Презентация Бала т?рбиесі-бізді? міндет


«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімнің «Солнышко» бөбекжай-бақшасы МКҚКГККП «Ясли – сад «Солнышко» отдела образования Сарыкольского района»Бала тәрбиесі-біздің міндетОрындаған тәрбиеші: Карпекова Багит КамияловнаЕкінші санатСарыкөл2017ж Бала тәрбиесі-біздің міндет Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.Тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері және заңдылықтары. Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) етіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады.Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.Сыртқы қарама-қайшылықтар:Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік. Тәрбиешінің талабымен балалардың тәртібінің арақатынасы. “Қазіргі заң талабына сай жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу,өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның , барша елдің халықтың міндеті” Н.Ә. Назарбаев. Балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет. Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып тәрбие беру, оны өмірге еңбекке даярлауда педогогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты , әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады. Тәрбие мазмұны- қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес балалардың меңгерген білімдері мен дағдылары, қасиеттері және белгілері, тұрақты мінез-кұлықтық әдеттері жүйесімен анықталады. Сондықтан тәрбие мазмұны қоғамдық тәжірибе, кұндылықтар, нормалар, идеялар, қабілеттіліктер, білік, дағдылар, мінез-құлықтық әдеттерді негіздейтін ғылыми фактілерден, ұғымдардан, қоғам, адам, табиғат жайлы теориялардан, яғни білімдерден тұрады. Тәрбие мазмұнын анықтауға әсер ететін идеялар1) тәрбие мақсатының нақтылығы; 2) балалар мен ересектердің біріккен іс-әрекеті; 3) өзін-өзі анықтау; 4) тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы; 5) еріктілігі;6) ұжымдық бағыттылығы Тұлғаньң жан-жақты және үйлесімді дамуы — бүл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбекпен политехникалық; эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы. Қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне мына идеяға жатады:1. Тәрбие мақсаттарының шынайы балуы. Бұл мақсатқа жетудің құралы - әр адамның мәдениет қоры негіздерін көрруі. Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі, яғни тұлганың "базалық мәдениеті" келіп шығады. Бүл өмірлік өзін-озі анықтау мәдениегті болып табылады, яғни, экономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениет, көркем өнер және отбасы қатынастар мәдениеті.2. Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті. Тәрбиеші жұмысының мазмұны балалар мен бірге рухани мәдениеттің жақсы үлгілерін, адамгершіліктік өнеге, іс-әрекет мәдениетін іздестіру арқылы өмір нормалары мен қылықтарын өндеуден құралады3. Өзін-өзі тану. Адамның сенімі, демократиялық көзқарасы, өмірлік позициясы арқылы тұлғаның толық қалыптасуы нақты тәрбиеде жобаланады. Тәрбие мазмұнындағы маңызды элемент —танымның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. Өмірлік өзіндік таным — бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді қамтитын өте кең ұғым. Өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті таныммды өз бақытының және өз өміріңің субъектісі ретінде сипатталады. Адамның өзіне-өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік өзіндік танымы қалыптасады. .4. Тәрбиенің түлгалық багыты. Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогикалық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың іске қызығушылығы, ыңғайы, өзіндік мінез-сипаты мен өз қадірін сезінуін дамыту керек. Төрбиеленушшердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай тәрбие ережесіне айналуы қажет. Бұл идеяларды жүзеге асыру тәрбие мазмұны мен әдіс-тәсілдерін жаңарта отырып, өмірге бағыттау мақсатымен байланысты мынадай әрекеттерді қамтидыа) барлық тұлға бірдей деп қараудан оларды жан-жақты дамыту бағытында ұйымдастыруға бет бұру; б) қатып қалған ережелерді жаттатудан әлемді тану мен түрлендіруге ұмтылдыру; в) өктемдік көрсетіп, өгейсітуден ізгілік пен ынтымақтастыққа қарай жүру.  Тәрбие мазмұны бойынша жүмыс ұйымдастыру мәселелеріАқыл-ой тәрбиесіҚұлықтылық Ақыл-ой тәрбиесіТұлғаның интеллектуалдық мәдениетін, танымдық мотивтерін, ақыл-ой күштері мен ойлауын, дүниетанымын қалыптастырумен біріктіре отырып дамытуға бағытталған педагогикалық іс-әрекет. Ақыл-ой тәрбиесін беру міндеттері оқыту және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асырылады. Оқытуда оқушының ақыл-ойын дамыту мақсатында психолог Л.Выготскийдің дамудың кол жеткізген деңгейіне емес, «таяу жатқан даму аймагына» бағдарлану қажет деген идеясына сүйене отырып, оқушыларға ересектер тарапынан көмек негізінде орындайтын тапсырмалармен катар, зерттеу сипатты, себеп-салдарлық байланысты қарастыратын, салыстыруды талап етететін тапсырмаларды да қолданудың маңызы зор.  Ақыл ой-қасиеттеріжылдамдығыанықтығысыншылдығыкеңдігішығармашылығытереңдігіикемділігі ҚулықтылықАдамның жекелеген мінез-құлқын реттейтін белгілері мен қасиеттерін анықтайтын тұлғалық сипаттамасы. Белгілі бір әдеттер, құлықтық ережелер жиынтығы мораль деп аталады. Адамның моральды қабылдауы мен меңгеруі, өзінің сенімдері мен мінез-құлқын қаншалықты қолданылып жүрген моральдық нормалар мен принциптерге сәйкестендіруіне қарай адамның құлықтылық деңгейі жайлы айтуға болады. Адамның мінез-құлқын сипаттайтын құлықтық категорияларміндетәділдікабыройбақыт ҚорытындыАқын Мағжан Жұмабаев айтқан, дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесiне көңіл бөлсек, шын адамды тәрбиелейтініміз анық. Ендеше,  «балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын...» Сондықтан тәрбие көрмеген ұрпақтың болашағыда бұлынғыр. Назарларыңызға рахмет