОҢЫ