?аза? тілі п?ніне арнал?ан саба? жоспары С?йлеу м?дениеті


Қазақ тілі
Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті .Жаттығулар орындау.
Мақсаты:
Білімділік:Сөйлеу мәдениеті туралы 1-сыныпта алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау.
Дамытушылық:Сөздік қорларын дамыту
Тәрбиелік: Сәлемдесу үлгілерін үйрете отырып ,үлкендермен дұрыс сәлемдесе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:қайталау
Сабақтың түрі:жарыс
Көрнекілігі: суреттер,дидактикалық материалдар,кестелер.
Әдісі: Сұрақ-жауап, іздену
Күтілетін болжам:сөйлеу мәдениеті туралы ұғымы бар жеке тұлға.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: өткенді еске түсіру, дыбыс және әріп,сөз және сөйлем
ІІІ. Оқулықпен жұмыс:
Жаттығу,суреттермен жұмыс,оқу талдау. Сөздік жұмыс жүргізу.
9-жаттығу.
Сәлемдесу үлгілерін оқы.
-Ата мен баланың амандасуы.
-Әже мен баланың амандасуы.
-Сәлемдесу үшін айтылатын сөзді көшіріп жаз.
-Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөз білесің?
10-жаттығу
Оқы.Өзің үлкендермен қалай сәлемдесесің?Қалай қоштасасың?
-Өз құрбыларыңмен ше?
Сол туралы әңгімеле.
Сергіту сәті.
ІҮ. Бекіту.
12-жаттығу
Жұмбақты оқып шешуін тап.
Он көзі бар өзінде,
Он цифр бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың.
Телефон
б) Ойын «Кім тапқыр»
13-жаттығу
Сөйлесу мәнерінің қайсысы дұрыс.
Дұрыс үлгіні дәптеріңе көшіріп жаз.
14-жаттығу
Берілген жауаптардың қайсысы дұрыс екенін дәлелде.Сенің үйіңе бөгде біреу нөмірден қателесіп телефон соқса ,сен оған қалай жауап берер едің.
Ү. Үйге тапсырма:5- жаттығу